Менің тұңғыш Президентім
Тақырыбы : Менің тұңғыш Президентім !
Мақсаты : 1) Жас ұрпаққа Елбасының сан қырылы талант иесі , құдіретті тұлға екенін таныту .
2)Елімізге еңсе тіктетіп , мемелекетімізді мығымдап берген , халқымызды әлемге танытып , алаш баласының абыройын асқақтатып Елбасының кісілік келбетін меңгерту .
3) Елін сүйген , елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.
Түрі : тәрбие сағаты
Сынып сағатының барысы :
I Ұйымдастыру кезеңі :
Психологиялық әзірлік.
1 — жүргізуші :
Армысыздар , қадірменді қонақтар , құрметті ұстаздар мен оқушылар !
2 — жүргізуші :
1 — желтоқсан Тұңғыш Президент күніне арналған концерттік бағдарламаға қош келдіңіздер !
1 — жүргізуші :
Бүгін 1 — ші желтоқсан — Қазақстан Республикасында Тұңғыш Президент күні болып елімізде тойланып отыр.
2 — жүргізуші :
Мемелекетіміздегі жоғары лауазым президенттік қызмет елдің , халықтың үміті мен сенімін , бабалар аманатын арқалаған ең жауапты , ең қиын міндет .
1 — жүргізуші :
Бұл қызыметті Отаны мен халқын шын сүйетін , ұлттық тілі , тарихы мен мәдениетін құрметтейтін , елі үшін отқа түсетін нағыз азамат , патриот қана атқара алады . Бұл Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев !
Оқушылардың орындауында көрініс : «Әке өсиеті » Әке — Талғат.
2 — жүргізуші :
Отан дейміз от жаққан жерімізді ,
Отан дейміз өсірген елімізді .
Отан дейміз туған жер , атамекен
Биік тау , орман , тоғай көлімізді .
Оқушылардың орындауында тақпақ қабыл алыңыздар
1 . Оқушы
Қазақ елі желбіреп көк байрағың,
Гүлге оранды ауылың мен аймағың .
Нұрсұлтаның биіктерге бастады ,
Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймаған .
1 — жүргізуші :
Беу , Туған жер ! Сен ыстықсың біздерге .
Мыңдаған дастан жатыр Халқым басқан іздерде .
Тұнып жатқан тарихыңнан көз алмай
Даналықтың жырын жастар іздер ме ?
«Келіншек» күйі
2 — жүргізуші :
4 «А»сыныптың орындауында «Егеменді Қазақстан» әнін қабыл алыңыздар .
1 — жүргізуші :
Нұрсұлтан Назарбаев — мемелекетімізді орнатып , оны қалыптастырып , экономикасын реформалау арқылы өзін де , елін де әлемге мойындатқан заманның аса дарынды тұлғасы . Аумалы — төкпелі заманда мың өліп , мың тірілген қазақ үшін ғасыр бойы іздеген мұратына да арманына да Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тұсында жетті .
Қыздардыың орындауында «Аққу» биі
2 — жүргізуші :
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Ой бөлістім халқыммен» деген жинағынан оқушылардың жаттаған нақыл сөздері .
1-оқушы:
Біз шын мәнінде Президент Назарбаевты біздің бәрімізге, ұлтына, сеніміне және саяси көзқарасына қарамастан қолайлы да еркін өмір сүруімізге барлық мүмкіндік жасап келе жатқаны үшін мақтан етеміз.
2-оқушы:
Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол-тәуелсіз Қазақстан.
3-оқушы:
Отанды сүю-өркениеттіліктің бірінші белгісі.
4-оқушы:
Салтанатты жарасқан қаласы бар, ұшан- теңіз байтақ даласы бар, аруақ қолдаған бабасы бар ел екендігімізді мақтан етейік!
5-оқушы:
Отаншылдық рухы бізге ауадай қажет.
6-оқушы:
Отаны бірдің-тілегі бір, жүрегі бір.
7-оқушы:
Көп ұлтты ел болуымыз-біздің байлығымыз, мақтанышымыз.
2 — жүргізуші :
3 «А» сыныптың орындауында «Көкке өріле» әнін қабыл алыңыздар
1 — жүргізуші :
Бүгінгі Астананың нұры қандай !
Көгінде желбіреген Туы қандай !
Еуропаның төрінде билік айттық,
Көрсеттік бейбіт жолды ұғынардай .
Қыздардың орындауында «Қазақ елі» әнін қабыл алыңыздар
2 — жүргізуші :
Сіздер өздеріңізді:
- Дарынды
- Шығармашыл
- Білімді
- Жан-жақты
- Дара тұлға екендеріңізді көрсеттіңіздер.
Жарайсыңдар!
2 — жүргізуші :
«Осындай тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын , бүгінімізді ертеңіне жалғайтын , қазақ елінің болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз «
1 — жүргізуші :
Туымыздың тұғыры берік , еліміздің еңсесі биік болсын ! Тәуелсіз еліміздің іргесі мықты болсын ! сау болыңыздар .
“Атамекен”әні