Ана – мейірімді, құдіретті жан, анасыз өмір жоқ екенін түсіндіру.

Алматы облысы,Талдықорған қаласы «А.С.Макаренко атындағы  № 6орта

Мектебі,мектепке дейінгі шағын орталығымен»

Бастауыш сынып мұғалімі Кусаинова Лаура

 

Тақырыбы:                                        «Анаға қарап қыз өсер».

 

Тәрбие сағатының мақсаты:

 

Ана – мейірімді, құдіретті жан, анасыз өмір жоқ екенін түсіндіру.

 

                   Тәрбие сағатының барысы.

1.Кіріспе.

  1. «Анаға қарап қыз өсер» — сайыс.

 

Өткізу шарты.

1.Өзін-өзі таныстыру.

2.Сұрақ, жауап.

3.Өнерлі өрге жүзер. Өнер сайысы.

4.Шебердің қолы ортақ. Көйлек тігу, түйме қадау.

5.Мақал – мәтел. Күш – білімде.

6.Пародия.

 

Кіріспе.

Құрметті аналар, қыздар, қадірлі ұстаздар!

Көктемгі гүлдей жарқырап, гүлдей құлпырған гүл мерекелеріңіз, күн мерекелеріңіз құтты болсын!

Ана деген ақылшың,

         Ана барда бтырсың.

         Қасында кім болсада,

         Тек анаңа жақынсын.

дей келе «Анаға қарап қыз өсер» атты сайыс – тәрбие сағатымызды бастаймыз.

 

Ортаға сайысқа қатысатын аналар мен қыздарды шақырамыз .

1.Ана-Айтбекова Жанар

Қызы-Айтбекова Аружан

 

2.Тәтесі-Рахманкулова Жұлдыз

Сіңлісі-Туманбаева Аружан

 

3.Ана-Рахимбаева Салтанат

Қызы-Серік Айдана

 

4.Ана-Кенебаева Рыскүл

Қызы-Айтқали Нүрай

 

 

Сайысқа қатысушылармен таныстық. Енді әділ – қазылар алқасымен таныстырып өтейін

Ендігі кезек сайысқа қатысушыларға беріледі.

 

1.Таныстыру. Сайысқа қатысушылар өз – өздерін таныстырады.

2.Сұрақ – жауап. Әр қыз бала келіп сұрақтарды алады. Сұрақтар ана және қызына.

 

         Сұрақтар:

1.Анаға:Қыз қуу ойыны туралы айт.

Қызға:өзің білетін ертегі айт.

 

2.Анаға:Ер адамның ұлттық киімі жайлы айт.

Қызға:көктем мезгіліне сурет сал.

 

3.Анаға: сиыр малы туралы айту, пірі, төлі, пайдасы.

Қызға:Өз анаң туралы айт.

 

4.Анаға:жеті атаны айт.

Қызға: «Ана» туралы тақпақ оқы.

 

  1. Өнерлі өрге жүзер: Сайысқа қатысушылар өз өнерлерін көрсетеді (ән, би, күй).

 

  1. Шебердің қолы ортақ. Ана көйлек пішіп, тігеді, қызы түйме қадайды ( 5-мин).

 

5.Күш білімде. 1 мин. Қанша мақал – мәтел айтуға болады.

6.Пародия. Әр сайыскер анасы мен қызы өздерінің ең сүйікті әншілеріне пародия жасайды.

 

Ендігі кезек әділ – қазылар алқасына беріледі.

Сайыстың қорытындысы айтылып болған соң ортаға 3  «Ә» сынып оқушыларының аналарға арналған шағын концерттік бағдарлама ұсынылады.

 

1.Әдеби – монтаж.

 

1-оқушы

Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталады,

Сендер жазған ақындар жыр дастаны.

Сендер жазған әндері самғайтүсіп,

Жүрегіне із тастар әр адамның.

 

2- оқушы

Жадырап тұр бүгінде берекеміз,

Бір тамшы білімді көл етеміз.

Еңбегіңіз әрдайым жемісті боп,

Құтты болсын бүгінгі мерекеңіз!

 

 

3-оқушы

Армысың, ару қыздар, абзал ана!

Анаға тең келетін бар ма дана?!

Мерекең бүгінгі күн құтты болсын!

Қуанышпен құшақтарға көңіл толсын!

 

4- оқушы

ушы Тіршілік шыққан күннен нәр алады,

Ананың ақ сүтінен жаралады.

«Анама» деп салған әні

Аналар, бір сіздерге арналады.

5-оқушы

Теңдесі жоқ данасың,

Арқа тұтар панасың.

Еңбегіңді ақтайын,

Аман болшы, анашым!

Бар өмірдің жүрегі,

Өзің алтын ордасың

Тілегімнің тірегі,

Уайымың болмасын!

 

 

 

2.Хор «Айналайын мама»

3.Күй «Қосалқа» Айзаданың орындауында.

4.Ән «Ақ әжем»: Қуат, Ерсін, Бекжан, Досжан.

5.Ән «Ақ мамам» : Айтқали Нұрай.

6.« Ақ мамам».

 

Осымен мерекелік тәрбие  — сайыс сабағымыз аяқталды.