«C» дыбысын дұрыс айтуға машықтандыру

Тақырыбы: «C» дыбысын дұрыс айтуға машықтандыру.
Мақсаты: «C» дыбысын буында қайталап сөзде
анық айтуға машықтандыру. «С» дыбысын буын, сөз ішінде дұрыс ажырата білуге үйрету. Фонематикалық қабылдауын дамыту, ойын тапсырмалар арқылы ойлау, есте сақтау
қабілеттерін дамыту.
Сабақтың түрі: Жеке
Көрнекілігі: «С» дыбысының артикуляциясы, артикуляциялық жаттығулар                                        І.Ұйымдастыру бөлімі:
Оқушыларды сабаққа дайындау.
Артикуляцияны дамыту жаттығулары
1.Ұртын үрлеу.    2.Ернін созу «у», «о»  3.Жымияды » и»   4.Қасын көтеру «Ой» (таң қалу)
5. Көзін қатты жұму   6.Дем алу және тыныс шығару: са – со – су — сы.
Қай әріп екенін айтыңдар.
Сауысқанды, сәбізді
Сарымсақты, сағызды
Бастап тұрған қай әріп? «С»
Қыста бар, Сарада бар,
Жазда жоқ Шарада жоқ
Түсте бар, Сақанда бар
Кеште жоқ «С» Шоқанда жоқ «С»
«С дыбысының артикуяциясы»
• Ерін жымиып тұрады;
• Тістердің арасы шамамен 1 мм ашық;
• Тілдің ұшы төменгі тістерге тірліп тұрады;
• Тілдің ортасы көтеріңкі, ортасында
жырашық болады, сонымен ауа жолы шығады.
• Тілдің бүйір жақтаулары жоғарғы азу
тістерге тиіп тұрады;
• Жұмсақ таңдай көтеріліп, мұрынға баратын ауа жолын жабады, дыбыс перделері ашылады;
Артикуляциялық жаттығулар
«Кесе», «Сағат», «Саңырау құлақтарды», «Тәтті шырын»,
«Ат шауып келеді»
«С» дыбысын дұрыс айт, анық айт.                                                                                                        Са – со – су – сы
Со – су – са — сы
Сұ – со – са – сы
Аса асы Усу осы
Осо асу Ысы ұсы
«Сы» буынын қосып сөзді аяқта.
Дыб ….ыс          ту….ыс
Айт ….ыс           қу….ыс
Жар …..ыс         ал ….ыс
Жұмбақ шешеміз ІІІ вагон
Сыртылдайды күнімен,
Сыртылдайды түнімен.
Білгің келсе уақытты,
Көрсетеді тілімен. Сағат
Мұрны пұшық,
Көзі қысық,
Өзі пысық
Бұл не? Мысық
«С» дыбысы бар аңдар: қасқыр, арыстан, жолбарыс
«С» дыбысы бар кісі аттары: Сымбат, Самат, Асылай, Қасым
Мына жануарлар не жиді?
V Вагон
Сөздерді көпше түрде айт
Құс –құстар
Сабақ – сабақтар
Ыдыс – ыдыстар
Қасқыр-қасқырлар
Сона-соналар
Дәптермен жұмыс
Мына сөздерге «С» дыбысын қойып оқы.
С + ай = сай
С + ана = сана
С + ұлу = сұлу
С + ара = Сара
Қарамен белгіленген сөздерге «С» дыбысын қойып оқы.
ҚЫМБАТ -1, ЖАБЫН — 1, ТОҚТЫ -1, ҚАТЫҚ- 3, ЖУАН- 4, ТАРЫ — 1
АЛАТАУ, АУДАН – сөздердің ішінен қарамен жазылған буынмен, дыбысты алып сөздің басына С дыбысын қойып оқы.
Қандай қалаға келді Астана (Бәйтеректің суреті) шығады.
Қол саусақтарына арналған жаттығулар:
«Көзілдірік», «Қайшы», «Қоян» — тақпақты бірге қайталау.
Қорытынды: Бүгінгі өткен сабағымызды қорытындылаймыз.
Есіңе сақта!
Апта деген ағайдың
Жеті бірдей ұлы бар:
Бірінші – Дүйсенбі,
Екінші – Сейсенбі,
Үшінші – Сәрсенбі,
Төртінші – Бейсенбі,
Жұма деген бесінші ұл
Алтыншы ұл — ол Сенбі
Жетінші – Жексенбі.
[С] дыбысы бар жануарларды көрсет Слайд
[С] дыбысы бар ыдыстарды көрсет Слайд
Суреттерді ата
«С дыбысы сөздің қай жерде» Слайд
Үйге тапсырма.
Жаңылтпаш жаттау
1. Асан массаж жасар,
Массаж жасап шаршар.
2. Биыл жазда маса аз,
Маса азда,
Маза аз.