Рр дыбысын дұрыс айтуға машықтандыру

Тақырыбы: Рр дыбысын дұрыс айтуға машықтандыру

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Рр дыбысын сөздер басында,сөздер арасында, аяғында дұрыс айтуға машықтандыру.

Түзете-дамытушылық: Оқушының жалпы сөйлеу тілін дамыту. Дұрыс әрі анық сөйлеуге үйрету. Рр дыбысының артикуляциясын анықтай білуге үйрету. Фонетикалық есту қабілетін дамыту. Байланыстырып сөйлеу тілін дамыту. Рр дыбысының сөзде, сөз тіркесінде, сөйлемде  және мәтінде анық дыбысталуын түзету.

Тәрбиелік: оқушыны ұқыптылыққа, тазалыққа, өз бетімен жұмыс жасауға және әдептілікке тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар: Тақырып бойынша сюжеттік кариналар, Р дыбысына арналған заттық суреттер, жаттамақтар, дыбыстық жаттығулар жазылған материалдар.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу.

Күлімдеп күн бүгін,

Қарады маған да.

Күлімдеп күн бүгін,

Қарады саған да.

Шуақпен нұр төгіп,

Көңілді кетті көтеріп.

ІІ. Фонетикалық және фонематикалық түйсігін дамытуға арналған сергіту жаттығуы. «Қызыл дөңгелек»

Мақсаты: Фонетикалық және фонематикалық түйсігін дамыту. Дыбыстардың қатарынан Рр дыбысын табу. Оқушыға қызыл дөңгелек беріледі. «Р» дыбысын естігенде қызыл дөңгелекті көтеруі қажет.

А,Л,Р,С,Т,Ж,Р,М,Ғ,Р,Б,П,Д,Р.

ІІІ. Арикуляциялық жаттығулармен жұмыс.     

Ат шауып келеді — ауызды кең ашып тілді таңдайға жапсыру,айыру немесе таңдай қағу.

Тоқылдақ — ауызды кең ашып тілдің ұшымен жоғарғы  таңдайға жиі соғылғандай қимыл жасау керек.

Саңырауқұлақ — жымиямыз, ауызды кең ашамыз, тілді таңдайға жапсырамыз.

ІҮ. Дыбыспен жұмыс.

Р дыбысы, Р дыбысын айнаға қарау арқылы дыбыстау (бірнеше рет)

Ү. Тыныс алу жаттығуы.

«Допты қақпаға соқ» мақтадан доңгелек етіп доп жасап, допты қақпаға терең тыныс алу арқылы, жәй,қатты үрлейміз

ҮІ.Буынмен жұмыс   

Р дыбысы бар буындарды айнаға қарап дыбыстату.

РА-РА-РА                      РЫ-РЫ-РЫ

РО-РО-РО                    РҰ-РҰ-РҰ

Р дыбысын созып айт,анық айт

Ра-ра-ра-рас

Ар-ар-ар-қар

Ро-ро-ро-ром

Ор-ор-ор-тор

Ры-ры-ры-рыс

Ыр-ыр-ыр-оты«Р» дыбысынан басталатын сөздер айту.

Радио, Раушангүл, Робот, Рахат, Рақым, Ракета.

«Р» дыбысы сөздің арасында келетін сөздер айту.

Арман, Арба, Орман, Арал, Тарақ, Арпа, Қарға.

«Р» дыбысы сөздің соңында келетін сөздерді айту.

Тор, Батыр, Тақыр, Отыр, Қар, Бор, Жыр.

ҮІІ. Мына сөздерден сөйлем құрау.

Сатушы, тұр, сарымсақ, сатып.

Қасым, суарды, ағаштарды.

Сыбызғы, Асқар, ойнады.

Саматпен,тепті Қайсар, сырғанақ.

ҮІІІ. Сергіту  сәті.

Қане бірге тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Оңға бұрылып,

Солға бұрылып.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз тынығып алайық.

ІХ. Р дыбысын жаттықтыр

Жаңылтпашты оқу.

Сылдырмақ,

Сылдырмақ, сылдырлап.

Бесікте тұрады.

Бөпешім былдырлап,

Сылдырмақ ұрады.

Бас салып сол кезде,

Ауызға салады.

Сол кезде сылдырмақ,

Сөйлемей қалады.

Х. Қортынды: Сұрақ-жауап

ХІ. Оқушыны мақтау, мадақтау