Менің елім – Қазақстан!

Сабақтың тақырыбы:   Менің  елім – Қазақстан!

Мақсаты: еліміздің тарихы туралы түсінік беру, өз Отанын сүюге, туған еліне , жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екенін түсіндіру

Көрнекілігі: Нұрсұлтан Назарбаевтың суреті , слайд-шоу,  еліміздің рәміздерінің суреті, нақыл сөздер, суреттер.

 

“Тәуелсіздік”11 әріптен құралған,

Сан ғасырлар бар қазаққа боп арман.

Талай дара, даналардың көз жасы,

Қаныменен атты таң боп бізге алдан.

 

 

Кіріспе сөз

Құрметті студенттер!!! Біз кеше ғана барша халық болып, елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ел тәуелсіздігінің 21 жылдығына арналған  2050 стратегиясы: Бір халық — бір ел — бір тағдыр қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыт-бағдар   деген тақырыпта дәстүрлі халыққа жолдауын тындадық.

Ел болашағын болжап, қайда баратынымызды айқындап берген президентіміз Н.Ә.Назарбаев 2050 жылға дейінгі дамудың стратегиялық бағдарламасында — өркениетті ел қатарына жетудің жолдарын саралап берді. Оны іске асыратын біздерміз. Ендеше, біздің алдымызда ауқымды істер мен аманат жүгі тұрғандықтан ертең кеш болып кетер, бүгіннен бастайық дер едім.

Біз бақытты ұрпақпыз, бейбіт өмір кешіп жатырмыз, бұл әрине елбасымыздың сарабдау саясатымен көрегендігінің арқасы. Елбасы өз жолдауында өз алдына және халық алдына дамыған 30 елдің қатарына ену мақсатын қойды. Әрине бұл мақсаттқа жету үшін әр-бір азамат өз үлесін қосу керек. Менің ойымша ол біріншіден жалынды жастардың қолында, сондықтан осы орайда елбасымыз қазір жастар ісіне, жастар саясатына баса назар аудара отырып, жастардың лайықты еңбек етуі еліміздің кемел келешегі  деп атап өтті.

Қазақстан   2050 стратегияның  негізгі бағыттары   мәңгілік жолындағы ұрпақ бірлігінің, ұрпақтар сабақтастығының көрінісі. Тәуелсіз елді өз қолымен құрған ұрпақпен әрі қарай дамытқан ұрпақ сабақтастығының көрінісі болғанда ғана біз үлкен ел боламыз. Бұның бәрі жастардың қолында.

Елбасы өз жолдауында жастарға: сендер болшаққа деген үкілі үмітіміздің тірегісіндер. Біздің бүгінгі атқарылып жатқан шаруамыз сіздер үшін жасалды.

Сендер Тәуелсіз Қазақстан еліміздің перзентісіндер, тәуелсіз елде туып, тәуелсіз елде тәрбие алдындар. Сендердің азат ойларымен кемел білімдерін біздің қол жетпес мақсаттарымызға апаратын құдіретті күшті — деді. Әрине жарқын болашақ білімді жастардың қолында деп санаймын. Елбасымыз жастар ұрпақтың сапалы біліммен саналы тәрбие алуына баса мән беруде. Жастардың заман талабына сай білім алу үшін үлкен мүмкіндіктер жасауда.

Менің алға қойған мақсатым келер ұрпаққа сапалы біліммен саналы тәрбие беру. Осы орайда еңбегімді еш аямаймын, елбасымыздың үмітін ақтаймын және де барлық жалынды жастарды дамыған 30 елдің қатарына қосылу үшін өз үлесін қосуға шақырамын.

 

Біздер бүгін Отан жайлы жырлаймыз,

Мерекенің қарсаңында текке қарап тұрмаймыз.

Бәріңізді мерекемен құттықтап,

“Менің Қазақстаным!” әнұранын шырқаймыз!

 

Жоспары:

1.” Қазақ елі – менің Отаным!”(   сұраққа  жауап беру)

 

  1. Мәнерлеп оқу
  2. “Мақал –сөздің мәйегі”

4.Сөз өнері

 

“Тәуелсіздік” тобына:

1.Тудың авторларын ата

2.2012жылғы  Лондонда өткен ХХХ олимпиадасындағы күміс, қола медаль иегерлерін ата?

3.Қазақ ғарышкерлері кімдер?

4.Еліміздің тәуелсіздігі үшін күрескен батырларды білесіңдер ме?

 

“Қазақстан”тобына:

1.Мемлеттік тіл-қай тіл?

  1. Қазақстан неше мемлекетпен шектеседі?
  2. Желтоқсан құрбандары кімдер?

 

Мәнерлеп оқу сайысы:

1.”Тәуелсіздік” тобы:

Жеке: “Тәуелсіздік” Қ. Әбілдақызы

Хормен:“Туған тілім” Д.Әбілев

 

2.“Қазақстан “ тобы:

Жеке: “Қазақстан”Қ.Әбілдақызы

Хормен:“Үш бақытым” М.Мақатаев

 

“Мақал – сөздің мәйегі”

“Тәуелсіздік” тобына:

1.Малы жоқ деп ерден түңілме,

Шөбі жоқ деп … …  .

2.Ел іші -….

3.Туған жердің күні де ыстық,…

4.Бірлігі  жоқ ел тозады,

Бірлігі күшті … … .

5.Ер жігіт ел үшін туады, …

6.Ер жігіттің екі сөйлегені- … .

7.Жауға  жаныңды берсең де,  … .

 

“Қазақстан” тобына:

1.Туған жердей… ,туған елдей…

2.Отан үшін күрес-…

3.Әркімнің өз жері-..

4.Отанды сүю-…

5.Отбасының өнегесі-…

6.Тұлпар тегін табар, ер жігіт …

7.Отансыз адам-…

 

“Сөз өнері” сайысы:

Топ басшылары:

“Менің елім-Қазақстан!” тақырыбы бойынша ел, жер, Отан, халық, тіл, дәстүр туралы әңгімелейді.

 

Өрендер, өрлей берсін өнерлерің,

Айналаң бәрі сенің көрерменің.

Тілеймін дәл осылай барлығыңның

Тек қана биіктерден көрінгенін,- деп  бүгінгі “Менің елім-Қазақстан!” атты ойын-сайысымызды аяқтаймыз.  Сайыс барысында өз білімдеріңді сарапқа салдыңыздар, біліктіліктеріңді көрсеттіңдер, өнерлеріңді тамашашаладық. Сіздерді өз елін шын сүйетін, оның дамуы мен көркеюі жолында қызмет ететін нағыз патриоттар болады деп сенемін!

Бақыт,тірлік- күн талабы,

Тоқтамайды шаттық әні.

“Көк тудың желбірегені”

Мәңгі бақи шырқалады (Ән: “Көк тудың желбірегені”)