Ғажайып пішіндер

Тақырыбы: «Ғажайып пішіндер»

Мақсаты: Балалардың пішіндер туралы білімдерін тиянақтау.

  1. Геометриялық пішіндерді бір-бірінен ажырата білуге оларға ұқсас заттарды таба білуге үйрету.
  2. Ойлауын, қиялын дамытып, қабілетін шыңдау. Қызығушылығын арттыру.
  3. Ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекі-құралдар: Үлестірмелі карточкалар, суреттер.

Сабақтың барысы; Балаларды шаттық шеңберге тұрғызу.

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Баршаңызды құрметтеп.

Бас иеміз біз.

  • Балалар далада қандай мезгіл?
  • Күз мезгілі.
  • Күз айларын атай білесіңдер ме?
  • Қыркүйек, қазан, қараша.
  • Ал, қазір қай ай?
  • Қараша айы.
  • Дұрыс . Ал енді мына мнемокартадағы сурет бойынша кім маған күз туралы тақпақтарды оқып береді?
  • Өте жақсы, ал енді бүгін біз екі орталықпен жұмыс жасаймыз.
  • Мына белгілерді алып екі орталыққа бөлінейік.
  • Кітаптың белгісі бар балалар қатынас орталығына барады,ал қылқалам белгісі бар балалар шығармашылық орталығына барады.
  • Балалар , үстел үстінде көңіл күй бет бейнесі салынған белгілерді алып бір-бірімізге көрсетіп, сабақты қандай күйде бастайтынымызды көрсетейік.

Есік қағылады. Тәрбиеші есік сыртынан хат алып келеді.

-Балалар, мынау хат сияқты ,бірақ бұл жай хат емес , сиқырлы хат екен.

Тәрбиеші хат ішінен пішіндерді алып шығады, ол пішіндерде көңілсіз бет бейне салынған.

-Балалар, мынау қандай пішін? Оның түсі қандай? Ол қандай заттарға ұқсайды?

Балалар осылайша барлық пішіндерді атап береді.

-Балалар , бұлар жай ғана пішіндерге ұқсамайды екен ,олар ертегідегі ғажайып пішіндерге ұқсас, көңіл күйлері қандай?

-Ренжулі, аянышты.

— Неге? Хатты оқу «Біз саяхатқа шығып, өз елімізден адасып  кеттік, көмектесіңіздер!»

-Балалар ,көмектесеміз бе?

-Бірақ ол елге оңай жолмен жете алмаймыз, көптеген тапсырмаларды орындаймыз, дайынбыз ба, балалар?

— Иә , дайынбыз.

  1. –Балалар, мынау сиқырлы пішінді бас киімдер, кімде-кім оны кисе сол пішін туралы тақпақ айту керек.

Балалар бір-бірден шығып , бас киімді киіп ,пішіндер туралы тақпақтар айтады.

Төртбұрышпын, төртбұрышпын

Төрт қабырғам бар бұрышпын.

Қай жағынан қарасаңда,

Төрт тең бұрышпын.

үшбұрышпын,үшбұрышпын.

Үш қабырғам бар бұрышпын

Төртбұрыштан аз болсам да.

Орны бөлек үшбұрышпын

Домалақпын,домалақпын.

Дөңгелек боп домаладым.

Ай сияқты,күн сияқты,

Шар сияқты домалақпын

 

Мен сопақша боламын,

Бұрышым менің жоқ ондай.

Мен сияқты айна бар.

Қияр да бар,бәрі бар.

  1. «Неге ұқсайды? » ойыны. Балаларға ақ қағаз бетіне салынған пішіндері бар қағаз бен қарындаш беріледі. Пішіндер неге ұқсайтынын өз ойын қағаз бетіне түсіру.

 

  1. Сергіту сәті: Төртбұрышты қолданып,

Үшбұрышты қолданып,

Көрпешені жасаймыз.

Әдемісін ішінен,

Досымызға сыйлаймыз.

  1. «Орамал жамау» Балалар тиісті түсті,пішінді тауып ормалдардың жоқ жеріне жамап қояды.

Белгі беру арқылы балаларды ортаға шеңберге жинау.

-Балалар, міне тапсырмалардың барлығын орындап пішіндерді өз еліне жеткіздік,енді оларды өз елдеріне орналастырайық. Міне ,олардың да көңіл күйлері көтеріді.

Қорытынды: -Балалар, біз сабақта не істедік?

-Ғажайып пішіндерді тапсырмалар орындау арқылы елдеріне жеткіздік.                Шығармашылық орталығында балалар не істеді?

Ал , біз ғажайып пішіндер елін әсемдеп боядық.

Сабақ сендерге ұнады ма?

Қол ұстасып тұрайық,

Шеңберді біз құрайық.

Көріскенше күн жақсы,

Сау саламат болайық.