Желтоқсан жаңғырығы

Тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы

Мақсаты: Оқушылардың ойында елжандылық сезімін қалыптастыра

отырып, туған елі мен жеріне деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу, тіліміз бен

тарихымызға құрметпен қарауға тәрбиелеу;

 

Әнұраным жанұраным

Айтар әнім, сөйлер сөзім.

Туған жерім – сағынарым

Мәңгі бақи шырқалады,

Республикам әнұраны, — дей отырып әнұранды шырқаумен сабақ басталады..

1-жүргізуші:

Ерлерді ұмытса да ел, сел ұмытпас,

Ерлерді ұмытса да ел , жел ұмытпас,

Ел үшін жанын қиып, жауды қуған

Ерлерді ұмытса да ел, бел ұмытпас

Ел үшін төккен ерлер қанын жұтып,

Ерлерді ұмытса да ел, жер ұмытпас

Арқаның селі, желі, шөлі, белі, —

Ерлерді ұмытпаса ел ұмытпас, — деп Мағжан Жұмабаев ағамыз айтқандай дүниені дүр сілкіндіріп, қазақ елінің бостандық туын көтерген ерлеріміз мәңгі есте қалары сөзсіз.

Бүгінгі «Ұлытаулар аласармайды,

Ұлы есімдер ұмытылмайды», деген рубрикамен өтілетін «Желтоқсан жаңғырығы» атты бөлме сағатымызды ашық деп жариялаймыз.

 

2-жүргізуші:

Құрбандарым, жазықсыз құрбандарым

Бет бағдарын бақиға бұрғандарым,

Қаралы жылдардай боп қарауытып,

Халқымның мәңгі есінде тұрғандарым

Құрбандарым, жазықсыз құрбандарым,

Кеудемдегі қоламта қоздатқаным

Тұншықса да түрмеде тозбапты әнім.

Жазықсыз жапа шегіп бұл жалғаннан,

Жалтақтап кете барған боздақтарым.

 

1- жүргізуші: М.Мансұрдың орындауындағы «Желтоқсан желі» әнін

желтоқсан құрбандарын еске алып, тағзым етіп қосыла шырқайық!

2- жүргізуші: Бостандықтың жарық сәулесі үшін аянбай арпалысып

жатқанда, оның тағдырына бүкіл әлем құлақ түрген еді. 1987 жылдың шілдесінде КСРО Жоғарғы Кеңесінің төрағасы А. Громыконың атына Венгрияның 41 адамы қол қойған хат келді. Чехословакияда 77 адам қол қойып, үндеу көтерді. Варшава да үн қосты. 70 адам қол қойған Лех Валенса бастаған хат кешірілім беруін талап етті. Германияда 1987 жылы 31 тамызда ГХДП жастар бөлімінің төрағасы Христоф Боркет Қайрат Рысқұлбековты босатуын талап етті. Америкада Рональд Рейган 1987 жылы 19 шілдеде М. Горбачев пен бас прокурор А. Рекуновқа телеграмма жолдады.

 

1- жүргізуші: Халықаралық осы пікірлердің өлім жазасының 20 жылға

ауыстырылуына сөзсіз ықпалы болған еді. 500 күннен астам өлім камерасында өзегі талып үміт пен үрей құшағында отырған Қайрат енді 20 жылға Свердловскіге айдалып бара жатып, кенеттен Семейден шықты. 21 -мамырда Семей түрмесінде 21-камерада қаскөйлікпен қаза тапты.

Қорытынды.

Өсер елдің қай сәттерде бірлік болмақ қалауы

Лаула, лаула Желтоқсанның мұзға жаққан алауы!

Өздеріңдей ар — намысты жас өркені бар елдің,

Ешқашанда тиісті емес еңкеюге жалауы.

Тәуелсіздіктің түп тамырына желтоқсан оқиғасының тікелей байланысы бар екеніне ешкім дау айта қоймас. Десек те, 1986 жылдың қайғылы желтоқсаны бір күнгі немесе бір жылғы наразылықтың көрінісі болмаса керек. Ел іргесі тыныш, халқымыз бай-қуатты болсын!Желтоқсан құрбандарын еске алып 1 минуттық үнсіздік жарияланады.

Осыдан кейін барлық оқушылар, қатысушылар «Менің Қазақстаным» әнін орындайды.