Ұстаз аты биік әрі мәңгілік

Тақырыбы: Ұстаз аты биік әрі мәңгілік

Мақсаты: Ұстаз еңбегінің жемісі, білім өмір шырағы, оқу — инемен құдық қазғандай деген ұғымдардың мағынасын оқушыларға түсіндіру.

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» Абай.
«Өнер — білім бәрі де оқуменен табылған» Ы.Алтынсарин.
«Барлық істің басшысы — білім мен ұғым» Ж.Баласағұни.
Адамның адамшылдығы… жақсы ұстаздан болады. Абай Құнанбаев

Маған мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі.
Ыбырай Алтынсарин

Егер мұғалім өз бойына іс пен шәкірттеріне деген сүйіспеншілікті біріктірген болса, ол – кемел ұстаз. К.Д.Ушинский

Ұстаз болу — өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау.
Ж.Ж.Руссо

Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер – ол даналықты жүректен ұға білу болып табылады.

1- жүргізуші.
Бүгін бізде үлкен мереке. Бүгін ұстаздар қауымының төл мерекесі. Олай болса бүгінгі күн ұстаздарға арналмақ. Ұстаз — ұлағатты есім. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді.
Ақырын жүріп анық бас.
Еңбегің кетпес далаға
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға, – деп Абай атамыз айтқандай, шәкірттерінің өзінен озғанынқалаған ұстаздар қауымы, мерекелеріңіз құтты болсын!

II жүргізуші: Денсаулықтарыңыз мықты болсын, шаңырақтарыңыз шаттыққа толсын, біздей шәкірттеріңіз көп болсын!

Хор: Ұстазым

1-Жүргізуші:
Ендеше, Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,
Көңілді күндер тусын алдан әлі
Ән-шашу әсем әуен, түрлі өнер,
Бүгінгі күн сіздерге арналады.

2-жүргізуші.

Күллі өмірін жеткіншекке арнаған
Мұғалімді ардақтайды барша жан
Ол мектептен шықпаса да қыс — жазы,
Жемісі оның жердің жүзін шарлаған
1- жүргізуші

Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!
Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.
Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,
Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.

2-Жүргізуші: Біз Ұстаз туралы қанша мақтау сөз айтсақ та тауыса алмаспыз. Ендеше, қымбатты ұстаздар, шәкірттеріңіздің өздеріңізге арналған өлең-шумақтарына кезек берелік.
1-оқушы:
Әр сабағың өтіп жатыр білінбей,
Перне басқан оркестрдің үніндей
Әр баланың жүрегіне жол тауып,
Тұрасың сен, дирижер боп күлімдей.
2-оқушы
Жалын атып, от боп, бірге жанасың,
Білім беріп, содан бақыт табасың
Бар өмірің өрнектеліп баламен,
Жасарып бір мәңгі жас боп қаласың.

3-оқушы: Мұғалімді анамдай жақсы көрем,
Қиналамын қымбат теңеу таба алмай
Өз баласын тастап кетіп үйіне,
Ел баласын оқытады, ой Алла-ай.
Мұғалімді жақсы көрем сезімтал,
Үлгі етемін өнегелі сөзін бал
Мұғалімнің мұғалімін танимын,
Көкіректе көретұғын көзім бар.

4-оқушы: Ұстаздарға мың алғыс
Алғыстарым көп менің,
Асыл анам, мектебім!
Үйреткені адалдық,
Ұсынғаны адамдық,
Текті мінез, даналық
Бар ұстазға тілейміз:
Бақыт, табыс, амандық!

Хор: «Ұстазым!»

 

Қорытынды.

Ұстаз болу – өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау.

Ұстазға қарап, шәкірт өседі.

Аспаз көрген ас таныр, ұстаз көрген хат таныр.

Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла.

Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы

 

.Кімде-кім халқынан алмаса тәлім,
Оны үйрете алмас ешбір мұғалім.

«Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет».
Адамды тәрбиелеу – демек оның ертеңгі қуанышқа ие болатын келешек жолын тәрбиелеу.

«Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанмен – тарихтағы ең ұлы істің бірі»
Бiр әрiп үйреткенге 40 жыл сәлем бер.
Ұстаз – анаңдай ұлы.
Ұстаз ұстаз емес өз шәкiртi ұшiн күймесе,шәкiрт шәкiрт емес өз ұстазын сүймесе.
.Ана мейiрiмiмен ұстаз мейiрiмi егiз.
.Мектеп –кеме,бiлiм – теңiз. Барар жерге тез жетемiз.
Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздар сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.