«Күз ханзадасы мен ханшайымы-2020»

«Күз ханзадасы мен ханшайымы-2020»

 

1-жүргізуші: Кеш жарық құрметті оқушылар, ұстаздар, ата-аналар!

 

2-жүргізуші: Кеш жарық жиналған қауым! Армысыздар құрметті көрермендер! Алтын күз мерекесіне орай ұйымдастырылған  2018 жылдың  «Күз ханзадасы мен ханшайымы» сайысына (БІРГЕ) қош келдіңіздер!!!

 

1-жүргізуші:

Алтын күз сізбен бірге шуақ шашсын,

Көңілдің серіппелі күйін ашсын

Бақ пен шаттық бірге қатар қонып

Береке бірлікпенен ортақтассын.

 

2-жүргізуші:

Біздерде ойын сауық басталады,

Тамаша күй тартылып ән салады.

Қошеметтеп, қол соғып отырайық,

Ұмытарсыз күні бойы шаршағанды!!!

 

1-жүргізуші:

Аққудай әдеміміз,сұлу жанбыз,

Әр үйде шығатұғын жаңа таңбыз.

 

2-жүргізуші:

Жан сұлумен тепе-тең ғып,

Еріксіз өзімізге қаратармыз,-дей отырып ортаға сайысымызға қатысушы сұлу аруларымыз бен сері жігіттерімізді шақырайық:

8 «А» — Кәрімханов Бауыржан, Сағади Еркежан

8 «Б» — Бақытбеков Айқын, Ертайқызы  Нұрай

8 «В» — Нарзілдаев Нұрсұлтан, Жәнібекова Аружан

9 «А» — Үйсембаев Алихан, Дауренова Алина

9 «Б» — Жатарбае Махамбет,  Қазкенова Ажара

9 «В» — Махмұт Әділет,  Оразова Аида

10 «А» — Сейсетов Телжан,  Төлегенова Іңкәр

10 «Б» — Батырханов Дарын, Оралқанова Анель

 

Сайыскерлерімізге ду қол соғып, қошемет көрсетейік

 

1-жүргізуші:

Әділқазы, ақ қазыға бір сәлем

Әділдікке бас иеді күллі әлем

Жүйрік озар сайыстарда неше бір

Сарапқа сал,әділдікпен баға бер,- дей келе бүгінгі сайысымызға қазылық жасайтын әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар!

  1. Тәрбие ісінің меңгерушісі Қабдуалиева Айнагуль Кәкімқызы
  2. Мектеп психологі Даутова Зульфия Темірхановна
  3. Өткен оқу жылының Алтын күз-2017 сайысының жеңімпазы 11 «Б» сынып оқушысы Тоқан Нұрсұлтан

 

2-жүргізуші: Ендігі кезекте шарттарымен таныстырып өтейік:

 

Өздеріңізге белгілі сайыс 8-10 сыныптар арасында өтпек әр сыныптан 1ұл 1 қыз бала қатысуы шарт.

 

  1. Таныстыру-2 минут (шоу түрінде бірлесе көрсету)
  2. Өнер-ерікті-3минут (бірлескен)
  3. «Ең әдемі сән үлгісі» (Яғни табиғат қалдықтарынан киім үлгісін көрсету)
  4. Көңілді аспазшы. «Күз кереметі» күз өнімдерімен салат жасау. (7минут)
  5. Өлең оқу. (Ақын жазушылардың күз тақырыбына арқау болған өлеңдерін мәнеріне келтіріп жатқа айту)

 

Бағалау 5 балдық жүйемен бағаланатынын тағы да естеріңізге саламыз.

 

1-жүргізуші:

Көп сөйлеп жөн-жобадан аспайық біз,

Қандай сайыс болмасын қашпайық біз.

Ал енді, Сіздер рұқсат етсеңіздер,

Қанекей, жұптар сайысын бастайық біз,-дей келе сайыскерлерімізді сахна сыртына қошеметпен шығарып салып, сайысымызды бастайық.

 

2-жүргізуші:

Ақыл-көрік бойларыңа жетеді,

Әлі талай сынақтардан өтеді.

Мына отырған баршаңызды өзіммен

Тез арада таныстырып өтеді,-деп сайыстың алғашқы «Таныстыру» кезеңіне кезек берейік. (Кезекпен сыныптарды шақыру)

 

Әділқазылар бағасы

 

1-жүргізуші:

Он саусақтан өнер тамған шебер болу керемет,

Өлең айтып, би билеп жасап жатсаң текемет

Өнеріңді көрсетші сайыскерлер қанекей

Жұптарға сөз  берелік, біз жекелеп,-дей келе келесі сайыс — өнер көрсету.

 

Әділқазылар бағасы

 

2-жүргізуші:

Модельер болу оңай ма?

Қиналып жатсаң мұңайма.

Әр мамандық өзгеше

Өз мәнінде шырайда. Бүгінгі сайыскерлеріміз табиғаттың бай әлемін қалай пайдаланды екен? Оны келесі кезекте тамашалаймыз? Сонымен келесі сайыс «ең әдемі сән үлгісі».

 

Әділқазылар бағасы.

 

1-жүргізуші:

Қарсы алайық қол соға,

Өнерлі жас қаншама.

Күзгі өнім түрлерімен дайындап

Ұсынады салаттарын баршаға

Келесі сайысымыз— «Көңілді аспазшылар» кезеңі.

 

Әділқазылар бағасы.