Мамандық иелері

Тақырыбы: Мамандық иелері

Мақсаты:

Б. м:. Мамандық түрлерімен таныстыру шаштараз, аспаз, дәрігер,тігінші мамандарын ажырата білуге үйрету;
Д. м: Сурет бойынша әңгіме құрастыруға, сөйлеу қабілетін дамыту.
Т. м: қызығушылықтарын арттыру, үлкендердің еңбегін бағалап, құрметтеуге тәрбиелеу.
Сөздік жұмысы: Мамандық, тігінші, дәрігер, шаштараз, аспазшы
Көрнекіліктер: Мамандық иелері туралы суреттер, құралдар,
Әрекет кезеңдер псиxологтың әрекеті /Бала әрекеті

Мотивациялық оятушылық

Іздену- ұйымдастырушылық

Рефлекстік кезең

Қорытындылау

Шаттық шеңбері: Барлығын іс-қимылмен суреттен көрсету

1.Кірпіштен сарай,үй салады,

Ол адам кім болады? (Құрлысшы)

2.Ауырған адамның қасында

Емделудің жөнін айтар.(дәрігер)

3.Тәп-тәтті тамағы,

Астың маманы  (аспаз)

4.Қолдағы    жұмыс жарағы

Қайшы мен тарағы   (шаштараз)

5.Маңдайға жағып шырақты,

Жер асты оның тұрағы.

Ағызып отын өзенін,

Жылытқан кім өз елін (шахтер)

6.Жылдам ұшып ғарышқа,

Танытқан бізге ғаламды,

Кім екен ? (ғарышкер)

7.Оқу білім үйреткен,

Ардақты адам кім екен? (мұғалім)

 

Ойға жина. Әңгімелеу.

Балаға суретті көрсетіп түсіндіру.

-Суретте  қандай мамандық иелері бейнеленген?

-Кім қайда жұмыс істейді?

 

Сергіту сәті:

Біз ұшамыз, ұшамыз,

Бар әлемді құшамыз.

Әрбір ел мен қалаға,

Қуанып бақыт сыйлаймыз

 

«Кім болам?» дидактикалық ойын

Шарты: Балаларға болашақта қандай мамандық  иелері болатындығын  суреттен көрсеткізу

-Сен қандай мамандықты ұнатасың?

 

ІҮ.Қорытындылау

-Баланы басынан сипап мақтау.смаилк беру.

 

Үйге тапсырма: суретті бояу.