«Ойын технологиясының эементтерін пайдалана отырып қазақ тілі сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту»

«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ

Бастауыш сынып мұғалімі

Исанова Шынар Алибековна

Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ десек, білім беру негізі – мұғалімнің біліктілігі мен біліміне, тәжірибесіне келіп тіреледі. Ол үшін мұғалімнің білімі мен біліктілігі оның педагогикалық шеберлігіне ұштасуы керек және де мұғалім үздіксіз даму үстінде болу керек. Педагог – өз ісінің шебері, жоғары мәдениетті, өз пәнін терең меңгерген, ғылымның тиісті салаларынан хабардар, әсіресе, балалар психологиясының, жас ерекшеліктерінің мәселелеріне қанық, оқыту мен тәрбиенің әдістемесін жетік меңгерген әрі үздіксіз даму үстіндегі адам болуы тиіс. Белгілі педагог К.Ушинский: «Мұғалім-өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім. Оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімділігі де тоқтайды» — деген.

Өйткені, келешек ұрпақтың барлығы ұстаз қолынан өтіп, тәлім-тәрбие алады. Үздіксіз даму үстіндегі мұғалімнің шығармашылық ерекшелігі – оның сабақты түрлендіріп, қосымша материалдармен байытып, тұлғаның жүрегіне жол таба білуінде. Мұғалім өзіндік дамуына кәсіби рефлексия жасай отыра, жаңа әдіс-тәсілдерді жетік меңгеруге қалыптасады, сапалы нәтижеге жетуге мүмкіндік береді. Өз жұмысымызда рефлексия жасап, біз заман талабына сай дағдыланамыз, үйренеміз, біз өз әрекетіміз арқылы ғана дамимыз. Біз, мұғалімдер өздеріміздің біліміміз бен кәсіби дайындықтарымызға сәйкес, өздеріміздің жұмысымыз туралы толғаныста болуымыз керек. Рефлексивті ойды шешуге жататын мәселелерді зияткерлендіру тұрғысынан қарастыра отырып, идеялар мен болжамдарды дамытып, практикалық жағдаяттардың зерттеулеріне бастама жасап және іске асыруымыз керек. Осылайша оқытуға ерекше ықпал етіледі. Мұғалімнің өзіндік дамуында  кері байланыс, кәсіби рефлексия- манызды екендігі сөзсіз. Қазіргі кезде қоғам дарынды, қабілетті адамдарды қажет етеді. Үздіксіз жаңалық енгізу білім беру саласында мектеп жұмысының дамуының ең басты фактор болып отыр.

Олай болса, мен 2016 жылдан бастап «Ойын технологиясының эементтерін пайдалана отырып қазақ тілі сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту» тақырыбын өзекті тақырып етіп алып, осы уақытқа дейін осы тақырыпта жұмыс жасаудамын. Соның нәтижесінде, оқушылар әр-түрлі конкурстарға қатысып жүлделі орындар иеленуде.

  1. Облыстық интеллектуалдық «Айналайын» конкурсы, 4оқушы – 2орын, 3оқушы-ІІІ орын.2016ж
  2. Мектепішілік олимпиада, 2оқушы – ІІІ орын.2016ж
  3. «Менің сүйікті мектебім» атты мектепішілік сайыс, 1оқушы-Іорын, 2оқушы-ІІорын, 2оқушы – ІІІорын.
  4. «Білгіш-2» Метапәндік Зияткерлік Олимпиадасы, 10 оқушы – ІІ орын. 2017ж
  5. Республикалық интеллектуалдық «Ақ бота» конкурсы, 4 оқушы – ІІІорын.2016ж
  6. Қазақ тілі пәнінен Халықаралық монопәндік турнир, 2оқушы – ІІ орын.2016ж
  7. «Сырыпм бар жүрегімде» атты балалар мен жасөспірімдер байқауы, 1 оқушы –

І дәрежелі дипломант, 2 оқушы – ІІ дәрежелі дипломант

  1. Бастауыш сыныптар арасында өткен қалалық пәндік олимпиадасы, 2 оқушы –

І орын.

  1. Бастауыш сынып оқушылары арасындағы ҮІ Республикалық «Зерек» ғылыми жұмыстары сайысы, 2 оқушы – ІІ орын.
  2. Республикалық интеллектуалдық «Ақ бота» конкурсы, 6оқушы – ІІорын, 12 оқушы – ІІІ орын. 2017ж
  3. Облыстық интеллектуалдық «Айналайын» конкурсы, 10оқушы – ІІІ орын.2017ж
  4. «Білгіш-1» Метапәндік Зияткерлік Ойыны, 11 оқушы – ІІ орын, 3оқушы – ІІІ орын. 2017ж
  5. Бастауыш сынып оқушылары арасындағы ҮІІІ Қалалық пәндік олимпиадасы, 1оқушы – І орын. 2018ж
  6. «Зерде-2017» қалалық ғылыми жобалар байқауы, 1оқушы – ІІІорын.
  7. Мектепішілік олимпиада. 1оқушы – І орын, 1оқушы – ІІІ орын
  8. «Ұшқыр ой, өткір тіл, дүниені танып біл!» атты олимпиада, 2оқушы – сертификат.2018ж

Әрдайым өзім де курстарға барып білімімді жетілдіріп, әр-түрлі конкурстарға қатысып отырамын:

 

Бүгінгі заман талабы-білімді, білікті, өздігінен тығырықтан шығар жол таба білетін іскер адам тәрбиелеуді қажет етіп отырғандықтан мұғалімнің мақсаты- өз тәжірибесіне өзгеріс енгізу. Өзгеріс енгізу- өз жұмысымыз жайлы ойлану, мониторинг жасау, саралау, зерттеу, кәсіби біліктілігімізді арттыру, қысқаша айтқанда біз өмір бойы оқуымыз керек, білім алуымыз керек, себебі мұғалім өз оқуың тоқтатаса оның мұғалімдігі де жойылады. «Ұстаз тумысынан өзіне айтылғанның бәрін жетік түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселерінің бәрін жадында сақтайтын, олардың ешбірін ұмытпайтын, алғыр да зерек ақыл иесі, өте шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл, жаны таза және әділ, жұртқа жақсылық жасап, үлгі көрсететін, қорқу мен жасқануды білмейтін батыл, ержүрек болуы керек» — деп, шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл Фараби ұстаз болмысын айқындаған екен. Олай болса, жауапкершілігі шексіз, қадірі мол мамандық иесінің ұрпаққа білім мен тәрбие берудегі алар орнын әр мұғалім бар болмысымен сезінгені абзал. Өйткені, бәсекеге қабілетті тұлға даярлауда білім сапасын көтерудің негізгі тетігі — білімді ұстаз. Яғни мұғалімнің кәсіби  шеберлігі жоғары болған жағдайда – білім сапасы да артады дегім келеді.