Біз әдепті баламыз

Тақырыбы: «Біз әдепті баламыз»

Мақсаты:

  • Адам бойындағы жақсы және жаман қасиеттерді ажырата білуге үйрету, әдептілік қасиеттерді оқушы бойына сіңіру. Балаларды үлкендерді сыйлай білуге, кішіге қамқор болуға үйрету, алған білімдерін тереңдету.
  • Сұрақ- жауап арқылы балалардың сөздік қорын дамыту.
  • Балаларды адамгершілікке, әдептілікке, инабаттылыққа баулу.

Әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, сахналау.

Көрнекілігі: «Әдептілік әлеміндегі» гүл суреті, гүлдер суреті, ойын тапсырмалары, ағаш суреті, жапырақтар.

Барысы:

(Балалар шаттық шеңберін құрып, келген қонақтармен амандасады.)

— Армысыз, қайрымды Аспан-Ата,

— Армысыз, мейрімді Жер-Ана,

— Армысыз, Шұғылалы Нұрлы Күн,

— Армысыз , мектептегі сыныптас,

— Армысыздар , құрметті мұғалімдер.

-Балалар, біз қазір неге амандастық деп ойлайсындар?

-Үлкендермен және барлық адамдармен амандасу керек.

-Амандасу ненің белгісі?

-Амандасу әдептіліктің белгісі.

-Әдептіллікке нелер жатады?

— Ендеше, балалар, біз әдептілік әлеміне саяхатқа шығамыз. Менің әдепті балаларды көргім келеді. Бірақ сол әдептілік әлеміне бару үшін көп еңбек етуіміз керек. Қиыншылықтарды жеңу үшін бізге білім, шындық қажет.

-Ал көздерінді жұмып, 3-4 дегенде көзімізді ашамыз.(музыка әуені естіледі, тақтада гүлдерден із жасалып, балалар сол ізбен жүреді).Мына жерде «Әдептілік әлемі» деп жазылып тұр екен .

Бірнеше тапсырмаларды орындасақ, біз «Әдептілік әлемінде» не бар екенін білетін боламыз.

Біз әдепті баламыз,

Айтқан тілді аламыз.

Айтқан тілді ұғамыз,

Саяхатқа шығамыз.

1-тапсырма: Жағдаятты шешу.

1.Көше бойымен таяққа сүйенген қарт келе жатады. Басын көтеріп жол бағдарлауға шамасы келмей келе жатыр.Сіз оған қарсы кездестіңіз.Не ойлайсыз? Не дейсіз? Не істейсіз?

Оқушылардың жауабы.

 

2.Сіз автобуста отырсыз бір әже кірді. Не ойлайсыз? Не дейсіз?

Не істейсіз?

2-тапсырма:Көрініс.

Дүкенге бір қарт адам келе жатады. Жер тайғақ еді, ол кісі тайып жығылып қалады. Бір қыз бала мен ер бала мектепке келе жатқан еді.Ер бала қыз балаға сөмкесін беріп, қарт кісіні көтеріп тұрғызып жібереді. Ол рақмет айтып, кетіп қалады. Қыз бала одан:

-Ана кісі сенің анаң ба ?

-Жоқ, анам емес.

-Жеңген бе ?

-Жоқ, жеңгем емес.

-Әлде әжең бе ?

-Жоқ ,әжем емес .

-Танисың ба?

-Жоқ танымаймын. Жәй бір адам ғой. Қыз бала таңырқап қалады.Сендер осы көріністен не түсіндіңдер? (балалар өз ойларын айтады).Әже не деді балаға? (рақмет).

3-тапсырма. Сиқырлы сөздер.

Сендер қандай сиқырлы сөздер білесіңдер? (рақмет, кешірініз, қайырлы таң,)

-Жақсы .

4-тапсырма. Ойын: «Жалғыстыр».

Не істеуге болмайды?

— Үлкендердің алдынан кесіп өтуге болмайды.

— Құстарды атуға болмайды.

— Сабақтан кешігуге болмайды.

Не істеу керек?

— Үлкенді сыйлау керек.

— Үлкендерге сәлем беру керек.

— Оқу құралдарын күтіп ұстау керек.

5-тапсырма. Сұрақ.

Әдептілік, жақсы қасиеттерді қайдан үйренуге болады?

Оқушылар:

— мақал-мәтелдерден;

— кітаптан;

— нақыл сөздерден;

— мектептен;

— ата-анадан;

— жақсы адамнан;

— газеттен;

— журналдан, т.б.

6-тапсырма. Лебіз айту.

Мұғалім: Енді біз айналамыздағы адамдарға, әке-шешемізге, достарымызға жылы лебіздер айтайық. Оны жапыраққа жазып, ағашқа ілеміз.

«Әдептілік әлеміндегі» сөздерді оқып, тәрбие сағатын қорытындылады.