Жан анам
Маған өмір сыйлаған – ризамын саған,
Жаныңнан жылу тараған – бізге арналған.
Бар әлем саған тамсанып, бас иеді,
Киелі анам , жан анам – ризамын саған.
Өзіңнен тарап таң шапағы арайлы,
Сәуле шашып күннің нұры тарайды.
Сенің алтын алақаның аймалап,
Әлі күнге балалығым қалмайды.
«Оқысаң шам шырағың жағылады,
Білімің мен ой –санаң жалғасады .
Еңбектеніп, ізденген мақсатына-
Жетеді » -деген сөзің есте мәңгі сақталады.
Анадан туады ғой дана біткен,
Мақсатыңа жетуді ана күткен.
Өмірдің ойлы –қырлы соқпағымен,
Шыдаған шыңдарында нық көрінген.
Жан анам — нұр шашқан келбетің,
Әр кез маған тілектес боп жүргенің.
Бір қолымен балаң жатқан бесікті,
Бір қолыңмен ұлы әлемді тербеткен.
Маңмайдағы әжімдерге қарыздармыз,
Құшағыңның ыстығына қарыздармыз.
Күндерің қуанышпен қызықты боп ,
Жүрегің тек шаттықтан дірілдесін…
Өзімнің анама арнадым.
Базарбаева Айгуль Оразалиновна .
Жеңіс бастауыш мектебі.
Мұқыр ауылы.