Дәйексөздер тізбегі 

Дәйексөздер тізбегі

 

  1. Тәртіптілік көрсету – бос, пайдасыз іспен айналыспай, кезек күттірмейтін, қажетті іспен шұғылдануға өзін-өзі үйрету.
  2. Кешірімнің ең дұрысы биліктің бишігі қолға тигенде кешіре білу, ал жақсылықтың ең ізгісі – жамандыққа қарсы жасалғаны.
  3. Тәртіпті болу деген өзін-өзі бақылау, жауапты болу, барлығын өз мерзімінде орындау, өз жұмысын ұйымдастыра білу дегенді білдіреді.
  4. Барлық адамдар заң алдында тең, заң шектелмей билік етуге тиіс.
  5. Барлық адам құрметке лайық, әсіресе үлкен адамдарға өте бір ерекше ниетпен құрмет көрсету керек.
  6. Айналаңдағы адамдардың келемежіне қарамай дұрыс деген іспен айнымауға, ержүректік, батылдық керек.
  7. Адамдар бірлігі – оркестірдегі әртүрлі аспаптардың дауысы біріккенде әдемі бір әуен тудырғандай керемет бір үндестік тудырады.
  8. Ризашылдық білдірудің ең керемет тәсілі – ол, жаныңның түкпірінен шын жүректен айтылған «рахмет» деген сөз.
  9. Адамдарға өз жүзіңді бұрғанда, біз олардың әлсіздігіне көңіл аудармай, олардың немен бөленгендерін байқай алуға тиіспіз.
  10. Бірлік пен ынтымақ – бүкіл адамзат әлемінің бірігуінің кепілі, оның жарығы, айы жер бетін орап алған дұшпандық пен ашудың қалың қапасын сейілтеді.
  11. Уақыттарыңызды жалқаулық пен бос өткізуге кетірмей өздеріңізге және басқаларға пайдалы болатынмен айналысыңыздар.
  12. Өзіңнің ішкі «мен» дегеніңді бұғаулардан босату үшін қолдан келетіннің бәрін жасаңдар.
  13. Мақсатқа бейімділік – ол саған неге жету керек екеніңді айқын елестетіп көру.
  14. Өзін-өзі жақсы білу үшін, адам өзінің қылықтары, тәртібі мен мінезіне қатысты айналасындағылардың пікірлерін тыңдауға тиіс.
  15. Кім ержүрек болса, орта жолда тоқтап қалуға қабілеті бар және жеңіске жетер жолда қалып қоймай, қиындықтар мен қатерлермен күресуге қабілетті.

Баһаулла жазбаларынан