«Ақпараттық-қатынас технологиясы бастауыш мектепте. Оның тиімділігі неде?»

«Ақпараттық-қатынас технологиясы бастауыш мектепте.

Оның тиімділігі неде?»

 

         Ақпараттық-қатынас технологиясын пайдалану бастауыш сыныпта оқыту әдістемесінің заман талабына сай болуын қамтамасыз етеді.

Ақпараттық технологияны оқу үрдісіне енгізу мұғалімнің рөлін өзгертеді: ол балалардың танымдық іс-әрекеттерін ұйымдастырушы болады. Қазіргі заманғы маман  «екі түрлі құзіреттің» иесі  болу керек, яғни мамандығына сай дәстүрлі білім мен қатар ақпараттық технология жайлы білімі мен дағдысы болуы  қажет.

АҚТ оқытудың барлық кезеңдерінде: жаңа білім беру кезеңінде, бекіту, қайталау, білім,білік дағдыларын тексеру, факультативтік, сыныптан тыс уақытта, шығармашылық жұмыста қолдануға болады.

Сабақ барысында келесі АҚТ қолданылады:

  1. Компьютерлік тесттер. Білімді тексеру немесе қайталау сабақтарында пайдаланылады. Microsoft Office Excel бағдарламасында құрастырылған дайын немесе мұғалім өзі құрастырған тесттерді қолданады. Оқушы өз жұмысының ырғағын қалыптастырады. Өз жұмысына бірден баға алады. Ол қателерін санын көре алады. Компьютерлік тесттер арқылы оқушыда өзін өзі бағалау дағдысы қалыптасады.
  2. Ақпараттық контент. Қазіргі заманда кітапханалардың орнына электронды анықтамалықтар, энциклопедиялар, ақпараттар базасы, т.б. келді. Бірақ ондағы ақпараттардың барлығы да  объективті құрылымы дұрыс бола бермейді. Сондықтан қандай да бір сұрақтар берер алдында мұғалім өзі желідегі ақпараттарды бір қарап шығуы қажет.
  3. Электрондық оқулықтар. Мультимедиялық әдістері, интерактивті жаттығулары, диктордың сөзі, анимациясы бар көптеген электрондық оқулықтар, сабақтың электрондық үлгілері СД-диск түрінде кездеседі. Бұл дискілер оқушыға тек қана сабақта өз бетімен жұмыс істеу мүмкіндігін туғызып қоймай, сонымен қатар үйде де жұмыс істеуге болады. 4.Мультимедиялық презентация жасау. Презентация жасауды мен жаңа тақырыпты түсіндіру кезеңінде пайдаланамын. Microsoft Office Power Point бағдарламасында жасалынған слайдтардан оқушылар қажет үзінділерді, нақыл сөздерді жазып алып отырады.
  4. Интерактивті тақта. Бастауыш сыныпта интерактивті тақтаны қолдану

сынып оқушыларының ұжымдық жұмыс істеуін ұйымдастыру мен пәнге қызығушылықтарын қалыптастырудың, зейіннің тұрақтылығының бірден бір құралы. Магнитті қаламдарды, «сиқырлы» қаламдарды қолдану пайдалану баланың тек логикасын, шығармашылық ойлауын, моторикасы мен координациясын дамытып қоймай, оған қайта артқа қайтып қай жерде қате жібергенін көруге, өз жұмысына талдау жасауға мүмкіндік береді. Интерактивті тақтаның болуы бастауыш сыныпта оқытудың  тиімділігін өзінен өзі арттырмайды. Мұғалім сабаққа қажетті  материалдарды өзі таңдап алып, қажетті деңгейде даярлап  қоюы қажет.

АҚТ қолданудың нәтижесін былай көремін:

  • оқытудың тиімділігін арттыру
  • оқытуда жеке тұлғаны қалыптастыру
  • берілетін ақпараттының көлемділігі
  • сабақты ұйымдастыруды жақсаруы
  • оқушылардың білімін тексерудің сапасын арттырады
  • ұжымдық жұмысты ұйымдастырады
  • балада пәнге қызығушылық артады
  • оқушы мен мұғалімнің шығармашылық қабілеті артады
  • баланың заман талабына сай ақпараттық қоғамда өмір сүруге қосылуы
  • оқушының өзіндік дамуы

Мұғалім алдында жауаптан гөрі көп сұрақ туындайды. АҚТ қандай әдістері қолайлы? Әлде жұмыстың бұл түрі мүлде қажет емес шығар?  Менің ойымша бұл мәселенің тамыры оқыту үрдісінде ақпараттық технологияны қолданудың әдістемелік негізінің әлсіздігі деп білемін. АҚТ сабақта қолдану тек қана оқытуды тиімділігін арттырып қана қоймай, сабақта жақсы ахуал қалыптасыруға, оқушылардың жаңа білім алудағы ынтасының өсуін қамтамасыз етеді.  Сонымен қатар АҚТ қолдану өмір талабынан, оқушылардан  қалыспаудың  жолы.  Сабақта АҚТ қолданудың тиімділігі басқа дәстүрлі әдіс-тәсілдермен байланыста жүзеге асатынын ұмытпауымыз керек.

 

Әдебиеттер:

  1.   Селевко Г. К. Современные образовательные технологии. //Москва, «Народное образование».
  2.  Гуненкова Е. В. Для чего на уроке компьютер? //Начальная школа плюс До и После.
  3. 3. Бурлакова А. А. Компьютер на уроках в начальных классах. //Начальная школа плюс До и После.
  4. 4.  Суровцева И. В. Добываем знания с помощью компьютера. //Начальная школа плюс До и После.
  5. 5. Ткаченко В.С. Электронные книги и обучение в Интернет.