Ұрпағын тек деп өсірген

«Ұрпағын  тек  деп  өсірген»

 

‘Бала тәрбиесі — баршаның ісі». Ендеше бала тәрбиесіне оның болашағыне немқұрайды қарау кешірілмес күнә. Халқымыздың »балалы үй бәзар баласыз үй мазар» деген аталы сөзі текке айтылмаған Балғындардың риясыз күлкісі, әсем қылыаынсыз өмірді, келешекті көз алдымызға елестету мүмкін емес. Бала десе жүрегіміз езіліп көңіліміз толқып, мерейіміз таси түсетіні де сондықтан болар.

Нарық заманы бүгінде қай салаға да жеңіл тиіп отырған жоқ. Бірақ сол қиыншылықтарды тілге тиек етіп, жас ұрпақ тәрбиесіне, келешегіне немқұрайлы қарауға болмайды.

Ата-бабаларымыздың өткен тарихын,   ғасыр ауламаларын балғын-дардың жүрегіне ұялатып, болашақта олардың ел қамын ойлайтын отансүйгіш азамат болып өсуіне басты назар аударылады Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауына сай «Қазақстан — 2030» бағдарламасын қуаттап, «Ақбота» балабақшасында көптеген    тыңғылықты   істер жүзеге    асырылуда. Мысалы:  «Мен Қазақсандықпын» әдеби-музыкалық мейрам «Отан отбасынан басталады», «Болашақ»  атты   интелектуаль-ды   ойын-сауық.   патриоттық,   саяси тақырыптарды Отан-Ананың не екенін бүлдіршіндерге жан-жақты түсіндірсек, «Ақын Абай», «Мұхтар ата», «Қыз Жібек», «Біржан — Сара» тақырыптары қазақ даласының, өнері мен дәстүріне деген кішкентай сәбилердің сезімін оятты деуге болады. Сондәй-ақ әртүрлі тақырыпта өткізілген ашық сәбақтар: «Отан -екінші үйім», «Көршімен тату болайық», «Достық»тағы басқа семинар-кеңестер, өзге бақшалармен іс тәжірибе алмасу, облыстық, қалалық байқауларына өнерпаз балғындарды үзбей қатыстырып, олардың бойларынан ұшқын атқан титтей жақсылықты одан әрі ұштап, қанатын қомдау бәрі-бәрі игі жақсылықтарға бастаған еңбектің нәтижесі деп білеміз.

Жаратылысынан жүрек жылуы мен мейірім шуағы мол халықтың бірі — қазақ. Бала тәрбиесіне деген немқұрайлық оның табиғатына мүлдем жат. Өйткені, қазақтың ел алдындағы абырой-беделі, қадір-қасиеті тек жеке басының жақсылығы немесе дәулетімен ғана емес, бауырынан өрген ұрпақтарының салауаттылығы, жарақтылығымен де өлшенген.

Ата-бабаларымыздың сондай-ақ тектілік деген киелі ұғымды ежелден қастерлеп, оны атадан балаға мирас қып қалдыруында да терең сыр жатқандай. Туа бітгі тектілігін, табиғи қадір-қасиетін сақтап қалу үшін олар мүмкіндігінше тәрбиелі отбасылармен құдалы-жекжат болуға ұмтылған. Тарих қойнауына үңіліп, ұлттық тәрбие сырларына тоқталып отырғанымыз да тегін емес. Өркениетті ел қатарына қосыламыз, келешекте көш бастайтындай көшелі ұрпақ өсіреміз дейтін болсақ, ұлттық тәрбие сырларын, тағылымдарын еш уақытша да естен шығармауымыз керек.

Шығыстың ғүламасы әл-Фараби: «Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін» — деген.

Адам өмірге бәрі бірдей болып келеді, бірақ та өсе бара олардың тағдыры әртүрлі болып қалыптасады.  Баланың құдіреті санасында, сондықтанда әрбір  бала саналы өмір сүрсе және   бәрін ақылға салып, ойлап істесе, оның алдына қойған мақсатына да, байлыққа да, бақытқа да қол жеткізуіне болады.

Бұл мәселені тудыратын себептердің бірі — отбасы тәрбиесіндегі ата-аналардың жауапкершілік сезімінің жоқтығы бала мінезінде мейірімсіздікті, қатыгездікті, дөрекілікті, өзімшілікті туғызады. Ал, тарихқа кез жүгіртетін болсақ, кең байтақ өлкемізде буыннан-буынға жалғасып ұяттылық, әдептілік, көргенділік, мейірімділік салтанат құрып үйлесімін тауып жатты. Міне, сол қымбат қасиеттердің бәрі отбасы, ошақ қасында бүршік атып, бұтағын жаяды.

Екінші себеп — бұл отбасындағы маскүнемдік, ұрыс-керіс, ата-аналарының және басқа жанұя мүшелерінің жеңілтек мінез-құлқы, ал бәрінен жаманы ажырасу яғни неке бұзу. Балалар тәрбиесінде ата-аналардың мінез-құлқы шешуші рөл атқарады. «Сіз өз балаларыңыздың тәрбиесін бастамастан бұрын өзіңіздің мінез-құлқыңызды тексеріңз… Сіздің жеке мінез-құлқыңыз нағыз шешуші нәрсе… Ата-аналардың өздеріне талап қоюы, олардың өз үйелменін қадірлей білуі, өзінің әрбір қадамын қадағалап отыруы — тәрбиенің ең бірінші және ең басты әдісі» деген болатын А.С.Макаренко.

Ал, ұлы ата-бабаларымыз «Ата-ананың тәрбиесі бала мінезінің іргетасы», «Үяда не керсе, ұшқанда соны іледі» деп түсіндіреді. Сондықтан балаға өмірінің алғашқі жылдарында адамгершілік сезімдерін егудің орны бөлек. Егер әке маскүнем болса, мектеп жасына дейінгі балалар жүйке ауруынан, жиі қояншық ұстамадан аза шегеді. Мұндай балалар енжар, тынымсыз, ашушаң келеді.

Үшінші себеп — ұл балаға үнемі жеткіліксіз көңіл аударылады. Кейбір отбасы баланың ішкі дүниесін, тілектерін, ойларын, қайғысын, қоршаған ортаға қатынасын жете біле бермейді. Бала тәрбиесіне ең әуелі оның өз ата-анасының еңбекқорлығы, ұстамдығы, кішіпейілдігі, ақыл-ойы, сана-сезімі, адамгершілігі әсер етпек. Ұрпақ тағдыры дегеніміз — ұлт тағдыры. Әрбір ұлттың болашағы, оның білім, де іскер, талантты да мәдениетті, адамгершілік асыл қасиеттерді бойына сіңірге тәрбиелі ұрпақтарының қолында.

Халықтық педагогика құндылықтарына үңіле отырып жастарды салауаттылық тәрбиелеуде оның озық үлгілерін оқу-тәрбие барысында кеңінен пайдалануымыз керек.

Қазақ халқы өз тіршілігінің сан ғасырлық тарихында өмірінің жалғасы, мұрагер балаға тәрбие берудің өзіндік әдеп-ғұрпын жинақтады. Оларға бұқаралы жасампаз тәжірибесі, рухани бай орнықты қазыналары, санқилы қағидалар топтастырылды.

Халықтың әлеуметтік-экономикалық, тарихи-географиялық жағдайлары мен көшпелі өмір салтының өзіндік ерекшелігіне сәйкес балаға жан-жақты тәрбие берудің өзгеге ұқсай бермейтін өзіне тән ерекше талаптары қалыптасты.

Бала тәрбиесі көшпелі малшы отбасының күнделікті тұрмыс тіршілігімен тығыз байланыста болды. Содан да олар баланы жұбатса да, жақсы көрсе де, он жақсы қасиеттерін бағалағысы келсе де өз тіршілігінің негізі болған малдың ерекшелігі жақсы қасиеттеріне, сұу тұлғасы мен әсем бейнесіне теңеп «қошақаным, құлыным, ботам, қозым» деп еркелетті.

«Қанағат қарын тойғызар» деп қанағатшылдыққа, үнемшілдікке пайымда «бұлақ көрсең көзін аш» деп табиғатқа деген аяушылықты үйретгі, бес уақыт намаз гигиеналық т азалыққа баулыса, қырық парыздың бірі — ілім деп өнерге, ілімге үйретті.

Әрбір адам ол қандай мамандық иесі, қандай дәрежедегі қызметкер болсын, ең алдымен, шаңырағы аясында ұл-қыз өсіріп, мәпелеп, солардың жемісін көру, жас ұрпақтын бойына сініру, баланын қоршаған ортадаты қарым-қатыкаеын, дүниетанымын, өмірге деген көзқарасын және соған сай мінез-кұлқын қалыптастыру.

Тәрбие жеке адамды мақсатты багытта жүйелі түрде қалыптастыру. Аға ұрпақтың тәжірибесіне беру және игеру, сананы қалыптастыру, төрбиелеудің және мінез-құлық дағдыларын қалыпқа түсіру, оларды өмір мен еңбекке даярлау тәрбиелу процесінае жүзеге асырылады.

«Тәрбие        баламен        сөйлесумен әнгімелесумен  оған ақыл-кенес берумен ғана шектелмейді» — дейді Макаренко. Ол тұрмысты  ұйымдастыра білуде  балаға әркімнің өз  жеке басы арқылы үлгі-өнеге көрсете білуде.

Тәрбие беру мен білім беру-ажырағысыз ұғым. Білім бермей тұрып, тәрбиелеуге  болмайды, ал берген әр білімнің тәрбиелік ықпалы зор. Тәрбие жұмысынын ен терен мәні адамнын Тәрбиенін негізгі максаты-дені сау ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлы дәрежесі биік мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол енбекқор, іскер, бойында басқа игі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу.

Еліміздегі саясат пен экономикадағы түбірлі өзгерістер қоғамымыздын барлық саласын, соның ішінде білім беру жүйесі және оның алғашкы баспалдағы — мектепке дейінгі тәрбиені де қамтып отыр. Бүл кездейсоқ нәрсе емес. Ұзак уакыттар бойы біз мектеп жасына дейінгі баланын тәрбиесінде отбасының алатын орнын жеткілікті дәрежеде ескермей келдік. Көбінесе коғамдық тәрбиеге баса назар аударып, әсіресе, оның бала дамуына тигізетін жетекші рөліне сүйендік. Ал бүгінгі таңда мемлекетіміз мектепке дейінгі мекемелер жүйесін толыққанды қаржы және материалдық жағынан камтамасыз ете алмауы себепті балабақшалар көптеп қыскара бастады. Соған орай керісінше тенденция — отбасындағы тәрбиенің рөлін күшейту талабы қойылып отыр.

Халқымыз ежелден-ақ бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп, олардың парасаты мол, мейірімді, ақылды, еңбекшіл болып өсуіне бағыт-бағдар беріп отырған. «Бала балқыған қорғасыңдай, қандай да қалыпқа құюға болады» делінген халықтың даналық сөздері де осыған байланысты туса керек. Тәуелсіз еліміздің еңсесін өркениетке жетелейтін ұрпақтың тәрбиесі бүгінгі күннің ең өзекті мәселелерінің біріне айналып отыр. Бұрынырақ «Ұрпақ тәрбиесі тал бесіктен басталады» — деуші едік. Заман ілгері жылжыған, ғылым дамыған сайын бала тәрбиесі құрсақта жатқаннан басталатындығы анықталып отыр. Ендеше үзіліссіз тәлім-тәрбие үрдісінің түп тамыры, өзегі мектепке дейінгі тәрбиеден бастау алатынына ешкімнің де таласы жоқ.

Әсіресе қазақтың этнопедагогика мен этнопсихологиясын басшылыққа ала отырып, келешек «Ұрпак тәрбиесінде басты ұстаным қандай болмақ’?», «Тәлім-тәрбие беру ісін жаңартудың жолдары қандай»», ол қайдан бастау алмақ’.’ деген мәселе жайында бар сапалы ғұмырын ұрпақ болашағына арнап келе жатқан ғалымдар, мұғалімдер, тәрбиешілер өз үлестерін қоса отырып, жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беру ісін жаңартудың көш басшысы болып, «Балбөбек» бағдарламасы дайыңдалды.