Көңілді старт ойыны

Көңілді старт  ойыны

Өткізілетін жер: спорттық зал;

Негізгі мақсаттары:

  1. Баланың ойын барысында өз белсенділігін, шығармашылығын көрсетуін әрі қарай дамыту.
  2. Дене шынықтырумен шұғылдануға қажеттіліктерді туғызып тәрбиелеу.
  3. Гуманистік қарым-қатынастарды дамытып, балалардың бір-бірімен қарым-қатынасқа түсуіне себепкер болу.

Спорттық инвентарь: Бұл қатысушылардың санына бағыныңқы: баскетбол, футбол, волейбол доптары, фишкілер, гимнастикалық құрсаулар, скакалкалар, кегли, эстафета таяғы, қаптар, т. б.

Ұйымдастыру:

Мектептің спорттық зал әдемі түрде безендірілген. Жарыс барысында музыка ойнап, әндер айтылады. Жюриде әр команданың өз тапсырмаларын дұрыс орындау мақсатында әділқазылар отырып қарайды.

Барлық жарыстар балл арқылы өлшенеді. Жеңіп шығушы баллдың санға сай белгіленеді.

Құрылымы:

Сонымен, алаңда осы спорттық сайысқа қатысатын командалар тұр. Әділқазылар өз орнында отыр. Сайысқа екі топ қатысады.

Жүргізуші: Сәлеметсіздерме спортсмендер! «Дені саудың жаны сау» дегендей сіздерді денсаулық үшін күресуші командалармен таныстырып өтейін. Оң жағымдағы команданың аты «Алға», ал келесі команданың аты «Жалын» деп аталады. Ал енді «Көңілді старттар» сайысын бастаймыз. Бірінші сайыс «таяқша» деп аталады. Мұнда бала залдың басқа жаққа жүгіріп, таяқшаны алып өз серігіне береді және осылай жалғасады. Бұл сайыс үшін ең жоғарғы ұпай ол «5» деген баға. «Алға» командасы жеңіп «5» деген бағаға ие болса, «Жалын» командаға «4» ұпай беріледі.

Жүргізуші: Сайыскерлеріміз өзінің белсенділігін өте жақсы таныта білген. Сонымен оса сайыста «Алға» жеңіске жеткен. Екінші сайысы «қаптағы бала» деп аталады. Мұнда әр команданың бір өкілі қаптың ішіне отырып залдың басқа жағына секіреді де, қайта қарай жөнелтеді. Содан кейін басқа бала осындай процедурасын істейді. Бірінші келген команда жеңіске жетеді.

Бұл сайыста «Жалын» командасы аса үлкен белсенділігін танытып «5» ұпайға, ал «Алға» командасы «3» ұпайға ие болады. Сонымен жалпы есебімен 9:8 «Жалын» командасы алға шығады.

Жүргізуші: Бәрекелді, әр команда да өз қабілеттерді аса жақсы түрде көрсете біліді. Ал, біздің үшінші сайысымыз топтардың командалық ойынды көрсетуі керек. Бұл сайыс «Қырықаяқ» деп аталады. Әр команданың барлық өкілдері бір-бірін қолымен ұстап, залдың басқа жаққа жылжытып, кейін қайтады. Мұнда команданың жүгіру жылдамдығымен бірге, команданың ішіндегі бір-біріні түсінушілік, бір-біріне көмек көрсету сияқты мәселелер де көзге түсіріледі.

Сайысты «5:4» есебімен «Алға» командасы жеңеді. Жалпы есеп «13:13» боп тең болады.

Жүргізуші: Біздің соңғы сайыстың алдында есеп тең болып қалды. Сонымен біздің соңғы сайысымыз жеңіскерді белгілейді. Бұл сайыстың аты «Қызық эстафета». Залдың басқа жағында әртүрлі доптар, таяқшалар, фишкілер жатады. Әр команданың басты мақсаты бес минуттың ішінде қанша уақыт жетсе, сонша нәрселерді өзі тұрған жаққа әкелу. Бір кезде тек әр командадан бір бала жүгіруі мүмкін және ол тек бір ғана затты алмақшы.

Командалар жарысып, екі команда да 8 затты өз жаққа әкеле берді. Және әділқазылар оларды «5» деген бағамен бағалады. Жалпы есеп «18:18» боп қалды.

Жүргізуші: Екі команда да өз өнерін көрсете білді. Ал бүгін біздің сайыста достық жеңді. Сол себептен біз екі команданы да жеңіспен құтықтаймыз және осы марапаттау қағаздармен марапаттаймыз.

Көңілді старттар дене шынықтыруның бір көзі. Ал дене шынықтырумен айналысу балалар үшін өте маңызды. Баланы дене шынықтырумен күнделікті шұғылдануға дағдыландыру үшін алдымен ата-ананың өзі үлгі көрсетуі керек. Соңғы кездерде отбасылық командалық жарыстар (мысалы, «Папам, мамам және мен») кең өріс алуда. Мұндай жарыстардың программасы жүгіру, турникке тартылу, граната лақтыру және эстафета сияқты қарапайым жаттығулардан тұрады.

Қазіргі кезде көңілді старттар бала өмірінде, тәрбиелеуде үлкен орын алады. Бұл баланың әр қырынан дамытқан, тәрбиелеу процессінің бастапқы шараларының бірі болғаны сөзсіз.