Тілім барда білмеймін мен қайғыны Сабақ жоспары
Тақырыбы: «Тілім барда білмеймін мен қайғыны»
Мақсаты: Оқушыларды өз халқын, туған жерін сүюге, қастерлеуге, бағалап мақтан етуге тәрбиелеу.
Тәрбиеші:
Келе жатқан мәңгіден дара салтым,
Мақтанышым, елдігім, парасатым.
Сенсіз тілім, теңі жоқ тіршілігім,
Өміріме өң беріп жарасатын.
Тілден өткен інжуді іздемеген,
Көрмеген ел қаймығып түзде неден.
Бас кеспек болғанымен , тіл кеспек жоқ,
Тірлігімнен тілімді үзбе деген.
Аман өтіп қиямет өткелдерден
Жығылмадым не дауыл , өткел желден.
Жаз бағындай жадырап шуағын төк,
Жарқын дәурен өмірлі көктемдерден,-деп ақындар жырлағандай халқымыздың өшпес
асылы, сөнбес шырағы, мол қазынасы, сан ғасыр тарихы бар қасиетті тіл мен өнеріне арналған.
1-жүргізуші: Қазақстан Республикасының «Тіл туралы»
Заңы1989 жылы 22 қыркүйекте, Жоғары кеңестің сессиясында қабылданған болатын.
Бүгінде сол Заңымызға 27 жыл толып отыр.
2-жүргізуші: Ерлік, елдік, бірлік, қайрат , бақ ардың,
Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың.
Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,
Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың.
1-оқушы: Әлдилеп көзді ілдірген,
Марқайта мәз ғып күлдірген.
Үйретіп өмір сырларын,
Ананың тіллін бүлдірген.
Аяулы тілім, ардақтым,
Шырыным, шекер бал тәттім.
Қазақтың талай қыранын
Көтеріп көкте самғаттың.
2-оқушы: Тілі боп қазақ келгенсің,
Дей алмас ешкім сөнгенсің.
Жамиғат жұртың сау болса,
Әлі де талай ерлерсің.
Тура бір жолдан таймаған,
Шешендер өтті сайраған.
Жауына жарқ етіп бұл,
Қаймықпас тілді қайраған.
3-оқушы: Сөз айтам саған адам деп,
Қазаққа кеткен Абай кеп.
Алдырып басын жауына,
Тіл тартпай кетті Махамбет.
Үш зәулім қатар биігім,
Тартасың ойға иірім.
Төрт арыс тартты қазаққа,
Заманы берген күйігін.
4-оқушы: Жау беті қайтып Жамбылдан,
Ерліктің жолы жанғырған.
Аралап өтіп әлемді,
Әуезов тілі таң қылған.
Бабалар жолын таппасам,
Інжуін жырдың тақпасам.
Қазақтың дана тілінде,
Торайғыровша ақпасам.
5- оқушы: Туғанда мені тың түлеп,
Жаңарған дала дүркіреп.
Кейуана көктем сүйеді,
Салмалы беттен үлбіреп.
Көзіме нұр боп басылдың,
Жолыма жыл боп шашылдың.
Бағасыз қалай өтермін,
«Туған жер» деген асылдың.
6- оқушы: Мейірімі мол балаға,
Бар әлемде анаға,
Басымызды иеміз,
Бабамыздың тілі деп,
Данамыздың үні деп.
Қорытынды.
Тәрбиеші: Біздің «Ана тілім –асылым, асыл мұрам» бөлме сағатымыз аяқталып келеді. Тіл- әр ұлттың қайталанбас байлығы. Тіл бар жерде ұлт та, ел де, жер де болмақ. Сондықтан әрқайсымыз өз ұлтымыздың тілін, осы тілі арқылы бүкіл әлемге танытпақпыз, тіл арқылы басқа да салт- дәстүрлер ді, әдет- ғұрыптарды, тарихын, мәдениетін, әдебиетін үйренеміз. Сондықтан әр азамат өз ұлтының қамқоршысы, жаршысы, қорғаны болары сөзсіз.