Балалардың түстерді ажырата білуіне арналған тренинг

Балалардың түстерді ажырата білуіне арналған  тренинг.

 

 

Өткізілген күні : 26.09.2018ж.

 

Өткізілген топ : «Балапан»

 

Мақсаты : Тәрбиеленушілердің есте сақтау қабілетін арттыра отырып,логикалық ойлау дағдыларын жетілдіру.

 

Міндеті : Логикалық ойлау,заттарды топтастыра білу дағдыларын жетілдіру.

Қажетті материалдар : түрлі –түсті гүлдер,жүрекше.

 

  1. Жылулық шеңбері.

Балаларды шеңбер бойымен тұрғызып,бір-біріне жүрекше  ұсынып  «Сені көргеніме қуаныштымын» деп жылы сөз айтқызу.

  1. «Кім жылдам» жаттығуы

Әр түрлі гүл жапырақшалары  жерге шашылады,балаларды бір-бірден шығарып  гүл жапырақшаларынан гүл құрастыру, түстерін айтқызу.

  1. «Эмоция» ойыны

Топ жарты шеңбер болып отырады.Әр бала психологиялық жұмбақ жасырады,яғни жұмбақты бет  әлпет қимылы арқылы  жасырады.Ал балалар оны табулары қажет.

 

 

Педагог – психолог                          Ж.Д.Рамазанова