8-Наурыз мерекесіне арналған ертеңгілік Тақырыбы: «Микки маус қонақта»

                                                                                                 Бекітемін:

«Бәйтерек»ҚМҚКб/б 

директоры Р.Ү.Тебай

                                                                                       «    » ______ 2016ж

 

 

 

 

 

 

 

8-Наурыз мерекесіне арналған ертеңгілік

Тақырыбы: «Микки маус қонақта»

 

Мақсаты: Балаларға жыл  мезгілдерінің   айырмашылығы туралы  толық  түсіндіру.  Әр мезгілдің  өз  қызығы мен  сәні бар екенін ұғындыру.  8-наурыз – аналар  мерекесі туралы мағлұмат беру.    Балаларды аналарды сыйлауға шақыру. Өнерге  деген   қызығушылықтарын ояту  және  сөздік қорларын байыту.

Көрнекіліктері:  Гүлдер, бантиктар, үй, себеттер.

Ертеңгілік барысы: Балалар әуенмен безендірілген  ертеңгілік залына  кіреді. Музыка ойнап, әсем безендірілген залда балалар жартылай шеңбер құрып тұрады.

Жүргізуші:
Көктем келіп далама,

Жырын сыйлап баршаға.

Алғыстарды сыйлаймын,

Аяулы, абзал анаға.

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме,құрметті асыл жанды  аналар! Сіздерді халықаралық аналар күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Жүздеріңізге нұр, құшақтарыңызға гүл толсын демекпіз.

Жүргізуші: Балалар! Бүгін біздің зал қандай әдемі?!

Айтпақшы,   балалар, бүгін  қандай мереке ? Білесіңдер ме?

Балалар: Иә,  8 наурыз!

Жүргізуші: Ол қандай мереке? Кімнің мерекесі?

Балалар: Аналар мерекесі!

Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар!

Жүргізуші: Олай болса, мерекелі де шуақты  8 науырыз – аналар мерекесінің құрметіне  арналған  ән-шашуымызды бастайық.

Құрметі аналар   бүлдіршіндеріңіздің ән- шашуын қабыл алыңыздар!

Тақпақтар:

Балалар –ау балалар,

Шақырады далалар.

Көктем келді, гүл алып,

Құстар келді  жыр алып.             Кәусар

                              Анамыздың мейірлі,

Жүзіне біз қараймыз.

Анамыздың  пейілді,

Жомарт жанға балаймыз.             Акбар

Біз доспыз гүлдермен

Текке оны жұлмаймыз

Той күні  бір-бірден оларды

Аналарға сыйлаймыз                         Малика

                              Көгінде күн болып,

Жұлдыздай жанасың.

Аман бол әрдайым,

Аяулы анашым!                   Айсана                  

 

Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар!

Жүргізуші: Ал, енді, балалар,  аналарыңды қалай жақсы көретіндеріңді  би арқылы жеткізейік.

Би: «Мамочка»

Жүргізуші: Балалар, мынау кімнің ойын алаңы екен?! Білесіңдер ме? Мен таң қалып тұрмын. Сендер ше? Көктемнің алғашқы мерекесінде бұл не болды екен?! Мүмкін бұл бізге қонаққа келген ертегі кейіпкерлері шығар, иә? Мынау маған Микки маустың үйін есіме түсіріп тұр.  Сендерге ше? ( Микки маустың үйі шығады)

Балалар: Иә!

Жүргізуші: Ендеше, Микки маустың құпия сөзін айтайық. Оның құпия сөзін білесіңдер ме? Мен білмейді екенмін. Кәне, кім біледі?

Балалар: МИККА, МОККА, МИККИ МАУС!

Жүргізуші: Тағы бір қайталайық. Кәне, бір, екі, үш!

Балалар: МИККА, МОККА, МИККИ МАУС!

(Микки маустың музыкасы. Сол кезде Микки маустың үйі пайда болады. Онда Микки маус шығады.

Миккий маус: Сәлем, менің кішкентай достарым! Мен кіммін? Мені танисыңдар ма?

Балалар: Микки маус!

Жүргізуші:Сәлеметсің бе, Микки маус?!

Маус шығады.

Микки маус: Бүгін мен сендердің   мерекелеріңе арнайы келдім, мен көктемнің алғашқы мерекесінде көңіл көтергім келеді. Балалар, менің досым да келу керек еді, әлі келмеген бе?

Микки маус: Балалар, меркелерің құтты болсын! Менде сендермен ән шырқағым келіп тұр. Бір жақсы ән білемін, сендер білесіңдер ме?

Ол әнді менде анама арнаған едім. Кәне, бәріміз бірге  айтайық.

Балалар: Иә.

Ән: «Айналайын мама»

Сөзі:М.Макатаев,

Әні: Н. Тлендиев.

Микки мауыс: Рахмет, балалар.  Кәне, балалар, енді ойын ойнаймыз ба ?

Ойын: «Анасы баласын  қалай еркелетеді?» ( мысалы: жаным,  ботам)

Жүргізуші:   Миккии, сен білесің бе? Біздің балалар  ағылшын, орыс тілдерінде де аналарына тақпақтар дайындаған.

Балалар, тақпақтарымызды  айтып  берейік.

Тақпақтар:  Маму утром поцелую,

И скажу «Люблю тебя».

С праздником, мамуля,

Ты любимая моя!                  Нурай

 

 

Я букетик соберу,

И мауле т подарю

Спраздником, родная,

Ты одно такая.                       Әлия

 

I Love Mummy

I Love granny

I wish trem health

I wish them wealth          Жансая

 

Айналайын анашым,

Ақылын көп дарасың.

Бізге қамқор әрқашан,

Айналайын анашым.                          Фатима

                                  

 

                                   Әр сөзімді жаттаған,

Жүрегінде сақтаған.

Анашыммен мақтанам,

Айналайын ақ мамам.                      Жанель

 

Жүргізуші: Рахмет, балалар, жарайсыңдар. Балалар, қараңдаршы  бізге қонақ келе жатқан  сяқты.

(Балалар отырады, есіктің  қоңырауы соғылады.).

Жүргізуші: Ой, балалар! Естіп тұрсыңдар ма? Бізге қонаққа біреу келген сияқты…
(Дональд кіреді)

Дональд: О, Балалар, сәлеметсіңдер ме?! Микки маус, қалың қалай?

Балалар: Сәлеметсіз бе, Дональд?!

Микки маус: О, сәлем, Дональд! Сені келмейтін шығар деп ойласам.

Дональд:  Сенін хатыңды алып  қуанып қалдым. Микки, бүгін аналар мерекесі ғой қалай келмеймін?! Бірақ достарыма сыйлайтын сыйлығым жоқ. Алуға үлгермедім.

Жүргізуші: Уайымдама, мен бәрін жоспарлап қойдым. Егер балалармен қосылып, ән шырқап, би билеп, ойын ойнасаң, бәрі де болады.

Дональд: Алақай, балалар, Микки  билеп, ойнайықшы.

Дональд: Балалар, кәне бәріміз  ортаға шығып, Микки маус досыммен  бірге  биін  билейік.

Сендер білесіңдер ғой ол биді. Солай ма?

Балалар: Иә. Білеміз. Билейміз.

Би:  «Микки маус»

Жүргізуші: Дональд,  біздің балалар  қандай өнерлі екенін  көрдің бе?  Енді аналарына арнаған  тақпақтарын дайындап қойған еді. Балалардың тақпақтарын тыңдайық.

Бізге қарап елжіреп,

Сүйсе беттен кнім деп.

Құшақ ашса келші деп,

Жүгіреміз күлімдеп.                            Айзере

Өмірдің қызығы,

Өзіңсіз өтпейді,

Мен үшін анама,

Ешкімде жетпейді.        Бейбітхан

 

 

 Дональд: Енді ойын ойнасақ, қалай қарайсыңдар?

 Микки, Балалар: Иә, ойнаймыз.

Ойын: «Гүл жинау» ( 2  түрлі гүлді жинау)

Дональд: Рақмет, достарым, сендер қандай ақылды едіңдер, сендерге ризамын!

Дональд: Балалар,  осы жинаған  гүлдеріңнен мен  сендерге сыйлық шығарып берейін. Бәріміз көзімізді жұмып  1,2 деп қолымызды соғайық.

Алақанымыздың сиқырлы дыбысы қандай әдемі сыйлыққа айналдырғанын көресіңдер.

Жүргізуші: Балалар, қараңдаршы, қандай әдемі сыйлықтар пайда болды?

Енді осы сыйлықтарды ұл балаларымыз  біздің әсем қыздарымызға  табыс етеді. ( ұл балалар  сыйлықтарын таратады.)

Жүргізуші:  Балақайларымыздың орындауында  ән тыңдаңйыздар.
Ән: «Апатайым»

Әні, сөзі: Б. Жұмабекова

Жүргізуші: Микки, Дональд, сендердің келгендерің қандай жақсы. Балаларға  өте қызықты  болды, көп рақмет!

Микки: Біздің сендермен қоштасатын уақыт келді. Дональд, екеуіміз қайтайық. Бізді басқа балабақшада  күтіп отыр балалар.

Дональд: Жақсы, Микки. Сау болыңдар, балалар!

Балалар : Сау болыңыздар!

Жүргізуші: Балалар, Микки мен Дональд қайтты,  біздің мерекеміз де аяқталды. Енді,  балалар аналарымызға арнаған  сыйлықтарымызды  сыйлайық.

Құрметті  қонақтар!  Әлемдегі өзгермейтін үш нәрсе бар, ол – Ананың ақ сүті, Күннің нұры, сәбидің күлкісі. Ендеше балапандарыныздың  бүгінгі сіздерге арнаған   жыр-әндері мәресіне келіп жетті. 8-наурыз мерекелеріңіз құтты болсын! Көктемнің шуақты күндеріндей  жайнай берініздер!