Трактормен артқа шегініп агрегатқа келтіру

 

Топ № 1 «б

Мамандығы:  Ауыл шаруашылығы өндірісінің тракторшы — машинисі

 

Пәні: МТЗ – 82/1 Тракторын жүргізіп үйрету

 

Сабақтың тақырыбы: Трактормен артқа шегініп агрегатқа келтіру….

 

 Сабақтың  мақсаты:

     І. Білімділік: Оқушылардың теориялық сабақтардан алған білімдерін іс- жүзінде тәжірибемен нақтылай бекіту.

ІІ.Өндірістік: Тракторларға жүргізілетін техникалық күтім жұмыстарымен тракторды басқарып жүргізу дағдыларын қалыптастыру.

ІІІ.Тәрбиелік: Оқушылардың тракторшы мамандығына деген

көзқарастарын орнықтыру, еңбекпен жауапкершілікке тәрбиелеу.

 

Сабақ түрі: Практикалық

 

Өтілу әдісі: Көрсетіп түсіндіру, оқушылардың өз еркімен жұмысы.

 

Сабақтың көрнекілік құралдары: МТЗ – 82/1 тракторы, арнаулы құрал-жабдықтар мен кілт сайман жинағы, маршрут парағы.

 

Сабақ өткізу орны: Оқу алаңы

 

Берілген уақыты: 1 сағат

 

Сабақтың өту барысы

 

     І. Ұйымдастыру кезеңі 2 минут

    ІІ. Алғашқы кіріспе нұсқаулар 15-18 минут

   ІІІ. Оқушылардың өзіндік жұмысы 30-35 минут

  1. Ағымдағы нұсқаулар
  2. Қосымша нұсқаулар
  3. Қорытынды нұсқаулар 3 минут

   VII. Үй тапсырмасы   2 минут

 

 

І. Ұйымдастыру бөлімі: Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Арнайы киімдерін киюлерін қадағалау. Жұмыс орнын дайындау.

 

ІІ. Кіріспе нұсқаулар:

  1. Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсатын баяндау.
  2. Оқушылардың теориялық сабақтардан алған білімдерін тексеру.

А) Көрсеткіш аспаптар (прибор) атқаратын қызметі:

Б) Стартердің қызметі қандай?

  1. Сабақ барысындағы қауіпсіздік техникасы туралы нұсқаулар беру.
  2. Трактормен артқа шегініп агрегатқа келтіру.
  3. Арнаулы қақпадан өту тәсілдерін көрсетіп түсіндіру.
  4. Тракторды басқарып жүргізу дағдысын қалыптастыру.

 

ІІІ. Оқушылардың өзіндік жұмысы: Трактордың жарамдылығын тексеру.

Күнделікті техникалық күтім жұмыстарын жүргізу. Қауіпсіздік нұсқауларын сақтай

отырып двигательді оталдыру. Қақпадан өту тәсілдерін меңгеру, баяу қозғап

жүргізу.

 

ІV. Ағымдағы нұсқаулар: Двигательді оталдыру тәртібі туралы түсініктерін

тексеру. Қауіпсіздік техникасы ережелері туралы түсініктерін тексеру.

 

  1. Қосымша нұсқаулар: Тапсырманың орындалу барысын қадағалау. Жіберілген

кемшіліктердің дұрыс жолдарын көрсету.

 

  1. Қорытынды нұсқаулар: Тракторды орнына қойып, сүртіп тазалау.

Оқушылардың еңбегін бағалау, талдау жасау. Бағаларын қою.

 

VII. Үй тапсырмасы: «АШМ» оқу құралы.

Тақырыбы: «Ілініс муфтасы және тежеу жүйесі»

Өндірісте оқыту шебері:                              Бегенбаев.А.