Ұлттық ойын — халық қазынасы

 Ұлттық ойын-халық қазынасы

Балалар қандай ойын ойнап жүрсіздер?

Асық ату

Бұл ойын қалай ойналады?

Асықтарды тізіп қойып кезекпен кезек атамыз кім тигізеді сол асықты алады.

Бәрекелді балалар  бүгінгі тақырыпқа сай ұлттық ойын ойнап жүр екенсіңдер

Бұл асықты қайдан аламыз?

Малдың кіші жілігінен

Балалар   қараңдаршы бізге қонақтар келіпті амандасайық

Тәрбиеші:  -Сәлеметсіздер ме,  балалар, ата-аналар ,тәрбиешілер?

-Сәлеметсіз бе?!

Тәрбиеші: XXI ғасыр білімділер ғасыры болғандықтан  бүгінгі таңда заманымызға сай зерделі ,жан-жақты дамыған  ұрпақ қалыптастыру мемлекетіміздің алға қойған аса маңызды  міндеті болып тұр.Бала денсаулығының мықты болып, қозғалыс дене құрлысының  дұрыс жетілуі  мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады.

Ұлттық  ойындар —  ата-бабаларымыздан бізге жеткен байлығымыз, асыл  қазынамыз.Ұлттық ойындар негізінде әр халық түрлі-түрлі   жаттығулар жасау жолымен дене шынықтыру ісінің негізін салды.

-Қәне балалар Ұлттық ойындардың түрлерін білеміз бе?

-Иә, «Көкпар» , «Арқан тарту», «Алтыбақан» , «Теңге алу» , «Қыз қуу»

Балалар олай  болса  қонақтарымызға ұлттық ойын түрлерін көрсетейік

Балалар:Ал келіңдер қонақтар

Досқа  құшақ ашайық

Өлең жырға басайық

Қазақтың бір салты  деп

Ұлттық ойын ойнайық

Балалар  1ші ойынымыздың атауы «Теңге алу»

Бұл ойын ерте   заманнан бізге келіп жетті.Олай болса  екі топқа бөлініп жерде жатқан тиындарды  кезекпен-кезек  жарысып жинайды. Қай топ 1ші келеді сол топ жеңіпаз атанады.Балалар  ойыннын шарты түсінікті болса ойнаймыз ба?

Ой, жарадыңдар менің шабандоздарым

Келесі ұлттық ойынымыз «Тауық күрес» деп аталады .Бұл ойынды естіп көрдіңдер ме?

-Жоқ

-Олай болса бүгін осы ойын түрімен таныс болайық және қонақтарымызға көрсетейік.Ол үшін  ортада шеңбер берілген екі бала ортаға шығып бір аяқтап қолды артқа ұстап осы шеңберден біреуі шыққанша күресуі керек.Шығып қалған ойыншы  тақпақ  иа өлең айтады.

Өлең  «Ақ көгершін»

Тақпақ « Аққала»

Балалар ойын қызықты өтіп жатыр ма?

Тағы да ойнаймыз ба?

Келесі ойын «Күш сынаспақ»

Бұл ойын стол үстіндегі  екі баланың білек сынасуымен орындалады.2 бала шынтақтарын столға тіреп қол бастарын айқастырады.Кім білекті толға жықса  сол бала жеңіске жетеді.

Балалар ойын ұнадыма?

Күшіміз көп болу үшін не істеуіміз керек?

Келесі ойын түрі «Жамбы ату»

Шарты :  балалар 2 топқа бөлініп Тақтада шар  берілген  соны инемен дәлдеп ату.Қай топ шарды көп жарса сол топ жеңіске жетеді.

Құрметті көрермендер  балалар біздің алға қойған мақсатымыз ата-бабадан қалған  өнер мен өнеге үлгілерінің лайықтыларын баланың сана сезіміне құйып көзіне көрсете отырып  ұлттық ойын арқылы бойына сіңіріп, оларды әдептілікке, ізеттілікке алғырлыққа тәрбиелеу болатын.

Қазақтың ұлттық ойындары мен  салт-дәстүрлері ұмытылмасын.