Дала өсімдіктері. Омоним сөздер

Мектеп № 7 Сабақ тақырыбы: Дала өсімдіктері.Омоним сөздер
Күні: Мұғалім:
Сынып: 5 Қатысқандар саны- Қатыспағандар саны-
Сабақ негізделген оқу мақсаты Дала өсімдіктерімен, омоним сөздермен танысу
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар:

*дала өсімдіктерін атайды;

*омоним сөздердің анықтамасын меңгереді.

Оқушылардың басым бөлігі:

*күрделі өсімдік атауларының жасалуын ажыратады;

* омоним сөздерге мысал келтіреді.

Кейбір оқушылар:

*жаңа тақырыпты түсіндіреді;

*омоним сөздерді қатыстырып, сөйлем құрайды.

Алдыңғы тақырып Бозторғай. Көп мағыналы сөздер
ЖОСПАР
Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығулар
Басталуы

15 мин.

Оқушылармен сәлемдесемін. Өсімдік атаулары бойынша оқушыларды 2 топқа бөлемін.

Үй тапсырмасын сұрау

1. «Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман» сөзінің мәнін ашу

2.Көп мағыналы сөздерге 3 мысал жазу

Әр топтан 1 оқушыдан сұралады.

Ойқозғау бейнеролик «Дала өсімдіктері»

-Өлең қандай тақырыпта жазылған?

-Өлең ішінде неше өсімдік атауы берілген? (51)

-Авторы кім?

Жаңа сабақ. Д.D. Дала өсімдіктері. Омоним сөздер

Мұғалім қосымша мәлімет береді.Слайдпен таныстырады.

Ілияс Жансүгіровтің «Жетісу суреттеріндегі» «Жер түгі» деп аталатын небәрі 54 жолдық өлеңінде 30 түрлі ағаш, 60-қа жуық шөп пен қурай, бәрі 90 түрлі өсімдік атаулары кездеседі.

Нұргүл апай

Дарынды оқушымен жұмыс. Омонимді слайдпен түсіндіреді.

Ортасы

20 мин.

Топтық жұмыс. №20 аудионы тыңдату

І топ:

а) Мәтін мазмұны бойынша дұрыс жауаптың астын сыз.

ә)Мәтін мазмұнын ашатын тақырыпты таңдаңдар.

ІІ топ:

 а) Артық сөз тіркесін табыңдар.

ә)Қарамен берілген сөздердің қандай мағынада қолданылғанын көрсетіңдер.

Тақтамен  жұмыс.

Сөйлемдерден омонимдерді тауып, қандай мағынада қолданылғанын көрсетіңдер.

Бұл жерде сыбызғы, қарақияқ, қызғалдақ көп.

Маған сыбызғыда орындаған күй қатты ұнайды.

Ат құлағы тік, яғни шекесінің үстінде қалқиып тұрады.

Шарбаққа атқұлақ, шырмауық қаптап кетіпті.

Балаларға арналған басылым- Балдырған.

Балдырған жаз ортасында гүлдейді.

«Балауса» сөзі қатысқан қандай әнді есіңе түсірер едің?

Аяқталуы

5 мин.

Кері байланыс. «Чемодан, қоқыс жәшігі, еттартқыш» әдісі арқылы оқушылар бүгінгі сабақтан өзімен әкететін мәліметті, қажетсіз мәліметті және түсінбеген мәліметті жазады.

Үйге тапсырма: 6-жаттығу. Мақал-мәтелдерден омоним болатын сөздерді теріп жазу.

7-жаттығу. Ребусты шешіп, жасырынған сөздің мағынасын ашу.

                           Жер түгі

Тауқонақ, шәйшөп, маңқа, құлынембес,
Сүттіген, еңлік мүйіз, киізкиік.
Ақшалғын, көкемарал, бетеге, раң,
Жапырақтеңге, бұйра, қисық, иық.

Балдырған, у қорғасын, атқұлақты,
Елік жүр сонысында соны қиып.
Желкеуір, бәрпі, шырыш, шытыр,
Сауыны биемшектің кеп тұр иіп.

Мыңтамыр, жуа, рауаш, жаужапырақ,
Балауса, сорғыш, селдір, ермен, бақбақ.
Сыбызғы, жалбыз, құлмақ, қарақияқ,
Шоңайна, меңдуана, сора, шақпақ.

Ішінде сол қурайдың сұлу болар
Шырмауық, кендір, қылша, жыланқияқ.
Қанжыға, қоға, сасық, аққой болып
Бөлінеді жуалар мен таусарымсақ

                                                                   І. Жансүгіров

Топтық жұмыс. №20 аудионы тыңдату

І топ:

а) Мәтін мазмұны бойынша дұрыс жауаптың астын сыз.

1.Дермене жусаны – шөптесін/ бұталы/ жартылай бұталы өсімдік.

2.Алдымен дермененің гүлін/ жапырақтарын/ сабағын жинайды

3.Дермене жусанының тұнбасы асқазан мен ішек бездерінің қызметін жақсартады/бас ауруын емдейді.

ә)Мәтін мазмұнын ашатын тақырыпты таңдаңдар.

1.Дермене жусанының гүлі.

2.Дермене атауының шығу тарихы.

3.Дермене жусаны- дәрілік өсімдік.

4.Дермене жусанының шипалық қасиеттері.

Тақтамен  жұмыс.

Сөйлемдерден омонимдерді тауып, қандай мағынада қолданылғанын көрсетіңдер.Өзіңе ұнаған 1 сөйлемді сөйлем мүшесіне талда.

Бұл жерде сыбызғы, қарақияқ, қызғалдақ көп.

Маған сыбызғыда орындаған күй қатты ұнайды.

Ат құлағы тік, яғни шекесінің үстінде қалқиып тұрады.

Шарбаққа атқұлақ, шырмауық қаптап кетіпті.

Балаларға арналған басылым- Балдырған.

Балдырған жаз ортасында гүлдейді.

«Балауса» сөзі қатысқан қандай әнді есіңе түсірер едің

Жер түгі

Тауқонақ, шәйшөп, маңқа, құлынембес,
Сүттіген, еңлік мүйіз, киізкиік.
Ақшалғын, көкемарал, бетеге, раң,
Жапырақтеңге, бұйра, қисық, иық.

Балдырған, у қорғасын, атқұлақты,
Елік жүр сонысында соны қиып.
Желкеуір, бәрпі, шырыш, шытыр,
Сауыны биемшектің кеп тұр иіп.

Мыңтамыр, жуа, рауаш, жаужапырақ,
Балауса, сорғыш, селдір, ермен, бақбақ.
Сыбызғы, жалбыз, құлмақ, қарақияқ,
Шоңайна, меңдуана, сора, шақпақ.

Ішінде сол қурайдың сұлу болар
Шырмауық, кендір, қылша, жыланқияқ.
Қанжыға, қоға, сасық, аққой болып
Бөлінеді жуалар мен таусарымсақ

І. Жансүгіров

Топтық жұмыс. №20 аудионы тыңдату

ІІ топ:

 а) Артық сөз тіркесін табыңдар.

1.Ішектегі құртты емдеу, тұзды құрт, құртты түсіретін дәрі;

2.Сабақ оқу, дермененің сабағы, сабағы қызғылт түсті;

3.Асқазан бездерін емдеу, ас қазанда тұр, асқазан ауруына шипа;

Аспаптың ішегі жіңішке, ішек ауруына дәрі, қос ішекті домбыра.

ә)Қарамен берілген сөздердің қандай мағынада қолданылғанын көрсетіңдер.

1.Жусанның кіндік тамыры жуан болып келеді

және айналасында қосымша тамырлар болады.          /шеткі /негізгі

2.Жусанның қызғылт түсті сабақтары тік болып өседі. /тура /жіңішке

3.Елімізде дәрілік өсімдіктің көптеген түрі кездеседі. /түсі /сұрыбы

Тақтамен  жұмыс.

Сөйлемдерден омонимдерді тауып, қандай мағынада қолданылғанын көрсетіңдер.Өзіңе ұнаған 1 сөйлемді сөйлем мүшесіне талда.

Бұл жерде сыбызғы, қарақияқ, қызғалдақ көп.

Маған сыбызғыда орындаған күй қатты ұнайды.

Ат құлағы тік, яғни шекесінің үстінде қалқиып тұрады.

Шарбаққа атқұлақ, шырмауық қаптап кетіпті.

Балаларға арналған басылым- Балдырған.

Балдырған жаз ортасында гүлдейді.

«Балауса» сөзі қатысқан қандай әнді есіңе түсірер едің?

Топтық жұмыс. №20 аудионы тыңдату

І топ:

а) Мәтін мазмұны бойынша дұрыс жауаптың астын сыз.

1.Дермене жусаны – шөптесін/ бұталы/ жартылай бұталы өсімдік.

2.Алдымен дермененің гүлін/ жапырақтарын/ сабағын жинайды

3.Дермене жусанының тұнбасы асқазан мен ішек бездерінің қызметін жақсартады/бас ауруын емдейді.

ә)Мәтін мазмұнын ашатын тақырыпты таңдаңдар.

1.Дермене жусанының гүлі.

2.Дермене атауының шығу тарихы.

3.Дермене жусаны- дәрілік өсімдік.

4.Дермене жусанының шипалық қасиеттері.

Топтық жұмыс. №20 аудионы тыңдату

ІІ топ:

 а) Артық сөз тіркесін табыңдар.

1.Ішектегі құртты емдеу, тұзды құрт, құртты түсіретін дәрі;

2.Сабақ оқу, дермененің сабағы, сабағы қызғылт түсті;

3.Асқазан бездерін емдеу, ас қазанда тұр, асқазан ауруына шипа;

4.Аспаптың ішегі жіңішке, ішек ауруына дәрі, қос ішекті домбыра.