Сабақтың тақырыбы: «Ар – намысым, мақтанышым, қасіретім желтоқсаным.»

 

Сабақтың тақырыбы: «Ар – намысым, мақтанышым, қасіретім желтоқсаным.»

 

 

Мақсаты: Тәуелсіз Қазақстанның болашағын құрайтын жастарды,

шәкірттерді, дүниені дұр сілкіндірген Алматыдағы 1986жылы

желтоқсан оқиғалары мен оның себеп –сипатымен таныстыру.

Қалыптасып қалған әкімшіл-әміршіл тотиалитарлық режимге

қарсы бас көтерген қазақ жастарының ерлігін баян ету. Өз ұлтын

сүюге, мақтан тұтуға, жерін қорғауға тәрбиелеу.

 

Сабақтың түрі: драмалық кеш

 

Міндеттері:

  1. Оқушылардың аладарына қойған мақсаттарына қол жеткізуге жетелеу.
  2. Іс-әрекеттерін ірілендіре түсіру, өмірмен байланыстыру.

 

 

Сабақтың өту барысы: Кіріспе сөз

I жүргізуші: 1991ж 16 желтоқсанда біздің елімізде «ҚР-ның мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Ата заңы қабылданды. Азамат тарихының қоғамда, бұл жылдар аса маңызды шешуші оқиғаларға толы болды. Осы жылдар ішінде тәуелсіз қазақ мемлекетінің жүйесі 5 ғасырлық үзілістен кейін қайтадан қалпына келтірілді, еліміз өз қолына алды.

Әлемнің жүзден аса мемлекеті Қазақстанның дербестігін таныды. Дербес тәуелсіз мемлекет болғандықтан ҚР-ның рәміздері – Елтаңбасы, Туы, Әнұраны бар.  (әнұран орындалады).

II жүргізуші: 1986ж желтоқсанда бұрқ ете қалған наразылықтың үлгісі ондаған жылдар бойы назарлық жүйе жағдайында басып – жаншылған ұлттық өзін-өзі тануына деген құлшынысын қайта тірілтті. Мәселенің құқықтық тұрғысына келетін болсақ, КСРО-ның «Алтын заңы» аталатын конститутцияның 50-бабы азаматтарға берілетін сөз, баспасөз, жиын, көше шерулерін, демократиялар ұйымдастыру құқын әңгімелейтін еді. Алайда бұл тек сөз жүзіндегі бостандықтар жастарға үскірік аяз астында мұздай сумен атқылауға кедергі жасай алмады. Себебі, тотаритарлық жүйе өзінің табиғатында екі жүзділікпен, мәңгүрттікпен біте қинасқан құбылыс болатын.

I жүргізуші: 1991 жылы 29 тамызда ядролық полигонның ресми жабылуы. 16 желтоқсан ҚР президенті Н:Ә.Назарбаев “ҚР мемлекеттік ьәуелсіздігі туралы” конституциялық заңға қол қойды.

II жүргізуші: 1992 жылы 2 наурызда Қазақстан БҰҰ – ның мүшелігіне қабылданды. 1993 жылы 28 қаңтарда тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш конституциясы қабылданды.

I жүргізуші: 1993 жылы 15 қарашада ҚР ұлттық валютасы теңге айналымға енгізілді. 1994 жылы ақпан Қазақстан ядролық қаруды таратпау жөніндегі шарттқа қосылды.

II жүргізуші: 1995 жылы 1 наурыз Қазақстан халықтарының Ассамблиясы құрылды. 30 тамызда ҚР – ның қазіргі конституциясы қабылданды.

I жүргізуші: 2002 жылы қазан Түркістан қаласында дүниежүзі қазақтарының II құрылтайы өтті.

Көрініс: сахна Ә.ТІнәлиевтің “Желтоқсан желі” әнінің әуенімен  ашылады. Сахнада желтоқсан құрбандарының аттары жазылған ескертіш тақта орнатылған. Сахнаға кішкентай қыз жетектеген жас келіншек шығады. Дамбыра әуенімен ескерькіш тақтаға гүл қояды. (сахнаға М.Шаханов кейінген оқушы шығады.)

Мұхтар: Әр дәуәрдің еркіне сай нарықы өзгерген алтынның

Айналайын алтын әнім, жас өркені халқымның

Желтосанда шындық жырын шарқаймын деп шарқ ұрдым.

Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың

Кеудемде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның

Айналайын, жас өркені халқымның

(сахнаға журналист, студент, жолаушы шығады)

Мұқтар(көпке қарап ескертік тақтаға келіп): бұл тақта аузынан ана сүті кетпей жатып шашынан сүретіліп сабалған жазықсыз жалаға