Біздің көңіл-күйіміз
«Біздің көңіл-күйіміз»
Мақсаты: Адамның эмоциональді қалыптағы жағдайларын тани білуге, оларды жеткізе білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: «Бауырсақтың» эмоционалді қалыптағы схемелық бейнелері бейнеленген конверттер, айна, қағаз, қарындаштар.
Сабақ барысы
- «Шаршылар салайық» тыныс алу жаттығуы.
- Мұрын арқылы баяу әрі терең тыныс ала отырып, қолымызды алдыға қарай тік баяу иық деңгейіне дейін көтереміз.
- Демімізді шығармай, ұстап тұрамыз.
- Одан кейін алақанымызбенм көз алдымызда шаршы бейнесін сала отырып, демімізді баяу шығарамыз.
- Психологиялық ойын «Менің көңіл-күйім» жаттығуы
Алдарыңдағы бланкіге өз көңіл-күйлеріңді суреттеп салыңдар
ΙIΙ. «Айна» ойыны.
Ойын барысы:
- Балалар, сендер – «айна» боласыңдар. Ар мен
«айнаға» карап, сендерден менің бет — әлпетімдегі қалыпты сұраймын:
а) Балалар еш көмексіз өз беттерімен табады.
б) төмендегі сөйлемдерге сүйенеді.
Мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын. Далада жаман ауа – райы болғанда мен көңілсіз боламын.
Маған күлкілі оқиға айттым.
Мен найзағайдан қатты қорқамын.
Мен қатты ашуландым.
«Айна» тек қана бет — әлпеттің қалпын айтып қана қоймай оны дәлме – дәл көрсетіп жеткізуі тиіс.
ΙΙΙ. Ым – ишара түрінде берілген эмоциональді қалыптардың сызбамен сәйкестігі.
- Әр бала «бауырсақтан» эмоциональді қалып бейнеленген сызба сурет бар конверт алады.
- Суретке мұқият қарап бауырсақтың қандай жағдайда бейнеленгенін атап, анықтаулары керек.
- IV. Эмоционалды қалыптың сызбасын еске түсіріп салу керек./әр бала өз конвертіндегі қалыпты/
- Бауырсақ суретте қандай болғанын еске түсіру.
- Бала осы эмоцияны көрсетуі керек.
- Қағаздағы сызбаны атауы керек.
- «Оралма» жаттығуы/1 сабақ/
- Рефлексия. «Күн шуақ» балалар сабақтан алған әсерімен бөлісу.