Генетиканың даму тарихы

Күні: 30.01.2013ж

Сынып: 10А

Сабақтың тақырыбы:  Генетиканың даму тарихы.

Сабақтың мақсаты:1) Оқушыларға генетика ғылымының пайда болуы және жеке дамуы туралы білім беру. Генетик ғалымдардың еңбектерімен, Қазақстандық ғалымдардың еңбектерңмен, олардың маңызымен таныстыру.

2) өзбеттерімен жұмыс істеуге, жауапкершілікке, мақсата жете білуге тәрбиелеу.

3) тұрақты түрдегі ерікті зейін қоюды дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: оқулықтағы суреттерді пайдалану.

Сабақтың әдісі: Сұрақ жауап, баяндау, 

Сабақ барысы:

І.    Ұйымдастыру

Амандасу, кезекші есебін тыңдау.

 

ІІ. Үй жұмысын сұрау

  • 35 мазмұнын сұрау.

 

ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру

Генетика – бүкіл тірі организмдерге тән тұқымқуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейтін биология ғылымының бір саласы.

  • Тұқымқулаушылық – ата –анадан берілген қасиет, ол белгілі бір биологиялық түрге тән. Тұқымқуалаушылыққа байланысты түрдің бірлігі, біртұтастығы сақталады.
  • Өзгергіштік – организмнің тұқым қуалау қасиеттерінің сыртқы орта факторлары әсерінен өзгеруі, жаңаруы, түрленуі. Өзгергіштік негізінде түрлер әртүрлі болады. Өзгергіштік әрі қарай эволюциялық дамуға себепші болады. Осы заңдылықтардың қалай жүретіндігін зерттейтін ғылым саласы – генетика. Бұл терминді ғылымға 1906 жылы ағылшын генетигі У. Бэтсон енгізді. Генетика ғылымының дамуы 3 кезеңнен тұрады :
  • пайда болуы.
  • қалыптасуы
  • молекулалық генетиканың пайда болуы.

Генетиканың нақты ғылым болып қалыптасуы австриялық табиғат зерттеушісі Грегор Мендельдің есіміне байланысты.  Ол “Өсімдік будандарымен жүргізілген тәжірибелер” деген еңбегінде тұқымқуалаушылықтың негізгі заңдылықтарын атап көрсетті.Генетика тарихындағы шешуші бір кезең америкалық генетик Томас Морганның және оның шәкірттерінің тұқымқуалаушылықтың хромосомалық теориясы мен тіркес тұқым қуалау, т.б. заңдылықтарды ашуымен тікелей байланысты. Генетика ғылымының дамуына қазақстандық ғалымдардың да қосқан үлесі зор.

 

ІV. Бекіту

1)  Генетика ғылымы нені зерттейді?

2)  Тұқымқуалаушылық , өзгергіштік дегеніміз не ?

3)  Генетика ғылымының кезеңдерін атаңдар ?

 

  1. Бағалау

Әр оқушының белсенділігіне, жауаптарына қарай талдап бағалау.

 

  1. VI. Үйге тапсырма беру
  • 36оқу. 159 беттегі сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.