Әлеуметтік даму
Сабақтың тақырыбы: «Әлеуметтік даму»
Күні:
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды тоқырау жылдарында қалыптасқан әлеуметтік-демографиялық ахуалмен, бұқараның тұрмыс жағдайларындағы өзгерістермен таныстыру және оларға тарихи шындық тұрғысынан баға беру;
Дамытушылық: Ұлттық демографиялық даму жағдайларына назар аудара
Тәрбиелік: Отаншылдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, миға шабуыл, пікір алмасу
Сабақтың көрнекілігі:суреттер, сызбалар
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:
Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылармен амандасу, оқу құралдарын тексеріп, сабаққа ден қою
Қызығушылықты ояту
Үй тапсырмасын тексеру сұрақтары:
- Тоқырау жылдарындағы ауыл шаруашылығының жағдайы туралы не айта аласыңдар?
- Ауыл шаруашылығын реформалау шаралары неге соңына дейін жүргізілмей қалды?
- Қазақ жастарын мал шаруашылығына тұрақтандыру саясатының толыққанды жүзеге аспай қалуының себебі неде?
Мағынаны тану
Жоспар:
- Әлеуметтік-демографиялық ахуал
- Халық тұрмысы деңгейінің өлшемдері
Оқушылардың өз бетімен жұмыстануына берілетін тапсырмалар:
- мәтінмен танысу;
- тақырып өзектілігін ашу;
- тоқырау жылдарындағы республика халқының өсімі мен әлеуметтік жағдайындағы ерекшіліктерге баға беру;
Негізгі мәлімет
- 1980ж ортасы – Қазақстанда жергілікті халықтың үлесі басым облыстар – Қызылорда, Атырау
- Алматы қаласында 1979 жылғы санақ бойынша жергілікті ұлт өкілдерінің үлесі 11 пайызды құрады
- 1959ж – қазақ халқы 29 пайызды; 1979ж – 36 пайызды құрады.
- Жұмысшылардың орташа жалақысы: 1971-1989 жылдар арасында 89 пайызға, 123,7 сомнан 233,7 сомға дейін, өнеркәсіп жұмысшыларының табысы 93,6 пайызға, 133,9 сомнан 259,3 сомға өсті.
- Кеңшар жұмысшыларының жалақысы 247 сомға, ұжымшар мүшелерінің жалақысы 210 сомға жетті.
Ойтолғаныс
Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:
- Қазақтар арасында кенттену үдерісінің баяу жүруінің себебі неде?
- Халықтың тұрмыс деңгейі қалай өзгерді?
- Қордаланған көкейкесті қандай проблемаларды атар едіңіз?
Қорытындылау
Бағалау
Үйге тапсырма беру:§27 оқу