«Ертегілер еліне саяхат» ойын-сауық шара

«Ертегілер еліне саяхат» ойын-сауық шара

 

Жүрг.:     Құрметті балалар, тәрбиеші апайлар! Жаз маусымына арналған ойын-сауық шараны тамашалауды ұсынамын. Ендеше, мерекелік көңіл-күй сыйлай білетін «Айгөлек» тобының бүлдіршіндерін ортаға шақырамын.

Балалармузыка ырғағымен залға келеді.

 

Жүрг.: Саламатсыздар ма балалар!  Көрікті кең өлке,

Қойны мол береке,

Жаз күні мына біз,

Саяхат құрамыз,

Балалар, сендерді сиқырлы кілеммен ертегілер еліне саяхатқа шығуға шақырамын. Балалар, сендер  саяхаттауды ұнатасыңдар ма?

-ұнатамыз.

— келіңдер, сиқырлы кілем үстіне тұра қойыңдар.

(Кілемге жайғасу).

Фокус-мокус, тра-ля-ля,

Сиқырлы кілем ұш!

Музыка ойналып, ырғақтық қимылдарды көрсетеді.

 

Жүрг.: (ысқырық дауысы естіледі) Құрметті сиқырлы кілем жолаушылары! Саяхатымыздың бірінші аялдамасына келіп тоқтадық. Міне, оның тұрғындары….

Қоян мен аю келеді.

 

Қоян: мен қоянмын, қоянмын,

Сәбізді жеп тоямын,

Жемістерді көп жинап,

Қысқа сақтап қоямын (басын иіп, амандасады)

Аю:   Мен Аюмын қорбаңбай,

Қимылдаймын қорбаңдай,

Омартаны көргенде,

Бас қоямын ойланбай,

 

Қоян мен Аю хормен: Достығымыз жарасып,

Үйшік соғып алдық.

Жүрг.: Балалар, бұл қай ертегі кейіпкерлері, өздеріне үйшік жасап алатын…

-үйшік ертегісі

Қоян: Кел ойнайық, ойнайық,

қызығына тоймайық,

Ойын «Ақ қоян».

Ойын аяқталғаннан кейін,

Жүрг.:  Алдарыңызда Алихан, Еркеназ, Аяулым, Жансель «тәрбиеші» әнін айтып береді.

Ән аяқталысымен:

Жүрг: (ысқырық дауысы естіледі) Назар аударыңыздар! Сиқырлы кілем ертегілер  еліне саяхатын жалғастырады. сиқырлы кілем үстіне тұра қойыңдар.

-Саяхатшылар хоры «Шалғындағы бақбақ» әні.

 

Жүрг.: (ысқырық дауысы естіледі) Сиқырлы кілем жолаушылары! Сиқырлы кілем орманға аялдады.

 

Бауырсақ:  Мен атамнан қаштым, мен әжемнен қаштым,

Қояннан да, аюдан да, қасқырдан да қаштым…

Жүрг.: Балалар, бұл өлең қай ертегіде кездеседі?

-бауырсақ

 

Бауырсақ: Мен көңілді бауырсақ,

Кел ойнайық, ойнайық.

Жүрг.: «бас киімді ки» ойынын ойнайық.

Ойын аяқталған соң бауырсақ кетіп қалады.

 

Жүрг.: (ысқырық дауысы естіледі) Сиқырлы кілем жолаушылары! Саяхатымызды жалғастырамыз. Саяхатшылар хоры «Қошақаным қайда екен?» әні

Жүрг: Тыңдаңыздар, назар аударыңыздар! Ауа-райының құбылып өзгеруіне байланысты саяхатымызды аяқтаймыз.

Десек те ауа-райының қолайсыздығы біздердің көңіл-күйімізді бұзбайды, біз ойынымызды жалғастырамыз.  «Күн мен жаңбыр» ойынын ойнаймыз.

Ойын ойналады.

 

Жүрг.: Балалар, апайлар  Сіздерді «теңіз фигуралары қатып қал» ойынына қатысуға шақырамын.  Ойын шарты қимылды, сөздерімен қайталап көрсету, ойын соңында қатып қалуды ұмытпаңдар. Олай болса, біз ойынды бастаймыз.

Теңіз толқиды бір,

Теңіз толқиды екі,

Теңіз толқиды үш

Теңіз фигуралары қатып қал!

Кез-келген кейіпте қозғалмай қалу, қозғалған адам өз  өнерін  көрсетеді. Ойын әлденеше мәрте қайталанады.