Өзін-өзі тану пәні- Рухани жаңғырудың ұлттық сипаты

          Өзін-өзі тану пәні- Рухани жаңғырудың ұлттық сипаты.

 

«Әр баланың қабілетін ашуы, өзіне жол табуы, өзінің күш-жігеріне сенуі өзінің өмірдегі орнын анықтау үшін өте маңызды! Әлемде махаббат пен мейірімділік ортасын жасай отырып, қарапайымдылық пен махаббат жүректен жүрекке жетуі тиіс»

Назарбаева Сара Алпысқызы

 

Бүгінгі тандағы білім жүйесіндегі міндеттердің бірі, жеке тұлғаның рухани адамгершілік тұрғысынан кемелденуіне назар аудару. Жеке тұлғаның адами тұрғыдағы қасиетін ашып көрсету, яғни руханилығын дамыту, қазіргі — заман талабы.

Еліміздің егемендігі нығайып, ертеңіне сеніммен қадам басқан шағында заманына сай адамын тәрбиелеу басты міндет. Осы өрелі жолда ұрпақ өнегесі, олардың адамдық болмы­сы жайлы ой толғап, рухани-адамгершілік білім беруді басты идея етіп ұстанатын С.Назарбаеваның «Өзін-өзі тану» авторлық бағдарламасының алға қойған мақсатының өзі ерекше. Өйткені, бұл пән жасөспірімге рухани-адамгершілік тұрғыдан білім беру, дамыту арқылы үйлесімді қалыптасуына ықпал етеді.

Өзін-өзі тану пәні- әлемдегі ең басты құндылық – адамның өмір сүруі үшін, бақыт үшін, қуаныш үшін жаралғандығына негізделеді. Өмірдің осындай қарапайым ақиқатына – жақсы адам болуға, өз елінің патриоты болуға баланы жастайынан үйрету керек. Бұл тұрғыда өзін-өзі тану мұғалімнің рөлі аса зор. Өйткені ол оқыту мен тәрбиелеудің қазіргі әдістемесін жеткілікті меңгеріп, ба­лалар психологиясын терең талдай отырып, белгілі бір жастағы балаларға бағытталған педагогикалық процесті ұйымдастыра алады.

Қоғамның рухани-адамгершілік құндылықтарға деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында жаңа «Өзін-өзі тану» пәні өмірге келіп, 2010 жылдан бастап мектеп бағдарламасына енген еді. Рухани-адамгершілік білім беруде тиімді қолдану – «Өзін-өзі тану» пәні бастауы бұрыннан болған, біздің арғы ата-бабаларымыздан келе жатқан жақсы дәстүрлеріміздің жалғасы іспеттес деуге де  болады. «Рухани мұраға сүйенбеген елдің жұлдызы жанбайды демекші, заман ағымы талап етіп отырған ата-бабаларымыздан қалған әдеби мұраларымызды, халқымыздың өсиетін, өнегесін дәріптеп, дәстүрін таңғажайып тапқырлығын, олардан қалған ескірмейтін көне сөздерді, мақалдар мен мәтелдерді бүгінгі ұрпаққа үлгі-өнеге болатындай, келер ұрпаққа тәлім-тәрбие беретіндей ғасырлар қойнауынан сыр шерткен асыл мұраларымызды осы пәнге енгізілген.

«Өзін-өзі тану» пәнін білім берудің ұлттық жүйесі жаппай енгізу жүрісі мониторингінің нәтижесі оның Қазақстанның білім беру мекемелерінде тәрбие жүйесінің негізі және білім беру мазмұнының өзегіне айналғандығын растады. Тәуелсіз сарапшылар «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын еліміздің, яғни, білім алушылар, ата-аналары, педагогтар жақсы қабылдады. Бұл оны қазіргі Қазақстандағы мәдени-жаңғырту процестерінің негізгі нүктесі деп санауға негіз береді.

Өзін-өзі тану сабағы да Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласымен жалғасын табуда. Бұл бағдарламада ұлт санасының жаңғыруын мақсат еткен. Сананы рухани жаңғыртуға бәсекеге қабілетті, білімді елдің ғана шамасы жетеді. Сол себептен Елбасы рухани жаңғырудағы ұлттық сананың рөліне баса назар аударып, бірнеше міндеттерді айқындап берді. Елбасы аталған мақаладан жаңаша бастау алатын «Туған елге» ұласатын «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынып отыр. Әрбір азаматтың өзінің туған жеріне деген  жанашырлығын, махаббатын оята отырып өз туған жерінің гүлденуі, көркеюі үшін нақты үлес қосуға үндейді.

Жас буын өкілдері халықтың игі дәстүрінен тәлім алып, елжандылық, патриоттық қасиеттерді бойына сіңіріп өсу үшін нақ осындай бағдардың маңыздылығы зор.

«Байқағанымыздай, өзін-өзі тану пәнінің артықшылығы қазіргі кезеңде өзін-өзі тану идеясын қазақстандық қоғамда тарату болып табылады. Бұл ұлттың басты мүдделеріне сай келеді, себебі ата-бабамыз айтып кеткендей: «Даналық мақсаты – еркіндік, мәдениет мақсаты – кемелдік, білім мақсаты – махаббат, оқу мақсаты — тұлға».

 

Авторы:  «Социалистік Еңбек Ері

Есім Шайкин атындағы орта мектебі» КММ

Өзін-өзі тану мұғалімі  Жаркинова Зубида Азаматовна