Көктем мезгілі Сабақ жоспары

Тақырып: Көктем мезгілі

Мақсаты: Көктем мезгілін сипаттау, балаларды табиғат тамашаларымен таныстыру. Табиғат ерекшеліктері мен өзгерістерін бақылау арқылы тілдерін дамыту, табиғатты аялауға, табиғаттың әсемдігін, сұлулығын көре, сезе білуге тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілдері: Көрсету, түсіндіру, сұрақ — жауап.
Көрнекілігі: Көктем мезгілі туралы суреттер, құстардың суреттері, қызғалдақ гүлінің суреті.
Мативациялық қозғаушы:
Балалар, қараңдаршы жарқырап күн шығып тұр, бізге шуағын шашып тұр.
Қандай шуақты ерекше күн! Және де бізге көп қонақтар келіп отыр екен және солармен амандасып алайық.
Шаттық шеңберіне тұру.
Арайлап таң атты,
күн сәулесін таратты
жарқырайды қаламыз
жарқырай түс, даламыз
қайырлы таң! Қайырлы таң қонақтар
(Шеңберге тұрады өлең жолына сәйкес қимылдар жасайды)
Бүгін бізде ашық оқу іс — әрекеті: Айналамен таныстыру. Мен қазір сіздерге жұмбақ жасырамын.
Мұқият тыңдап алыңдар.
Қар еріп, су көбейіп, сай салаға ағады!
Ағам басы бүршік шашып, жапырақ ашып, гүл бәйшешек толады
Балалар, айтыңдаршы,
Бұл қай кезде болады?
Бұл көктем мезгілінде болады.
Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады?
Көктем мезгілінде күн жылынды.
Қар еріп, жылғалардан су ақты. Туған жерге құстар ұшып келді.
— Көктем мезгілінде қандай құстар ұшып келді?
Ағаштар бүршік жарып, жапырақ жаяды.
Жеміс ағаштары гүлдейді.
— Қар ерігеннен кейін жер бетіне бәйшешек гүлі шығады. Жауқазын гүлі, қызғалдақ гүлдері шығады.
— Көктем мезгілінде қандай алғашқы гүлдер шығады?
Егістікте тракторшылар жер жыртып, сеялкамен дән себеді
Көктем мезгілінде егістік жерлерде қандай жұмыстар жүргізіледі?
Егістікте тракторшылар жер жыртып, сеялкамен дән себеді.
— Наурыз айында қандай мерекелерді атап өттік?
Наурыз айында 8 — наурыз аналар мерекесі, 22 — наурыз Ұлыстың ұлы күні Наурыз тойын тойладық.
тапсырмалар әкелдім.
Жұмбақтар айтады.
— Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады.
Ол не? (Күн.)
— Ағаш.
— Жылт жылт етеді.
Жылғадан өтеді.
Ол не? (Су)
— Қыста киімін тастайды,
Көктем де киіне бастайды.
Ол не? (Ағаш.)
2 тапсырма.
— Кім жаңылтпаш біледі?
Көктем күні шуақты,
Көктем күні қуатты.
Көктем күні шуақты,
Сай — салад су ақты.
Көктем күні күкіреп,
Жаңбыр жауды сіркіреп.
Көктем күні күркіреп,
Шыға келді қыр түлеп
ергіту сәті:
Күн болып жанайық.
Су болып ағайық.
Терең – терең демалып,
Жүгіріп, жүгіріп алайық.
«Көктемгі күн жерді қыздырып, табиғаттағы бар тіршілік иелері оянып, қызғалдақтар жер – анадан күш алып, жапырақтарын жайып, күлтешелерін көтеріп, күнге қарай қол созады. Себелеп өткен жылы жаңбыр гүлдің жапырақтарын аймалап жуып, шаңын кетіреді. Гүлдер жерді көріктендіреді, адамға жақсы көңіл – күй сыйлайды, олардан дәрі жасайды. Гүлдер жәндіктерге қорғаныш және тіршілік көзі болып қызмет етеді.
«Қызғалдақ гүлін құрастыра отырып жапсырамыз».
1) сабағын
2) күлтешесін
3) төменнен жоғарыға қарай жапырағын жапсырамыз.
Балалардың өз бетімен жұмыстар.
Балалардың жұмыстарын мадақтау.
Қағаз ханшайымы:
Балалар мен сендерге өте ризамын.
Сендер менің тапсырмаларымды өте жақсы орындадыңдар. Ал енді сендермен ойын ойнасақ бола ма?
Ойын: Жақсы мен жаман
Мақсаты: Жақсы қасиет болса қолдарын шапалақтайды, жаман қасиет болса тыныш отыру.
1) Көшет отырғызу.
2) Ағаштарды сындыру.
3) Құстарға жем шашу.
4) Құстың ұясын бұзу.
5) Ағаштарға су құю.
6) Гүлдерді жұлу.
7) Құстарға ұя жасау.