Жаңартылған білім – болашақтың кепілі

 

Жаңартылған білім – болашақтың кепілі

 

«Ғасырлар мақсаты – қоғамның нарықтық  қарым – қатынасқа

көшу кезінде саяси  – экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға

алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды    құрушы,  іскер, өмірге икемделген жан– жақты мәдениетті жеке тұлғаны қалыптастыру»

 

Н.Ә. Назарбаев

 

Елбасымыз Н.Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер –  бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оқушыларды қалай тәрбиелесе, ­Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» деген болатын.  Қазіргі уақытта кез  – келген мемлекеттің ХХІ ғасырдағы жаһандық аренадан алатын орны оның интеллектуалды әлеуеті, мамандардың біліктілік және шығармашылық шеберлік деңгейімен сипатталатын белгілі. Қазіргі уақыттың оқушысы сыни ойлап, өзін – өзі бағалай алатын, алған білімін күнделікті өмірдегі жағдайларға  қолдана алатын, бәсекеге қабілетті жан – жақты дамыған тұлға болуға тиіс. Ғылыми–техникалық прогрестен қалыспай, жаңа педагогикалық инновацияларды  уақытылы қабылдап, өңдеп, нәтижелі пайдалана білу әрбір ұстаздың  яғни біздің негізгі міндетіміз болып табылады. Қазіргі біздің алға қойған мақсатымыз  оқушылардың  танымдық қабілеттерін, яғни өзінше ойлау қабілетін  арттыру, елестету мен есте сақтауын, дағдысын қалыптастыра отырып, шығармашылығын дамыту. Алған білімдерін  күнделікті өмірде қолдану,  қазіргі білім берудің  маңызы  деп ойлаймын.

Жаңартылған білім берудің түпкі мақсаты оқушыны сыни тұрғыдан ойлайтындай білім мен тәрбие беру. Ал оқушы бұл мақсатқа жетелеуші, бағыттаушы және ұйымдастырушы белсенді мұғалім болып табылады. Оқу жетістігін көру үшін критериалды бағалау пайдаланады. Оқыту әдісін пайдалану арқылы оқушының қабілетін жақсарта түсеміз. Жаңаша оқыту  – оқу тәрбие көзінің жетістік көзі. Жаңартылған білім бағдарламасы мектеп мұғалімдерінен кәсіби құзіреттілікті талап етеді. Ол үшін дағдысының болуымен қатар, курста алған білімді еңсеру және өзгелермен тіл табысу құзіреттілігі де тұрады. Берілген оқу мақсаты бірнеше рет қайталана оқушыға негізделіп отырады.  Жаңартылған білім беру кезінде оқушылардың қоршаған орта ұғымдары кеңейіп, ойлау қабілеттері артып, пайымдау дағдылары шыңдала түседі. Бүгінгі таңда бізде үйренгеніміз де, үйренеріміз де көп. Үнді халқының тарихи тұлғасы Махатма Гандидің: «Егер сен болашақтағы өзгерістерді байқағың келсе, сол өзгерісті уақытында жаса», – деген ілімін негізге ала отырып, оқушы бойындағы қабілетті жетілдіріп, оқушыларды болашаққа жетелеп, жақсы істі бастағалы отырмыз. Жаңартылған білім – болашақтың кепілі.

Оқыту кезінде мұғалімдер жоғары нәтижеге қол жеткізуде  сындарлы оқыту, зерттеуге негізделген оқу, белсенді оқу теориясымен, спиральді оқу бағдарламасы терминімен танысып үйрендік. Оқулықтан алынған  тапсырмаларға қысқа мерзімді жоспар әзірлеуді үйреніп, критериалды бағалауларға байланысты бір критерийге бірнеше дескриптор құруды талқылап, бұрынғы бағалаумен салыстыра отырып,  қазіргі критериалды  бағалаудың тиімділігіне көз жеткіздік.  Білім жетілдіру курсына ұстаздар қауымы  жаңа біліммен қаруланып, ынтымақтастықта жұмыс жасадық. Тренеріміз Жағалбайлыұлы  Бекболатқа  алғысымыз шексіз.