Менің мектепке баратын жолым. Т дыбысы мен әрпі.

                                        

Ортақ тақырып:Менің мектебім

Сабақ: Менің мектепке баратын жолым. Т дыбысы мен әрпі.

Мектеп: Үлгілі о/м
Күні:23.10.2018ж Мұғалімнің аты: Жәмішжанова Перизат Қуанышбекқызы
Сынып: 1 сынып Қатысқандар: 26 Қатыспағандар:

 

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары 1.8 Берілген тапсырмаларды орындау

1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту

1.3.8.1 Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу.

 

Сабақ мақсаттары

 

Барлық оқушылар орындай алады:
-Барлығы:Т дыбысы мен әрпін түсіндіреді.

Көбі:Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.

Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
-Жиі кездесетін сөздерді тұтас оқиды.

-Сөздерді түсініп, мағынасын ажыратады,мысал келтіреді.

Кейбір оқушылар орындай алады:
-Ой ұшқырлығын иллюстрация арқылы болжам жасайды.
Бағалау критерийлері

 

1. Мәтінде кім (не)   туралы айтылғынын анықтайды.

2.Әріпті таниды ,ажыратады,және дыбыспен сәйкестендіреді.

3. Буындап оқиды,жиі кездесетін сөздерді тұтас оқиды,сөздерді түсінеді.

4.Ой ұшқырлығын иллюстрация арқылы болжайды.

5.Жазу жолын дұрыс сақтап,әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазады.

Тілдік мақсат 2.9 Дыбыс пен әріпті тану және ажырату.

2.1 Оқу түрлерін қолдану.

1.4 Оқиғаны болжау.

3.8 Каллиграфиялық, графикалық нормаларды сақтау.

Түйінді сөздер мен сөз тіркестері:
Талқылауға арналған сұрақтар:

1.Дыбыстар нешеге бөлінеді?                                                                                             2.Дауысты , дауыссыз дыбыстардың ерекшелігі қандай?                                                         3. Т қандай дыбыс?                                                                                                                         4. Тай, мектеп сөздерінде т әрпі қай буында кездеседі?                                                                    5. Т әрпінен басталатын сөздерді атау.

Ишара: қызыл түс – түсінбедім, сары түс – көмек керек, жасыл түс – тамаша
Алдынғы оқу: Менің мектепке баратын жолым. Оо дыбысы мен әрпі

 

Басы

 

 

Психологиялық ахуал

Өсеміз біз күліп – ойнап,

Он саусақтың саласындай,

Өсеміз біз күліп — ойнап

Бір адамның баласындай

 

 
Ортасы

 

 

 

Жұмбақ

№1 Тыңдалым.

Жұмбақ шешу.
Иір-иір денесі,
Сахараның кемесі.
Ащы шөптер тамағы,
Шөлге шыдап бағады.
-Ол не?
-Түйе
-Түйе дегенде қандай дыбыс бірініші естіледі?
-Т дыбысы
Т дыбысымен таныстыру, әндетіп айттыру, ауада жазу.

Т әрпінен келетін сөздер айттыру.

Баспа,жазба түрімен таныстыру.                                                                                   Тт дыбысы сөз басында,сөз ортасында,сөз соңында да кездеседі.

Тіл ұстарту жаттығуы:

Та – та –та
Жібек жүнді бота
Он – он – он
Тері жүнді тон
Та – та- та
Ақсақалды ата

Бүгін бізге жол дорба қонаққа келіпті.Жол дорба бізге қандай сыйлық ала келіпті.Мен сендерге жол дорбаның әкелген ертегісін оқып берейін.Ерте — ерте, ертеде орманның ішінде бір құс өмір сүріпті. Ол таңның атысы, күннің батысы ағаштарды тұмсығымен шоқып, тоқылдатумен болыпты. Қатты дыбыстан мең — зең болып бастары ауырған ормандағы аңдар мен ағаштар құсты орманнан қуып жіберіпті. Құс кетіп, біраз күн өткен соң ормандағы ағаштардың жапырақтары қурап, бұтақтары сынып, діңдеріне құрт — құмырсқа түсіп, шіри бастайды. Құрт ауруына шалдыққан ағаштар күні — түні көмек сұрап, зарлай береді екен.Олар ол құстың қалай аталатынын білмепті.

-Балалар, ағаштарға сендердің көмектескілерің келе ме?-Орман емшісі қалай аталады екен?

«Ой қозғау»әдісі бойынша Тт дыбысы мен әрпі туралы жетелеуші сұрақтар қоямын.

1.Тоқылдақ сөзі қай дыбыстан басталып тұр?

-Тт әрпін көрсету (баспа,жазба түрі)

-Тт дыбысын айтып көрейік

Дыбыстарды жеке дыбыстау барысында айнаға қарап сөйлеу аппаратының (ауыз қуысы мүшелерінің) қозғалысын  бақылату, қорытынды жасату.

Әртүрлі ресурстарды пайдаланып жазу(ермексаз,таяқша,манка)-Т әрпі екі элементтен тұрады

2. Осы дыбыстан келетін қандай сөздерді білесіңдер?

3.Т дыбысы дауысты дыбыс па,дауыссыз дыбыс па?

4.Неліктен дауыссыз дыбыс ?

5.Сөз неден құралады?

6.Буын неден құралады?

7.Дыбыстық талдау жасау.

Дескриптор:                                                                                               1.Т дыбысы мен әрпін таниды                                                                 2.Оның дауыссыз екенін ажыратады.                                                             3. Түйе сөзіне дыбыстық талдау жасайды.  

Ойын:»Сиқырлы таяқша»
Т әрпінен басталатын сөздер айтып,балалар бір-біріне сиқырлы таяқшаны береді.Ол бір сөз айтып,келесі балаға береді.Ойын осы ретпен жалғаса береді.

.

                                 2-тапсырма                                                                                                 Мәтінді мұхият тыңдау,мәтін мазмұнын түсіну.Мазмұнына байланысты түсіндірме жұмыстар жүргізу.

2. Тыңда. Оқулықпен жұмыс

— Әли, мен бүгін мектепке барар жолда жасырынған сөздерді таптым.

— Жасырынған сөздер?! Қалай таптың? Қандай сөздер?

— Оны менің жол бағыты сызбамнан байқай аласың.

Топтық жұмыс: «Ойлан, ізден, бөліс!» суретпен жұмыс

Дескриптор :                                                                                               1. Суретте қай әріп жасырылғанын табады.                                   2.Әріптен сөз құрастырады.

Сергіту сәті  

«Сиқырлы қаламсап» ойыны                                                     Дәптерімізді ашайық ,                                                                         Қолға қалам алайық                                                                             Салақтықтан қашайық                                                                                   Әдемі етіп жазайық.                                                                                Тт әрпінен кездесетін сөздерді қатесіз әрі көркем етіп жазу

ТТТТТТ         ттттттт

Дескриптор:                                                                                                     1. Каллиграфиялық нормаларды сақтайды.                                          2.Сауатты жазады.

 

 

 

 

 

 

Оқулық ,бейне-таспа

 

 

 

 

 

 

Оқулық

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқулық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқулық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дәптер

Соңы

 

 

 

«Бағдаршам» арқылы бүгінгі сабақ туралы пікірлеріңді білдіріңдер. Кері байланыс

парақша

 

 

Саралау-оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Қабілетті оқушыға тапсырманы

қалай түрлендіресіз?

Барлық оқушы:Суретпен жұмыс

Оқушылардың көпшілігі: «Жалғастыру »ойыны

Кейбір оқушылар:

«Ойлан ,тап» ойыны

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

 

 

 

 

 

Басбармақ,

бағалау парақшасы

Пәнаралық байланыс –

музыка, дүниетану

АКТмен байланыс.

 

Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі)

Мектеп шеберханасын ұқыпты ұстау.

Мектептің ережесін сақтау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бағалау парағы

 

Критерий

 

Дескриптор балл
1. Мәтінде кім (не)   туралы айтылғынын анықтайды. 1. Мәтінде кім (не )туралы айтылғанын   табады.

2.Мәтіндегі кейіпкерді атайды.

 
2.Әріпті таниды ,ажыратады,және дыбыспен сәйкестендіреді.

 

1.Т дыбысы мен әрпін таниды.

2.Оның дауыссыз екенін ажыратады.

3. Түйе, Тоқылдақ сөзіне дыбыстық талдау жасайды.

 
4.Ой ұшқырлығын иллюстрация арқылы болжайды.

 

1. Иллюстрация бойынша болжайды.

2. Шыққан сөзге дыбыстық талдау жасайды.

 
5.Жазу жолын дұрыс сақтап,әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай   жазады. 1. Каллиграфиялық нормаларды сақтайды.

2.Сауатты жазады.

 

 

Жалпы балл