«Сағым боп өткен сан жылдар» атты кештің бағдарламасы

« Сағым боп өткен сан жылдар »атты            

                                кештің бағдарламасы

 

Балауса:

Армысыздар, бармысыздар, жиналған жұрт , халайық,

Бүгін думан, бүгін той, әлемге жар салайық.

Сәлем сөздің атасы деген сөз бар,

Алдыменен сіздермен амандасып алайық..

 

Ботагөз:

Арма менің , ұстаздарым қымбатты,

Есен – сау ма ата – аналар гүл бақты?

Білім туын желбіретер биікке,

Аман ба екен ұл-қыздарым сымбатты?

 

Балауса:

Алтын шуақ шашылған ,

Алтын моншақ тағынған,

Табиғатың өзінде,

Тағат таппай мақтаған.

 

Ботагөз:

Қызғалдағы қаптаған,

Әнші-жыршы мақтаған.

Есігінен әр үйдің

Бақыт болып аттаған.

 

Балауса:

Құрметті ұстаздар, ата – аналар, оқушылар!

 

Ботагөз:

Көптен бері күтіп жүрген «Сағым боп аққан сан жылдар» атты кешімізді ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер.

 

Балауса:

Қандай тәтті қылығы қыз баланың?

Жаным құмар тыңдауға қыздар әнін.

Қыз дегенде елжіреп , төніп түсем,

Құлағандай секілді құздан ағын.

Гүлмариямның өнерін тамашалаңыздар

 

Ботагөз:

Қыз дегенде жайым жоқ сызданатын,

Қызығың сол, ойласақ біз баратын.

Қыз – шабытым, қыз – қуат, қыз – жігерім,

Қалақтасам, тағы да , қыз – қанатым.

Қазақ биі 8 «ә» сынып оқушылары

 

Балауса:

Оттай лаулап , жұлдыздай жаныңыздар,

Ән дегенде қызыл шоқтай қанымыз бар.

Көңілге күн , жүрекке жылу берер,

Сіздер үшін арнайы әніміз бар.

Ботагөз:

Азиза мен Ақмаралдың орындауындағы әнді қабыл алыңыздар

 

Балауса:

Аққулар асыл жандар,

Шуақ боп шашылғандар

Қуат боп тасынғандар,

Құшақ боп ашылғандар.

«Чинури»  биін қабыл алыңыздар

 

Ботагөз:

Гүлназдың орындауында «Әке жыры» әні

 

Балауса:

Сағым боп аққан сан жылдар,

Сарсаңға мені салдыңдар.

Тағдырлас маған, тағдырлар.

Қай жаққа кетіп қалдыңдар?

«Нафанна»  биі

 

Ботагөз:

Қыздар да ғой , еркелік ізгілікте,

Телміреміз сол үшін үздігіпте.

Қыз жасасын өмірдің сәні  болған,

Қыз сағыныш , қол жетпес қыз биікке.

Қымбаттың орындауында  

М.Мақатаевтың «Шеше , сен бақыттысың» өлеңін қабыл алыңыздар

 

Балауса:

Саусақтары майысып,

Мың бұралып билеген.

Әдемі би көргенде

Таңғажайып күйге енем.

Вальс 8 «ә» сынып оқушылары

 

 

Ботагөз:

Ән – жырымен өсіп өнген дана халқым,

Әрдайым ұғынатын сөздің парқын.

Мына сазды әуенін тыңдайықшы,

Гүлдей сұлу қызымыздың жүзі жарқын.

Азиза мен Ақмаралдың орындауындағы әнді қабыл алыңыздар

 

Балауса:

Бір жылдары досым келіп сұрады,

Оның дағы былай болды сұрағы.

Өнерлі  жан неге дара туады?

Өнерді кім , қалай біліп ұғады?

 

Ботагөз:

Өнер деген – таудың кәусар бұлағы,

Өнер деген — өмірдің от шырағы.

Қырда өскен қызғалдақтай жайқалған,

Өнер деген тасты жарып шығады.

Ортада сыған биі

 

Балауса:

Азиза мен Ақмаралдың орындауында ән

Балауса:

Азизаның орындауында «Қазағым» әні

Ботагөз:

Жоққа сабыр, барға қанағат етіңіздер,

Армандаумен мұратқа жетіңіздер.

Олай болса арулардың байқауын,

Аяқтауға рұқсат етіңіздер.