Ғылыми  жұмыстың тақырыбы: «Кока –кола сусынының беймәлім сырлары»

 

 

 

                         Қайырлы күн, құрметті әділ қазылар алқасы!

Ғылыми  жұмыстың тақырыбы: «Кока –кола сусынының беймәлім сырлары»

 

«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген қазақта жақсы мақал бар. Адам өз денсаулығына өзі жауапты. Ал, қазіргі заманда үлкен адамдар  да, балалар да

денсаулықтарына немқұрайлы қарайды. Ми қайнатар ыстықта кеуіп, шөлдеген жұрт неше  түрлі құты мен қалбырдағы суларды сатып  алып жатады. «Кока- кола», «Фанта», «спрайт», «Макси чай» дейсіз бе, толып тұр. Бұрын – соңды аты белгісіз « су жаңа» сусындар қаншама? Ол қайдан шыққан, қалай жасалған, бауырға әсер етіп, бүйректі сыздатып, асқазан ауруын қоздырмай ма, бұл мәселеге  бас қатырып жатқан адам жоқ, шөлі қанса болды.

Сонымен, бұлар қандай сусындар? Шөл қандырыам деп жүріп, денсаулығымызды бүлдіріп алып жүрмейміз бе? Бұл туралы мамандар не дейді екен?  Осындай газдалған сусындардың  адам  денсаулығына  қаншама зиян келтіріп жатқанын байқағанда мен Қазақстанның кішкентай азаматы бола тұра  бейжай қарап отыра алмадым.

 

Жобаның мақсаты: Газдалған сусынның   адам ағзасына және оның атқаратын қызметіне тікелей әсері бар екендігі  жөнінде өскелең ұрпаққа  насихаттау.

 

Міндеттері:

 

  • Кока – кола  сусынының шығу жолдары, оның құрамы мен зияндылығы туралы түсінік беру
  • Кока – коланың тұрмыстық жағдайда  және өмірде қандай заттарды тазалап, нендей зиян келтіретінін ерекше  тұстарын таныту.

 

Газдалған сусындар адам ағзасына әр түрлі әсер береді. Сөзімізге арқау болып отырған: «Кока – кола» (Соса- СоІа) – сергітетін алкогольсіз  сусын, көптеген елдерде кеңінен тараған; The Coca- Cola  Company компанаиясының өнімі; 2006-2010 жылдар арасындағы әлемдегі ең үздік бренд болып саналады. «Кока- кола» сусынын 1886 жылдың 8 мамыр айында (Джорджия  штаты , АҚШ) Атлантада ойлап тапқан.   «Кока- кола» және «Пепси» сусындарын дайындау кезінде пайдаланылатын карамельдердің құрамындағы бояулар қатерлі ісіктің  дамуына әкеліп соғады», — деп жазады газет.

 

«Кока- коланың» құрамы қандай ? Бөтелкедегі қағазға қарасақ, газдалған су, қант, карамель түсі, кофеин мен дәмдеуіштер. Бірақ , сусынның құрамында тағы бір «7Х»  деген құпия ингредиент бар. Бұл заттың мазмұны жазылған ақпарат Джорджия штатына тиісті Атланта  қаласының  банкінде  сақтаулы тұр. Дұние жүзінде осы заттың не екенін білетін адамдардың  саны санаулы. Осы орайда , «Біз не ішіп жатырмыз?»деген сұрақ туындауы мүмкін.

Бүгінде бар білетініміз бұл «кока- коланың» қант құрамы  өте жоғары ащы сусын болып табылады.  Сусындағы фосфор қышқылы жер бетіндегі органикалық заттарды құртатынын білеміз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Кока- кола» және «Пепси» сусындарын дайындау кезінде  пайдаланылатын карамельдердің құрамындағы бояулар қатерлі ісіктің дамуына әкеліп соғады», — деп жазды газет. Дұрыс тамақтану қозғалысының американдық белсенділері өндіруші – компанияның «Колаға»  карамельдер түс береді деп мәлімдеме жасауы – жалған.

«Кока- кола» сусынының басты міндеті адам шөлін қандырып, асқазандағы тамақты сіңіруге көмектеседі. Алайда оның тұрмыстық қажеттіліктерге жарайтыны тағы бір қыры бар. Ол көптеген күнделікті тіршілікте кездесетін мәселелерді шешуге қабілетті. Олай болса сіздерге кока- коланың  үй тұрмысында  қолдануға болатын бірнеше  екекшеліктерін атап көрсетейік.

 

Дәретхана  тазалығында таптырмайтын құрал

   

Барлығымызда  дәретхана тазалауға тым құштар емеспіз. Ал осы қызметті таза әрі тез жасағыңыз келсе бір құты кока – кола сусыны мен әжетқана тазалайтын үскі (щетка) болса жетеді. Сусын құрамындағы сода мен кислота дәретхана ернеуіндегі қатып қалған қақты дереу кетіреді.

 

Бақша тазалығы

 

Индияның кейбір фермерлері кока- коланы  бау – бақшадағы зиянды жәндіктерді жою үшін қолданады. Бұндай бақша тазалығы барысында әуелі зиянкестердің көзі жойылса, екіншіден арзанға түседі. «Кока- коланың құрамындағы тәтті қызыл құмырсқалардың көбейіп, бақшаға зиянкестердің жойылуына  көмектеседі.

 

Түрлі  шыбын – шіркейлерден құтылу

 

Егер түрлі жәндіктер тыныш  демалғыңыз келген сәттеріңізде кедергі келтірсе олардан құтылу оңай. Ол үшін бір – екі кока- кола  сусыны жеткілікті. Сусынның тығынын ашып, ашық терезе алдына қойып қойсаңыз болғаны, сізге тыныштық бермеген  «шақырусыз қонақтарыңыз»  сол маңайдан алыстап кете алмай жүре береді.

 

Тап – таза терезе 

 

Кока – кола – терезе тазалау үшін лимон қышқылы қосылған ең арзан ертінді. Әуелі кока- коланы жақсы матағасіңіріп алыңыз да, терезелерді жақсылап сүртіп шығыңыз. Артынан таза сумен жуа саласыз.  Сіздің терезеңізден таза терезе болмайды.

 

Қортынды:

Сонымен қорыта келсек «Кока – кола» сусыны көп жағдайда шаруашылықта таптырмас құрал болып шықты. Бүгінгі күні білетініміз осы. «Менің ойымша келешекте,  Қазақстан дәмді,  әрі пайдалы сусындарды өз елімізде жасап шығарады» деген ойдамын.