Ұйымдастырылған оқу қызметі тақырыбы: «Ақмола-Астана»

Қостанай ауданы затобол кенті әкімдігінің аппараты ММ «Гүлдер»

бөбекжай –бақшасы КМҚК

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұйымдастырылған оқу қызметі

тақырыбы:

 

«Ақмола-Астана»

 

 

 

 

 

 

 

Тәрбиеші: Бохай Р

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Затобол кенті

Білім беру саласы: «Коммуникация-сөйлеуді дамыту»                                   «Әлеуметтік – Қоршаған орта»                                                                                                                       Тақырыбы:  «Ақмола -Астана»

Мақсаты: Қазақстан тарихында Ақмола-Астана болғаны туралы түсініктерін кеңейту. Бұрынғы Ақмола мен қазіргі Астананың бейнесін салыстыру. Астананың мәдени орындары мен өркениеті жерлерін (Көрікті жерлерін) айтып, адамдардың қандай еңбектерімен келгені туралы түсініктерін қалыптастыру. Балалардың бойындағы еліне-жеріне  деген қызығушылықтарын арттыру.

Педагогикалық технологиялар:     Суреттер, көрнекілік құралдар, призентация

Көрнекіліктер: Үлестірмелі суреттер.                                                                                Ресурстармен қамтамасыз ету: АКТ суреттер                                                                       Алдын ала жұмыстар: көрсету, түсіндіру тақпақтар жаттату                                   Билингвалдық компоненті:  Ескі қала-     көрікті Астана-                                                         Әдіс тәсілдер: Слайд бойынша бұрынғы Ақмола туралы айтып түсіндіру.                          1. Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:  әңгімелеу

-Республикамыздың Астанасы қалай аталады?

-Кім Астанаға барып көрді?

-Астанада қандай ғимараттар орналасқан?

-Астананың туған күні болатынын білесіңдер ме?

Негізгі бөлім «Ақмола-Астана» призентация көрсету

Балалар Астана бұрын Ақмола қаласы болған. (балалардың назарын слайдқа аудару)

Балалар кәзіргі Астанада осындай ғимараттар бар ма?

-Ақмола болған кезде қандай болған екен?

-Сол ексі қаланы қалай жаңартқан, Ол кімдердің еңбегі деп ойлайсыңдар?

Дұрыс адамдардың еңбегі және Ел басқарған ағалардың еңбегі. Қолындағы суреттер туралы бір сөйлем құрастырып айту

Өлең оқу «Астана»

Астанамның төрінде

Сарыарқаның өрінде.

Ту ұстаған Астанам,

Әсем қалам бас қалам.

өлеңде не туралы жазылған?

«Астанам- арман қалам» фильм көрсету

Балалар Ақмола –Астана қалай өзгеріпті?

Қандай үлкен ғимарататары бар?

-Үлкен қазақ мешіті қалай аталады екен?

-Бәйтерек, Ханшатыр, ЭКСПО, т.б мәдени орындар несімен көрікті?

-Қандай өзен бар?

Есіл өзенінің жағалауында нелер бар?

Балалар міне біздің бұрынғы  Ақмола қаламыз-Еліміздің Астанысы болып, сәулетті өзгергенін көріп тұрмыз. Қандай қуанышты.

Сендер осындай Астанамыздың бар екеніне қуанысыңдар ма?

Дәптермен жұмыс: «Астана – ғимараттары» белгілеу

Қортынды: Балалар бұрын Астанамыз қандай қала болған?

Кәзіргі Астана қалай өзгерген, немен көрікті?

өзені қалай аталады?

Сендер отанымыздың сүйікті Астанасы өркендеп жатқанына қуансыңдар ма?