Музыка және поэзия Туған өлке таланттары

Бекітілді:                                                                                                                           17-сабақ

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:                                          Мектеп: М.Байділдаев атындағы  №232 орта мектеп

 

Күні:                                                                                          Мұғалімнің аты-жөні: Қалдыгүл  Рахымжанова

 

 Сыныбы:  6а,б                                                                                       Қатысқандар саны:

                                                                                                                   Қатыспағандар саны:

                Сабақ тақырыбы                            Музыка және поэзия

                          Туған өлке таланттары

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 6.1.1.1; 6.1.2.3; 6.1.3.1; 6.2.2.1
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар:

—          Қазақ поэзиясының заңдылықтары және өлшемдерімен танысады;

Оқушылардың көпшілігі:

—          Қазақ дәстүрлі өлең түрлері және Абайдың жаңашылдығы жайында мағұлмат алады;

Кейбір оқушылар:

—          Тиісті  жағдайларда  басқаларды  қадағалайды.

Бағалау критерийлері Егер оқушылар:

—          Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алса;

—          Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алса;

—          Әннің екпіні мен ырғағын сақтай отырып орындай алса, онда олар оқу мақсатына жеткен.

 

Тілдік мақсаттар Оқушылар:

Музыканы талдай  білулері, тыңдалған музыкалық шығарма туралы пікірін айта білулері керек.

 

Құндылықтарды дарыту

 

Классикалық  музыканы  тыңдауға  қызықтыруға  дағдыландыру;

Жалпыға мәлім мәдениет құндылықтарын құрметтеуге тәрбиелеу мен эстетикалық талғамды қалыптастыру.Туған өлкесінің тарихын, табиғатын аялай білуге тәрбиелеу. Сыр өңіріндегі жыршы -термеші , әнші сазгерлердің шығармашылығы туралы әңгімелеу.

Пәнаралық байланыстар Бейнелеу өнері, әдебиет,өлкетану оқулығы
Бастапқы білім Алдыңғы тарауларды өткенде игерген білім
                                                                                                  Сабақ барысы:
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
 
Сабақтың басы Сабаққа сай әдісімен  топтарға  бөлеміз.

1.        Сыныпты талқылап,  тақырыпқа шақыру.

 

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кесте қағаздар және әртүрлі заттар.
Сабақтың ортасы 2- тапсырма.

Тыңдау және талдау.

   Абайдың әні  «Көзімнің қарасы»

-әуеннің көңіл-күйі мен көркем бейнесін жеткізе отырып, екі дауысты немесе канон элементтерін пайдаланып, әртүрлі стильдегі және  жанрдағы әндерді орындаймыз.

3- тапсырма.

Тыңдау және талдау.

 — музыкалық аспаптар мен дауысын қолдана отырып, музыкалық композициялар шығару және импровизация жасау.

4- тапсырма.

Әнді үйрену:      Халық әні  «Қамажай»

Интонациямен жұмыс,

Әуенмен жүмыс,

Ырғақпен жүмыс.

Оқушыларды туған өлке таланттарымен таныстыру.

 

Оқушылардың өз білгендерін тыңдай отырып, жыршы –термешілер туралы мағұлмат беру. Толғау тарланы – Базар жырау, ұлағатты ұстаз- Тұрмағанбет, Жиенбай жырау Дүзбенбетұлы, Сырдың дүлдүл ақыны –Нұртуған,Нартай ақындармен қатар Сыр өңірінің сазгерлері мен әншілері жайлы әңгімелеу.

Сыр бойының белгілі сазгері Т.Қалауовтың «Қызылорды вальсі» әнін тыңдап , орындаймыз.

 

 

Топтық тапсырмалар, кері баланыс, стикер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Магнитофон, флешка

 

 

«Өлкетану» оқулығы, Қызылорда облысы,5-7 сыныптар

Сабақтың соңы 5. Рефлексия:       «Табыс баспалдағы»

Сабақтағы өз әрекетіңнің рефлексиясын жаса.

Табыс баспалдағындағы өз орныңды анықта.

Оқушыларға  Сыр сүлейлері, олардың өздеріне тән ерекшеліктерін, Сыр сазгерлері мен олардың шығармалары туралы зерттеу жұмыстарын тапсырма ретінде беру.

Табыс баспалдағы суретінің парақтары
Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақталуы
Тыңдалған  музыкаға сүйемелдеу жасау барысында мұғалім кейбір оқушыларға көмек ретінде ырғақ үлгілерін ұсына алады. Бақылау;

Бағалау өлшеидерімен дескрипторлар бойынша;

Ән орындау кезінде оқушылар бірін-бірі өзара бағалайды.

 

Десаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Сабақ бойынша рефлексия Бұл бөлім сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен?     Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезендері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

   
Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1.

2.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1.

2.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?