Сыйласаң-сыйлы боласың

Сабақтың  тақырыбы:    «Сыйласаң-сыйлы боласың!»

Сабақтың  мақсаты:

«Сыйластық», «құрмет» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері: — үлкендер мен кішілер арасындағы сыйластықты түсіндіру;
— сыйластықты қарым — қатынас жасау іскерліктерін дамыту,
— үлкендерді сыйлауға, кішілерге қамқор болуға тәрбиелеу;
Көрнекі құралдар: Суреттер,  мақал- мәтелдер

Сабақтың  әдісі:  сұрақ – жауап,  түсіндіру.

Сабақтың  түрі:  Ойын  сабақ

Сабақтың   көрнекілігі :  суреттер.
Сабақтың барысы:

                         Ұйымдастыру  кезеңі.
Шаттық шеңбері

Амансың ба Алтын Күн!

Амансың ба Асыл жыр!

Амансың ба көк аспан!

Амансың ба жан досым!

Жылуыма жылу қос!

Міне менің қолым!

Негізгі  бөлім

Кіріспе.
— Балалар, жаңа бір — бірлеріңмен амандасқандарыңдай, бас иіп сәлемдесу, алғыс айту, тіпті бір ауыз сөз айтпай — ақ та жымиып бас ию — адамға деген құрметті, сыйластықты білдіреді.Сенің айналаңдағы адамдарға деген құрметің жымиып тұрып жылы жүзбен амандасудан басталады.Сый, құрмет үлкенге де, кішіге де көрсетіледі.Тіпті үлкендер өзінен жасы кішілердің әдептілігін, көргендігін, тәрбиесін сыйлап бірінші болып амандасуы да мүмкін.Ризашылықтарын білдіріп, алғыс айтады, баталарын береді.Ендеше бүгінгі тәрбие сағатымыз да осы сыйластыққа байланысты «Сыйласаң- сыйлы боласың» деп аталады.

Адамдар бір — бірін сыйлап, түсіне білсе жақсы қарым — қатынас жасауға қол жеткізеді.Өзара сыйластық достыққа әкеледі.
Өмірде адамдар бір — бірін кешіре, түсіне білгенде ізгілікке жетуге болатынын және өзара сыйластық қана достыққа әкеледі.

Ал ,балалар осы сыйластыққа арналған тақпақтарымызды айтып шығайық.
Кім үлкенді сыйласа,

Кім үлкенді тыңдаса.

Сыйлы болмақ, өзі де,

Үлкен болған кезінде.

(С.Мәуленов)

2-оқушы:

Әдептілік дегенің,

Әрқашанда керегің.

Әсемпаздық дегенің,

Әуре сарсаң әлегің.

(Е.Ерботин)

3-оқушы:

Сыйлап сәлем беремін,

Көршілерді көргенде.

Ізетті деп білемін,

Үйге қонақ келгенде.

Әдепсіз деп сөкпесін,

Анама айтып өкпесін.

(К.Байзақов)

4-оқушы:

Сыйла үлкен кісіні,

Қамқорлыққа ал кішіні.

Сақта көше тәртібін,

Бағдаршамның ал тілін.

Әдепті қыл бұл ісіңді,

Тазалап жүр тісіңді.

(Е.Өтетілеуов)

Мақал – мәтелдер./Дәптермен  жұмыс/

  •  Досы көппен сыйлас,
    Досы азбен сырлас.
  • Өзіңді өзің  сыйламасаң, өзгеден сый  дәметпе.
  • Өзі  жақсы кісіге, бір кісілік орын бар.
  •  Сыйласаң  сыйлы  боларсың

«Жалғастыр» ойыны
«Не істеуге болмайды?» Мұғалім басқы сөзін айтады, оқушы ойланып жалғастырып айтуы керек.
— Үлкендердің алдынан…… (кесіп өтуге болмайды.)
— Кішкене баланы…………….(жылатуға болмайды.)
— Құстарды ………………………(атуға болмайды.)
— Қыз баланы……………………(ренжітуге болмайды.)
— Сабақтан………………………..(кешігуге болмайды.)
— Сыныпта………………………..(айғайлауға болмайды.)
«Не істеу керек?» (бұл да сол сияқты жүргізіледі)
— Үлкен кісіні…………………..(сыйлау керек.)
— Үлкеннің тілін……………….(алу керек..)
— Үлкендерге……………………..(сәлем беру керек.)
— Кішілерді…………………………(қамқорлау керек.)
— Оқу құралдарын……………… (күтіп ұстау керек.)

ситуацияны шешу.

1.Көше бойымен таяққа сүйенген ата келе жатады. Басын көтеріп жол

бағдарлауға шамасы келмей келе жатыр.Сен оған қарсы кездестің. Недейсіз?

Не істейсіз?

Оқушылардың жауабы.

2.Сіз автобуста отырсыз бір әже кірді. Әрине тұрып орын бересіз.Әже қуанып қандай  алғыс айтады.

Қорытынды:

  1. Балалар, жақсыдан үйреніп, жаманнан жирене білейік.
  2. Қоғамдағы ең жақсы адам- әдепті адам, әдепті адамдар- қоғамның баға жетпес байлығы, мәртебесі.