Сағыныштай сап – сары ала арман күз…

Тақырыбы: Сағыныштай сап – сары ала арман күз…

Кештің мақсаты: «Алтын күз» мерекесіне ұйымшылдықпен қатыса отырып, күз – байлық, күз – береке, күз – шаттық, күз – қуаныш екенін оқушы санасына жеткізу. Өздеріне ерік бере отырып, ауызбірлікке, ынтымақтастыққа баулу.

Мұғалімнің кіріспе сөзі: Құрметті «Сағыныштай сап – сары ала арман күз» атты күзгі балл кешіне жиналған мұғалімдер қауымы мен оқушылар. Дәстүрге айналған «Алтын күз» мерекесіне қош келдіңіздер! Қасиетті күз мезгілін бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Күз – байлық, күз- молшылық, күз – қуаныш, күз – шаттық дей отырып бүгін өздеріңнің  қатысуларыңмен күзді үлкен салтанатты мерекеге айналдырып отырмыз.

 

Жүргізуші: Армысыздар, ұлағатты ұстаздар!

Бармысыздар, жадыраған жас достар!

Берекелі, мерекелі алтын күз құтты болсын!

Тағы да күз, тағы міне, сары таңды ұзақ түн,

Уысында тағы мен ұйқы дейтін тұзақтың.

Ой-хой, шіркін, тағы міне бір күзді мен ұзаттым.

Өмірімнің есейгенін сезінемін күзде мен,

Алдағыға асығамын, өткенді әсте іздемен

Ой – хой, шіркін, болашаққа құмармыз ғой біз деген.

Қалай біздер қаперімде аңғара алмай қалғанбыз,

Әттең – ай, неткен аңқау, неткен аңқау жандармыз?

Келіп қапты –ау сағыныштай сап – сарыала арман күз… деп ақын Мұқағали Мақатаев жырлағандай сағыныштай сары  ала арман күзіміз де келіп жетті. Ендеше кешімізді бастайық. Ортаға сайысқа қатысушы үміткерлерімізді шақырайық!

1а тобы-

1 б тобы —

2 а тобы –

2 б тобы —

2 в тобы —

3а тобы –

3б  тобы-

3в тобы-

Бүгінгі сайысымызға әділ бағасын беретін әділқазы алқасымен таныс болыңыздар!

Сайысымыздың бірінші бөлімі – таныстыру. Әр топ өздерін таныстырып өтсін.

2 бөлім. Көркем сөз оқудан сайыс

Табиғаттан бабамыз ала берген секілді.

Дархандықты қазаққа дала берген секілді

Еркелікті, ерлікті желден алған секілді

Мөлдірлікті көгілдір көлден алған секілді- деп ақын Қадыр Мырзалиев ағамыз жырлағандай, бүгінгі күзгі балл мерекемізді табиғатты аялау, табиғат сұлулығын сақтау тақырыптарымен ұштастырсақ артық айтқандық емес. Сайысымыздың келесі бөлімі күз тақырыбына көркем сөз оқу.

 

3- бөлім. Сағынышқа толы сары әндер» әндерден конкурс.

Асыл тастан, өнер жастан,

Шығады деп дарынды.

Халық айтса, қалт айтпас

Әрқашанда нанымды

Сол шындықты күнделікті

Көріп жүрміз өмірден

Өнерімен танысайық

Тілекші боп көңілден

3 бөліміміз «Сағыныш толы сары әндер» ән және өнер конкурсы. Үміткерлеріміздің өнерін тамашалайық.

 

4 бөлім. Мерекелік дастархан мәзірі.

Көрсетеді өнер әр салада сайысып,

Қимылдары жүргендей бір жай ұшып

Мерекелік ас мәзірін жасапты

Қыздарымыз бармақтары майысып дей келе  келесі 4-ші бөлім – «Мерекелік дастархан мәзірі» деп аталады. Әр топ өздерінің дайындап әкелген тағамдарымен таныстырады.

 

5 бөлім. Үй тапсырмасы

Алтын күз сізбен бізге шуақ шашсын

Көңілдің серіппелі күйін ашсын.

Бақ пен шаттық бірге қатар қонып,

Біздерге бірлікпенен ортақтассын!

О заманда ашқан қазақ өнер сырын,

Өнер – жастан жаныңдар

Шақырған сайыстарға бірі – бірін

Өнерпаздар дарындар

Көрейік тамашалап көрермендер

Көрсетсін сайыскерлер өздері дайындаған қолөнерін-  дей келе 5- ші бөліміміз үй тапсырмасы деп аталады. Сайыскерлеріміз өз шығармашылықтары бойынша дайындап әкелген қолөнер бұйымдарымен таныстырып өтсін.

 

 

 

6 бөлім. Сән үлгісі

Бүгінгі кеш өтіп жатыр әнімен

Әр сұлу әсем болар өз тәнімен

Өз қолынан шығарған киім сәнін

Сіздерге көрсетеді өз мәнімен – дей отырып келесі кезекте сән үлгісі.

 

Ендігі кезекте «Сағыныштай сап – сарыала арман күз» күзгі балл кешінің жүлдегерін анықтайық. Ортаға сайыскерлерімізді шақырайық. Сөз әділқазы алқасына беріледі.

Білім – теңіз, мектепті кеме дейміз

Білім мен тәрбие егіз дейміз

Әдебі мен тәлімі үндесетін

Жастарды болашаққа жетелейміз.

Жеңістер мен жеңілістен тұратын

Өмір күрес, жеткізе ме мұратын

Жеңбедім деп, жеңілдім деп ренжімегін

Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын.

Қош демейміз, әлі талай сайыс бар

Өнерлерің өрлей берсін қайыспай,

Ойлы орта кеңейсін күнен – күнге

Өскен елдің жұртынан бір қалыспай – деп бүгінгі кешімізді аяқтаймыз. Жеңісті күндерде кездескенше, достар!