Атадан қалған асыл сөз

Тақырыбы: «Атадан қалған асыл сөз»

Мақсаты:Аталардан қалған ұлағатты ғибрат аларлық сөздерді балаларға ұғындыру; ұлттық дүние таным негіздерін қалыптастыру.

Тәрбиеші:

Адамзат тарихының түрлі кезеңдерінде әр өлке, әр елде өмір сүрген атақты білімпаз, ақылгөй даналар, ғұламалар айтып, жазып қалдырған, уақыт елегінен өтіп, ұрпақтар зердесіне ұялаған ұлағатты нақылдар ұшан теңіз.

Ел қадірін білген халқымыз ел ішінен шыққан тума дарын шешендерді, ақылгөйқарияларды дәріптеген. Олардан жас балалар өнеге алған.

Бабалар сөзі — кешегі өткен қариялардан, ғұлама ойшылдар мен шешен-билерден,ақын-жыраулар мен сал-серілерден мұра, мирас болып қалған ұлы тәрбие құралы.

Мың жылда бір-ақ көрінетін кометалардай сыры да, сезімі де терең, тұңғиық данатұлғаларымыз фәни өмірден баз кешіп, бақилық болып жатыр. Әйтсе де, ата -бабаларымыздың үні, парасаты – бүгінгі ұрпаққа өнеге. Олардың даналық болжамы,ғибрат аларлық сөздері мен пайымдаулары бүгінде халықпен қайта қауышып,жүрегімізден орын алуда.

Ізетіңді ине етіп,

Иманыңды түйме етіп,

Инабатты күйме етіп,

Жүрші, балам, жамандық күйретіп — дегендей нақыл сөздер атадан балаға сонау ертезамандардан бері айтылып, ұрпақтан – ұрпаққа сұрыпталып, беріліп келеді.Құмнаншайып алған алтын түйіріндей тарих сүзгісінен шыққан сол асыл ой-лы, айшықты сөздерді әрқайсысымыздың білуіміз керек.

Енді сол даналарымыздың қалдырған нақыл сөздерді тыңдап көрсек.

  1. Адамда жақсы қасиет болмаса оған бақ та, бақытта қонбайды.

Жүсіп Баласағұни.

  1. Ақыл сөз-атқаң оқтай жай кетпейді,

Жаманға оқ өтсе де, сөз өтпейді

Ғабит Мүсірепов

  1. Жеңемін деп біреуді

Өтірік сөзбен қостама

Асанқайғы

  1. Жаманға айтқан ақылың

Ағып жатқан селмен тең.

Шал ақын

  1. Сөзден тәтті нәрсе жоқ.

Сөзден ащы нәрсе жоқ.

Сөзден жеңіл нәрсе жоқ.

Сөзден ауыр нәрсе жоқ.

Сөзді тіліңе билетпе, ақылыңа билет.

  1. Ақылыңды, сөзіңді ақылсызға қор етпе, ақылдыға айт.

Қай жерде, қай кезде сөйлейтініңді біл

Бөлтірік  шешен

  1. Кеселді жалқау қылжақбас,

Әзір тамақ, әзір ас,

Сыртың – пысық, ішің – нас

Артын ойлап ұялмас

Абай Құнанбаев

  1. Көп ойлан, жақсы сөйле – нұсқа болсын,

Сұраса – жауабың да қысқа болсын.

Жүсіп Баласағұни

  1. Ел қарамас сүйкімсіз, қабағы түскен сараңға,

Тура жүр – атың қалады ертеңгі халық-жаранға.( Қашқари )

Қорытынды.

Көп жасаған қария

Ақылы теңіз-дария.

Көп өнеге сөзі бар

Сөзі – соқпақ, өзі нәр — дегендей біз еліміздің ертеңі, ата — бабаларымыздың мұрасын, халқымыздың жақсы дәстүрлерін бойына сіңіріп, жалғастыратын, жамандықтан аулақ болатын, жаны таза елжанды ұрпақ болып өсіуіміз керек.   Енді бүгінгі сабақтан білген, түйгендерімізді айтып, сабағамызды қорытындылайық.

Қайтадан қайырылып өмірге келмейсің,

Барыңды, нәріңді тірлікке бергейсің.

Ғибрат алар артыңа із қалдырсаң-

Шын бақыт, осыны ұқ, мәңгілік өлмейсің.

Осымен бөлме сағатымызды аяқтаймыз тыңдағандарыңызға рахмет.