«Біз таланттылар іздейміз»

«Біз таланттылар іздейміз»

Мақсаты:

Оқушыларды өз бетінше ізденуге, ойларын еркін жеткізе білуге үйрету.Ой-өрісін,тілін, ойлау қабілетін дамыту. Шығармашыл белсенді тұлға тәрбиелеу

     І — жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, және көрермен қауымы! Қосымша білім беру орталығына «Біз таланттылар іздейміз» сайысымызға тамашалауға келіп отырсыздар. Қош келдіңіздер.
 І жүргізуші:

Ойын толқын, айналған қатты ағысқа,

Табылғандай танымда, жат дауыста.

Біреу озып келеді қатарынан,

Біреу қалып жатады асығыста.

Ойын толқын жатқанда асып, тасып,

Біреу мығым, біреулер шалыс басып.

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,

Жеңсе де, жеңілсе де қалма жасып. /Сайысымызды бастамас бұрын

Әділқазы алқасына бір сәлем!
Әділдікке бас иеді күллі әлем!
Жүйрік озар сайыстарда неше бір.
Сарапқа сап әділдікпен шеше біл!
Сайыстың әділ бағасын беретін, әділқазы алқасымен таныс болыңыздар.
1.

2 .

 3 .
І жүргізуші:
Біздерде ойын — сауық басталады,
Тамаша күй тартылып, ән салады.
Қошеметтеп, қол соғып отыралық,
Ұмытарсыз күні бойғы шаршағанды.

ІІ жүргізуші:
Мына отырған халық та — демекші бүгінгі клубшілік сайысымызға өз өнерлерін көрсететін  топтарды ортаға шақырамыз.

І жүргізуші:

«Өнерлі өрге жүзер» дейді халқым,
Өнерлі болсаң егер бұл да бір сын.
Қане жұртым көрелік өнерлерін,
Қағып таңдай, тамсанып, десіп шіркін

І жүргізуші: Сонымен, сайысымыз 4кезеңнен тұрады:
1) «Ең үздік әнші». ( жеке дауыста ән салу)

2) «Ең үздік биші». (жеке немесе топпен  би билеу)

3) «Ең үздік жүргізуші» (жүргізушілік қабілетін көрсету)
4) «Ең үздік әзіл әлемі»
(       Жайдарман  )

І жүргізуші:

Ең алдымен сайысқа қатысушылар топтары мен  танысып өтейік.
1 «  Лепіс  » тобы
2 «  Жұлдызай   » тобы
3 «      Бетлис  » тобы

Білген сайын келеді біле бергім,
Біле беру емес пе тілегі елдің

Өнеріңді ортаға сал, сайысқа.
Бүгін осы сайыста жеңіске жет,
-деп сайысымыздың 1-кезеңін  бастаймыз.
І-кезең.“Ең үздік әнші

Әдемі сенде әуен бар  сезіңгенге

Менің де оны ұқпаған кезімде ме!

Үніңе құлақ тосам құлап түсіп

Тірліктің у-шуынан безінгенде.
Бұл сайыста әр топқа 1 өлеңнен айтып шығады. Әр өлең  5 ұпаймен есептеледі.
Сонымен, топтарға сәттілік тілей отыра, сайысымызды бастаймыз.

 

1.Қапар Дильназ

 

2.Хамитбекова Сабина

 

3.Ахметжан Мерей

ІІ-кезең «Ең үздік биші»
. Ал құрметті қонақтар,
Ортаға назар салыңдар.
Бишілер шығып келеді,
Қол соғып қарсы алыңдар.дей келе: топтарға кезекті берейік

 

Келесі кезеңіміз- «Ең үздік жүргізуші»

Естідім де сөзін ана тілімнің,

Бойым жылып лезде мен тірілдім.

Балгер де емес, дәрігер де емес емдейтін,

Тек өзімнің тілім екен сөйлейтін. Дей келе топтарға жүргізушілік қабілетін көрсетуге  сөз кезектерін береміз.

ІҮ-кезең «Ең үздік әзіл әлемі», екі әзілден қойылым көрсетіледі.

 

Достарым, түсініңдер сөздің нарқын,
Әр кезде бола берсін жүздер жарқын.
Мәңгілік жоғарылап жұлдыздарың,
Бақытқа бөлеңдерші қазақ халқын,— дей отырып, ендігі сөз кезегін
әділқазылар алқасына береміз.
І-жүргізуші:

«Қош» демейміз, әлі талай сайыстар бар,

Өнерлерің шыңдай берсін, қалыспаңдар.

Көрерменім көбейсін күннен –күнге,

Келе берсін қонақтар ғарыштан да.

Осымен кешіміз өз мәресіне жетті, келесі кездескенше аман-сау болайық!