Ана өмір бастауы

Күні:

 

Тақырыбы: Ана өмір бастауы.

Мақсаты: оқушыларға ата-ананы қадірлеуге, құрметтеуге, ардақ тұтуға тірбиелеу.

Мұғалім: Адам өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі – баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Ұлы ақын Бердақтың: Ата-анаңды қадірле,

Өмір бойы жақсы сөйле.

Дүние тапсаң, торқаға бөле,

Өсеріңе жақсы, балам! – деген жолдарында халықтарымыздың ғасырлар бойғы ата-ананы, үлкенді әулиедей көріп, құрметтеу сезімі мен жас ұрпаққа аманаттап келе жатқан өнегесі, өсиеті бейнеленген.

Ата – анасыз өмір жоқ, яғни адам жоқ. Демек, бала – ата-ана өмірінің жалғасы. Сол үшін ата-ана жата-жалынып құдайдан перзент тілеген, перзент көргенде жүрегі жарылардай қуанған, содан кейін «баламның табанынына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін» деп, әлпештеп өсірген, перзент ауырып не басқа бір қатер төнгенде, мойындарына бұршағын салып, «өзімді алып, баламды аман қалдыр!» деп құдайға жалбарынған, өздерін балалары үшін құрбан еткен. «Бала – атаның бауыр еті», «Балалы үй – базар, баласыз үй – мазар» деген сияқты толып жатқан мақалдарда ата-ананың балаға деген ұлы сүйіспеншілігі жатқан жоқ па?

Ата-анаға көз қуаныш –

Алдына алған еркесі,

Көңіліне көп жұбаныш,

Гүлденіп ой өлкесі, —

деп ұлы Абай баланың ата-ананың қуанышы, гүлденген үміт-арманы екенін тебірене жырлайды. Шынында, баласын алдына алып отырған атаның «ой өлкесінің гүлденуі» қандай тамаша десеңізші! Перзентсіз ата-ананың ой-қиялы сұрқай, күзгі бақтай көңілсіз, сұрғылт түздей жабырқау дегендік қой, екінші жағынан. Ал атақты Шал ақын;

Босағасын алтыннан соқсаңдағы,

Перзент сүймей адамның мейірі қанбас, —

деп адам болғалы бірге жасасып келе жатқан ең ыстық тілек, ұлы арманы – перзент сүйіп, мейірін қандыру екенін жеткізе айтқан.

Тіршіліктің қайнар көзі, махаббаттың шуақ күні, мейірімнің кәусар бұлағы –  Ана есіміне тең дүниеде қасиетті ештеңе жоқ. Сондықтан, Ананы ардақтамайтын халық та жоқ.

Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып дүниеге келтіріп қана қоймайды.

Бала, бала, бала деп,

Түнде шошып оянған.

Түн ұйқысын төрт бөліп,

Мұзда бесік таянған, —

деп, ана көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп, аяғынан тік тұрғызатын да ана. Халықтың халықтығының басты нышаны – туған елінің тілін үйреніп, сазына қандыратын да ана. Сондықтан әрбір ұлттың рухани өзегі, қан тамыры, елдік жады болып табылатын тілі Ана тілі аталады. Өмір есігін жаңа ашқан нәрестенің бойына туған елінің рухани сіңіретін, балбыратып уілдететін, жылауын қойғызып, уататын тұңғыш тәтті сазы, пәк те балғын көкірегіне пайғамбар үніндей құйылатын ән-өлеңі де сол ғазиз Ана бесікке сүйеніп отырып еміріне айтатын бесік жыры.

Ал нәрестенің өмірінің нәрі – Ана сүті. Біздің халықтарымыздың байырғы ұғымында баланың Анасы алдындағы парызын өтеуі «Ана сүтін ақтау» деп аталады. Оның жөнін халық: «Ана сүтін Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарып келсең де, өтей алмайсың», — деп білдіреді.

Ана жайында Батыс елдерінде мынадай бір аңыз бар. Бір кемпірдің жалғыз ұлы болыпты. Ол бір қызға ғашық болып қалады. Қыз: «Мені аламын десең, анаңның жүрегін әкеп бер» — деген шарт қояды, әлгі жігітке. Баласының әлденеден қатты қайғылы болып жүргенін байқаған анасы одан жөнін сұрайды. Жігіт қыщздың шарты жайында айтады. Сонда анасы кідірместен жүрегін алып, ғашық қызына қарай жүгіріп бара жатып, сүрініп кетіпті. Сонда жігіттің қолындағы жүрек: «Балам, бір жеріңді мертіктіріп алған жоқсың ба?» — деп сұраған екен дейді. Бұл – ананың баланы қаншалық шексіз сүйетінін білдіретін терең мәнді көңілсіз мысал.

Ата – ананың үміт арманы баласымен бірге жасайды. Сол себепті олардың бар тілеуі балаға бағышталған. Оның амандығын, үрім-бұтақты, бай, бақытты, атақ-абыройлы болуын тілейді, өздері әл-қуаты кетіп, ауру-сырқаулы болып, қартайғанда сол баланың қайырын көріп, мейіріміз өссе екен деп армандайды. Ақыры, ең қастерлі тілектері: бала-шағаның алдында, дүние салып, солардан топырақ бұйырса дейді. Осындай ата-ананы сыйлау, сәби шағыңда өзіңді олар қалай бағып-қақса, қартайғанда оларды да, солай алақанға салып аялап, күту – қандай ғанибет, ал керісінше істеу – қандай қаныпезерлік!

Ұлағатты сөздер.

  1. Баланың жақсысы – қызық, жаманы – күйік. (Абай)
  2. Атасы ащы алма жесе ұлының тісі қамалады. (М. Қашқари)
  3. Ата-ананың қадірін білмеген – халық қадірін білмес. (Ғ. Мұстафин)
  4. Ата-ананы ұмытқан жас – опасыздың опасызы, рақымсыздықтың рақымсызы. (Ғ. Мұстафин)
  5. Ата-бабасын сыйламау – азғындықтың белгісі.
  6. Кімде – кім ата-анасын разы еткен болса, ол қандай жақсы?! Аллатағала оның өмірін ұзартады.                                        (Мың бір хадис 84)
  7. Атаны қастерлеу – Алланы қастерлеу Оған күнәкәр болу – Аллаға күнәкәр болумен барабар.                                         (Мың бір хадис 529)

 

Мақалдар.

  1. Ағайын – алтау,

Ана – біреу.

  1. Анадан артық дос бар ма,

Ашудан артық қас бар ма?

  1. Анаңа ауыр сөз айтпа,

Атаңа ауыр жүк артпа.

  1. Ата балаға сыншы.
  2. Атаңа не қылсаң,

Алдыңа сол келер.

  1. Ата-ананың қадірін,

Балалы болғанда білерсің.                           Атасы тұрып, ұлы сөйлегеннен без,

Ағайынның қадірін                                             Анасы тұрып, қызы сөйлегеннен без.

Жалалы болғанда білерсің.