Алтын күз мерекесіне орай  ұйымдастырылған «Күз ханшайымы – 2018» байқауының сценариі

Алтын күз мерекесіне орай  ұйымдастырылған «Күз ханшайымы – 2018» байқауының сценариі

 

1 — жүргізуші:
Табиғаттан бабамыз ала берген секілді,
Дархандықты қазаққа дала берген секілді.
Еркелікті, ерлікті жерден алған секілді,
Мөлдірлікті көгілдір көлден алған секілді – деп Қадыр Мырзалиев атамыз жырлағандай бүгінгі «Алтын күз» мерекемізді табиғаты аялау, табиғат сұлулығын сақтау біздің қолымызда десек те артық айтпаған болар едік.
Табиғат — күллі тіршілік атаулының құтты қонысы, алтын ұя бесігі, құт берекесі. Осы табиғаттың төрт мезгілінің өзіне тән ерекшелігі, жақсылығы, әр түрлі мерекесі бар. Мысалы, күз адам баласына молшылық, береке беретін мезгіл. Сондықтан да адамдар күзге берекелі, мерекелі күз, алтын күз деп баға берген.
Алтын дегеніміздің себебі айналаның бәрі сап — сары бояуға енген, екіншіден алтын байлықтың белгісі. Міне, осы екеуін аттастырып «Алтын күз» деп атаған. Күзде егінді жинап болған ағаларымыз «Сабан той» өткізіп күз берекесін тойлап отырса, әрбір мектептерде осы күз мерекесін тойлайды. «Алтын күз» кештерін өткізу дәстүрлі мерекеге айналған. Сол дәстүрді жалғастыра отырып бүгін де біздер «Алтын күз» мерекесіне «Күз ханшайымын»ұйымдастырмақпыз.
Армысыздар, бармысыздар ардақты ұстаздар, құрметті оқушылар мен ата — аналар. Бүгінгі 5, 6, 7 сыныптар аралығындағы  ұйымдастырылып отырған мерекемізге қош келдіңіздер.

 

 

 

1 — жүргізуші:
Сайыс 6 турдан тұрады, шарттары мынадай:
1-тур — Өз — өзін таныстыру (эмблемасы, киімі болса оны да таныстырып кету керек)
2-тур — . Өз өнерін көрсету (ән, би, қойылым, мәнерлеп оқу)

3-тур Сән  үлгісі (күз белгісін бейнелеу н/е күз ханшайымын бейнелеу)

4-тур.Салат жасау (күзгі жеміс-жидектерден өз фантазиясымен ) сол жерде дайындау
5-тур  Сұрақ-жауап
6- тур.  Қолөнер туындысы .Әр сыныптың «Күз» тақырыбына газет көрмесі
1 — жүргізуші:
Сайысымызды бастамас бұрын қазылар алқасымен таныстырып өтейік:
—————————

—————————-

——————————
1 — жүргізуші:
Армысыздар, бүгінгі кеш куәсі,
Алтын күзім тойланатын күн осы.
Жасыл далам, сары түске айналып,
Алтын күзге айналады жыр осы.
Табиғатым сары көйлек киеді:
Күзгі балды тойлауға жұрт жиылды
Рұқсат болса бастайық осы кешті.
Әрбір топ таныстыршы енді өзіңді.

 

 

Жүргізуші
1- тур өз — өзін таныстыру: (эмблемасы, киімі болса оны да таныстырып кету керек)5а, 5б, 6а, 6б, 7а, 7б

Дер кезінде әділқазы алқалары  сыныптардың ұпайларын айтып кетсек
Жүргізуші:

2-тур ға кезек келді: «Өз өнерін көрсету» (ән, би ,монолог панарамасыз). Сыныптар: 5а, 5б, 6а, 6б, 7а, 7б

Жүргізуші :Дер кезінде әділқазы алқалары  сыныптардың ұпайларын айтып кетсек
Бүгінгі кеш өтіп жатыр мәніменен,
Әр сұлу әсем болар сәніменен.
Өнерлерін көрсетсінші, әніменен —
дей келе келесі кезекте өз өнерін көрсетуге береміз.
3тур Сән  үлгісі (күз белгісін бейнелеу н/е күз ханшайымын бейнелеу)
Жүргізуші:  Дер кезінде әділқазы алқалары  сыныптардың ұпайларын айтып кетсек

4 –тур

Көріп кеттік өнерлерін топтардың,
Қимылдары жүргендей бір жай ұшып
Мерекелік ас мәзірін жасапты,
Қыздарымыз бармақтары майысып.
«Дәм тарту» күзгі өнімнен жасалған тағамның бір түрін көрсету.

 Жүргізуші Дер кезінде әділқазы алқалары  сыныптардың ұпайларын айтып кетсек

 

 

 

 

5-тур

Қыздарымыздың көркіне ақылы сай екенін

сынайтын уақыт жеткен сияқты.Кезекті сұрақ-жауап кезегіне берейік.

Жүргізуші :Дер кезінде әділқазы алқалары  сыныптардың ұпайларын айтып кетсек

Жүргізуші 6-тур   Ал кезекті ,қолөнер туындысына берелік.Үйден жасап келген заттарға назар аударамыз  оны таныстырады, мән — мағынасын ашып түсіндіреді
сонымен қатар сыныптардың қабырға газеттерін есепке аламыз.

Ал енді сайыскерлерімізді ортаға шақырамыз.
— Күз ұсынып егісі мен жемісін,
Әкеліпті халыққа бір молшылық
Сары жапырақ алтындай болып төгілсін,
Елімізде болсын әркез тыныштық – дей келе, қазылар алқасына сөз кезегін береміз. Бағдарламамыздың қорытындысын тыңдайық.

Келесі көріскенше аман болайық!