Жұмыр құрттар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері

Күні:

Сынып: 7

Сабақтың тақырыбы:  Жұмыр құрттар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері.

Сабақтың мақсаты:

1) Оқушыларға жұмыр құрттар жөнінде түсінік беру.Құрттардың паразит түрлерімен таныстыру .

2) Жұмыр құрттардың табиғаттағы рөліне тоқтала отырып, ауру туғызатын түрлерінен сақтану шараларын үйрету

3) тұақты түрдегі ерікті зейін қоюды дамыту. дүниетанымдарын кеңейту, салыстыру. нақтылау, қорытындылау қабілеттерін дамыту.

Көрнекілік: Таблица “Бауырсорғыш”, “Ақ сұлама”, “Цепень”, “Сұлама денесінің көлденең кесіндісі”

Сабақ типі: аралас сипатта

Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, көрнекілік, баяндау.

Сабақ барысы:

 

  І. Ұйымдастыру.

Амандасу, кезекші есебін тыңдау.

 

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

  • 42мазмұнын сұрау.

Ауызша сұрақтар қою.

  • Тип неліктен жалпақ құрттар деп аталады, бұлардың негізгі ерекшеліктері неде?
  • Мүшелер жүйесі деген не, жалпақ құрттарда қандай жаңа жүйе пайда болған?
  • Жалпақ құрттарда мүлде жоқ жүйелер бар ма, оның себебі неде?
  • Жалпақ құрттар қалай көбейеді, олардың даму айналымы қалай жүзеге асады?
  • Сірқабық деген не? Ол қандай қызмет атқарады?
  • Алғашқы ие және аралық ие ұғымын қалай түсінесіңдер?

 

 

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Жұмыр құрттар – денесі буылтықтарға бөлінбеген, шұбалаңқы, цилиндр пішінді немесе ұршыққа ұқсас жәндіктер.Жұмыр құрттар типі дененің ішкі қабырғасы мен ішегінің арасында қуыс болғандықтан, алғашқы қуыстылар типі деп те аталады. Бұл қуыстағы сұйықтықта ішкі мүшелер орналасады. Жұмыр құрт денесі үш қабаттан тұрады. Бірінші ең сыртқы қабат – сірқабық. Екінші ортаңғы қабат – гиподерма. Үшінші ең астыңғы қабат – бірыңғай салалы бұлшықет қабаты. Сірқабық – өлі ұлпа,сондықтан ағза денесінің өсуіне мүмкіндік бермейді, өзі өспейді. Жұмыр құрттар денесі өскен кезде, серпімді қалың қабат – сірқабықты сыпырып тастайды. Сірқабық кейіннен жалаңаштанып, қайта пайда болады. Жұмыр құрттардың сірқабық тастауы түлеу деп аталадыБұлар – екіжақты симметриялы жәндіктер.Тынысалу және қантарату жүйесі жоқ. олар – дара жынысты жәндіктер. Қосжыныстылары да кездеседі. Көпшілігі паразиттік жолмен тіршілік етеді.  Денесі буылтықтарға бөлінбегендіктен, бұл типке жататын құрттар жұмыр құрттар деп аталады. Дүние жүзінде жұмыр құрттардың 20 мыңға жуық түрі тіршілік етеді деп есептеледі. Бұлар бірнеше класқа бөлінеді. Біз құрсақкірпікшелі, жұмыр құрттар, зымырақтар, қылқұрттар класының өкілдеріне тоқталамыз.

ІV.Бекіту.

  1. Тип неліктен жұмыр құрт аталған?
  2. Денесі қандай қабаттардан тұрады ?
  3. Сірқабықтың ағза үшін қандай маңызы бар ?

 

  1. Бағалау

Әр оқушының жауаптарына, белсенділігіне қарай талдап бағалау.

 

  1. Үйге тапсырма беру
  • 42 оқу.
  • Соңындағы сұрақтарға ауызша жауап беру.