«Салауатты ұлт — салауатты ұрпақ» «Көркем эстетика» пәндер бірлестігі фестивалінің ашылу салтанатының сценарийі
Эстетикалық пәндер фестивалінің ашылу салтанатының жоспары.
1-жүргізуші:
-Армысыздар ардақты алқалы жұрт !
2-жүргізуші:
-Қайырлы күн! Таңмен таласа оянып білім алуға асыға басып мектепті бетке алатын барша оқушылар мен аяулы ұстаздар!.
Ұстаздар демекші бір түрлі ән айтқым келіп тұрғанын қарашы:
(Ұстазым менің ұстазым
Өзіңмен өткен қыс жазым
Қалдырған ізің мәңгілік
Жадымда тұрар жаңғырып
Ұстазым менің ұстазым) деп әндете жөнеледі.
1-жүргізуші: -Нұразат не істеп тұрсың, ұстаздар мерекесі әлдеқашан өтіп кетті емес пе? Ән айтқаның қалай?
-Ана бір түймең үзілейін деп қалыпты, кел қадап берейін. (деп ине-жібін алып Нұразатқа жақындайды).
2- жүргізуші: -Рахмет апай тоқтай тұр, әуелі мен ана бір шегені қағып алайын шығып кетіпті біреудің аяғына кіреді ғой! ( Нұразат сахнадағы шегелерді балғамен ұра бастайды).
1-жүргізуші: -Нұразат осы сен екеуіміз сахнаға не үшін шықтық, не боп кетті өзі, ән, ине-түйме, балға-шеге?
2-жүргізуші: Өзімізді-өзіміз таныту керек ғой!
1-жүргізуші: -Олай болса бастаймыз ба?
2-жүргізуші: -Әрине, бастасақ бастайық.
Бүгін музыка, еңбек,
1-жүргізуші:— сызу және бейнелеу, АӘД, дене шынықтыру пәндер бірлестігі фестивалінің ашылуына (екеуі бірге) қош келдіңіздер!!!
2-жүргізуші:
Біздің ұранымыз: Өнерлі өлмес, үміт сөнбес
Біздің мақсатымыз: Өнерлі, дені сау, бәсекеге қабілетті, қажырлы қайсар, жан-жақты білімді ұрпақ қалыптастыру.
(Бірлестік жетекшісі апталықтың өтетін ашық сабақ және іс-шаралардың бағдарламасымен таныстырады).
1-жүргізуш:і
Құлақтан кіріп бойды алар
Әсем, ән мен тәтті күй
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең менше сүй -деп Абай атамыз айтқандай. Олай болса осы ұстаздарымыздан тәлім алып жүрген талантты оқушылардың шағын концертін ұсынамыз, қабыл алыңыздар!
2-жүргізуші:
Спорт- көркі өмірдің,
Спорт-досың, серігің
Жаттықсаң шымыр боларсың
Шынығып, өсіп, толарсың. деп
6 «Б» сынып оқушыларын әсем биімен ортаға шақырымыз. Қабыл алыңыздар.
1-жүргізуші:
Биші қыздар кел бері,
Ортаға шық ілгері
Мың бұралып билеңдер,
Жастық шақтың гүлдері.
2-жүргізуші: Келесі кезекті 5-сынып оқушыларына береміз.
1-жүргізуші:
Наркескен қайрылмайтын қылыш болса,
Мінезі ақыл, өнер дұрыс болса
Ақылды, сабырлы ер деп соны айтамыз,
Еткені берекелі жұмыс болса-
дей келе ортаға 11 сынып оқушыларының сапта жүру өнерін тамашалауға шақырамыз.
2—жүргізуші:
Бойымда қайрат, тұрғанда сенім,
Құрбаның болам жолыңда сенің.
Құлпырып мәңгі жасай бер, жаса,
Сүйікті Отан, сүйкімді елім!
Ән: Қазақстаным Орындайтын 10 «А» сынып оқушысы Рыскалиев Алдияр Қабыл алыңыздар.
1-жүргізуші:
Гүлсезім апай осы шараға өз үлесін қосу үшін кімдер келіп тұрғанын білесіз бе?
2-жүргізуші: Әрине, ол біздің бүлдіршіндер. Олай болса кезекті 1 «Б» сынып оқушыларының дайындаған биіне береміз. Қабыл алыңыздар.
1-жүргізуші.
Ұстаздар қалқып бақыт аралында,
Лайым мұң қонбасын жанарыңа
Осымен фестивальді аяқтайық
Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа
2-жүргізуші:
Құрметті оқушылармен ұстаздар! Осымен«Технология, АӘД, бейнелеу, сызу, дене шынықтыру және музыка» пәндер бірлестігі фестивалінің ашылуы өз мәресіне жетті.
(Бірге) Сау болыңыздар!
Т.Г.Шевченко атындағы орта мектебі
«Салауатты ұлт — салауатты ұрпақ» «Көркем эстетика» пәндер бірлестігі фестивалінің ашылу салтанатының сценарийі
25 қараша, 2017 жыл