«Үш бақытым» психотренингі

Тақырыбы: «Үш бақытым» психотренингі

Мақсаты: Бақыттың құндылық ретіндегі мағынасы туралы түсінік беру. Оқушылар мен ата-анаға адам өміріндегі қуанышты сәттерінен, істеген игі істерден рақаттану, барды қанағат тұту және жалпы адам бақыты туралы түсінік бере отырып рухани адамгершілік қағидаларды өз бақыты үшін дұрыс қолдана білуге, өмірдің әр сәтін бағалай алуға тәрбиелеу.

Бақыттың мәні – парасаттылықта, әркімнің өз алдына игілікті мақсат қоя білуінде, ол мақсат тек кездейсоқ рақат үшін емес, шынайы игілік үшін бағытталуында, адамның өз мінез-құлқын, іс-әрекетін ерікті түрде өзгертіп, ізгілікке бағыттап отыруында.
Әл-Фараби.

Кімде-кім ниетін имандылыққа, тазалыққа, тілін шындыққа, өзін тыныштыққа, мінезін туралыққа, құлағын тыңдаушыға, көзін өнегелі бақылаушыға айналдырып алған болса, демек ол бақытты.
Құран кәрімнен.

Бақыт әркімнің өзіне, өмір сүрген ортасына, жағдайға байланысты. «Бақыттымын» деп паңданып, аяғын еріне басып жүрген көп кісілердің бақытсыз екенін өздері сезбеген. Тарихта дәулетке, атаққа паңданып, мәз болып, өмірін ақымақтықпен өткізгендер аз емес.
Б.Момышұлы.

Бақыт дегеніміз – өмірді өз орнында, өз қалпында шамасы келгенше үлгілі сүру, адал болу, майдалықтан, іштарлықтан қашық болу. Мұршасы, әлі жеткенше өз заманын түсіне білу, өз қоғамымен бірге алған мақсатқа қопарыла шын көңілмен адал қызмет істей білу.
Б.Момышұлы.

 

Көрнекіліктер: «Өмір ағашы» плакат, дәйексөздер, түрлі-түсті қағаздар мен қарындаштар, баяу әуен жазылған үнтаспа.

Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бір-бірімізге деген көңіліміз комплиментімізді айтайық.
Екі оқушы шығып, екеуі де көзін жұмады. Қолдарын алдыға созады. Мен 1,2,3 деп шапалақ ұрғанда ІІ топ болып жиналып қалуымыз керек.
«Бақыт сыйла» атты тренингімізді бастамас бұрын барлық жаманшылықтарды, қайғы-мұңды, күнделікті өмірде кездесетін мәсәлелерімізді, бір-бірімізге деген ренішімізді ұмыту үшін бір сәтке ұмыта тұрып, Мұқағали Мақатаевтың «Бақыт» туралы өлеңін естіп жіберейік.
Балаларға арналған тапсырма. Алдарыңызға ұсынылған ойды жалғастырып, өз пікірлеріңізді білдірсеңіздер:
Сіздің жеке пікіріңіз…
Бақытты отбасы, ол — ….
Сәби бақыты,ол — ….
Ата-ана бақыты,ол- …..
Ұстаз бақыты,ол-….
Ұлт бақыты,ол-….
Қоғам бақыты,ол-….
Бақытқа жету үшін адам не істеу керек?

«Бәрі сенің қолыңда» видеоролик тамашалау
Психолог сөзі:
«Бақытты адамның ұстанымдарын» тыңдап көрсек.
Бақыт деген – адамдар үшін өмір сүру және оларды бақытты ету.
Бақыт – бұл жаныңа жақын істі таңдап алу және шығармашылықпен еңбектену.
Бақыт – достарыңмен, жаныңа жақындарыңмен араласу.
Бақыт – қызықты өмір үшін барлық қажеттінің болуы.
Бақыт – ертеңгі денсаулығыңнын мықты болуы және өзіңнің, айналаңдағылардың денсаулығына қамқорлық жасай білу;
Бақыт – әр күннің нұрлы шуағын сезіну..
Майшам жаттығуы
От жарық жылулық белгісі. Осы отқа қарап отырып « Бақыт» сөзін бір ауыз сөзбен айтып, күнді шуақтандырайық.
Рақмет, осымен бүгінгі тренингіміз аяқталды.