7 саны мен цифры

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті : Қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру.

Сабақтың тақырыбы: 7 саны мен цифры

Сабақтың мақсаты: Білімділігі: 7 санымен, оның цифрымен таныстыру, 7санының пайда болуы, оның құрамына есептер құрастыру.

Дамытушылығы:7 санын көрнекіліктер арқылы балалардың естеріне сақтау, ертегі желісі арқылы 7 санын меңгерту, логикалық ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелігі: сауатты, таза жазуға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: сұрақ – жауап, ойындар, жұмбақтар, санамақ, түсіндіру.

Көрнекілігі: ертегі кейіпкерлерінің суреттері, цифрлар, санағыш,т аяқшалар.

Типі: жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың барысы:

І. Амандасу. Психологиялық дайындық.

Оқу – білім аламыз

Біздер зерек баламыз

Математика пәнінде

Тапқыр, алғыр баламыз.

Қазір жылдың қай мезгілі? – Қыс

Қыста табиғатта қандай өзгерістер болады?

Қыста қандай ойындар ойнаймыз?

Қыста қандай мейрамдар бар?

1 – ден 10 – ға дейін тура, кері санату.

0,1,2,3,4,5,6,7,8,9,10. 10,9,8,7,6,5,4,3,2,1,0.

ІІ.Негізгі бөлім.

Балалар, бізге ертегілер елінен «Қызылтелпек» деген кішкентай қыз қонаққа келді. Ол орманда тұратын әжесіне алма теріп әкеле жатыр екен. Қызылтелпек сендерден көмек сұрай келіпті, ол себетіндегі алмалардың нешеу екенін санап берулеріңді сұрайды.

  • Санап береміз бе, балалар?
  • Балалардың жауаптары тыңдалады.
  • Барлығы қанша екен?
  • Нешеуі көк, нешеуі қызыл? 3көк, 4қызыл.

Қане 7 санын таяқшамен көрсетейік.

3 таяқшадан тұрады. 7 цифры үш элементтен тұрады, 7санын жазып үйренейік.

Дәптермен жұмыс.

Толқынды сызықтан, көлбеу және кіші түзу таяқшадан 7 цифры.

Сергіту сәті. Видеоролик «көңілді қимыл – қозғалысты би»

 

Кітаппен жұмыс

№1. Цифрларды бастырып сыз. 5,6,7 неше құмырсқаның жүгі жоқ?- 7

№2. 7 санының құрамын табу.

6+1

Қызылтелпектің бірнеше тапсырмасы бар екен соларды орындап жіберейік.

1 – тапсырма.

  1. Екі сиырдың мүйізі неше? (4)
  2. Оң қолда және сол қолда неше саусақ бар? (10)
  3. Екі мысықтың аяғы нешеу?
  4. Бес тырнаның басы нешеу?

2 – тапсырма. Ойын: «Көршісін тап»

Мен сендерге цифр көрсетем,сол цифрдың көршісін тауып айтыңдар 1,3,5

3 – тапсырма. Қандай геометриялық фигураларды білесіңдер?

1.Төрт қабырғасы тең болса,

Төрт бұрышы тең болса,

Жауап берер балақай

Ой – өрісі кең болса. Бұл не? (шаршы)

  1. Бұрыштарын табамыз,

Бұған келер шамамыз.

Төбесінен сырғанап,

Құлап қалсақ күлеміз. Бұл не? (үшбұрыш)

3.Емес бұл төртбұрыш

Мұнда мүлде жоқ  бұрыш. Бұл не? (дөңгелек)

4.Бұрыштар мен сызықтар,

Атын жаттап тізіп қал,

Ақылы көп балаға,

Зейін қояр қызық бар.

Мынау қандай фигура? (тіктөртбұрыш)

4 – тапсырма. Қандай санамақтар білесің?

Бір дегенім – білім,

Екі дегенім – елім,

Үш дегенім – үміт,

Төрт дегенім – төзім.

Бес дегенім – бақыт,

Алты дегенім – ақыл,

Жеті дегенім –

 

 

5 – тапсырма. Сандар сиқыры.

1.Мені келсе білгің,

Мен таяқша бірмін

Ата – әжеме  жол бастап,

Оң қолында жүрмін.

2.Бірден кейін тұрамын

Сандар іші тұрағым

Бірге бірді қосқанда

Иіліп мен шығамын.

3.Үш таяқша болып қаламын,

Қос мүйізі майысқан.

Екіден соң әрқашан,

Ұлттық ою саламын.

4.Достарым мені жақсы дейді

Беске бірім жетпейді.

5.Әр қолыңда бес саусақ,

Жетпейді оған еш саусақ

Бір мен екі алмаңдар

Үшке алданып қалмаңдар.

  1. Сабақты қорытындылау.
  2. Бүгін бізге қонаққа кім келді?
  3. Қандай санмен таныстық?
  4. Кімге көмектестік
  5. Сабақта ерекше белсенділік көрсеткен балаларды бағалау, мадақтау.