«Қызыл телпек» ертегісі
Мақсаты:
— ертегі кейіпкерлері туралы білімдерін кеңейту;
— ойлау, қайта жаңғыртып еске түсіру арқылы қиялдай білуге үйрету;
— ертегілер арқылы балаларды адамгершілікке, мейірімділікке және адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;
— қиялдау, мәнерлеп сөйлеуге баулу, шығармашылық қабілетін дамыту.
Көрнекілігі:
Ертегі кейіпкерлерінің суреттері, орман суреттері, «Қуыршақтар сөйлейді» атты кітаптар көрмесі.
Өту барысы:
Құрметті «Ертегілер еліне» қонаққа келген оқушылар, ұстаздар .
Бүгін «Бақытты бала» жобасы аясында өткелі отырған «Ертегілер елінде» атты біздің қуыршақтар театрына қош келдіңіздер!
Бүгін сіздер өздеріңіздің жақсы көретін ертегілеріңізді тамашалайтын боласыздар.
— Балалар бүгін бізге қонақтар келіпті. Қашанда қонағын сыйлайтын халықпыз. Сондықтан бірінші қонақтарымызбен жақсылап амандасып алайық.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Баршаңызға құрметпен
Бас иеміз біз.
— Балалар бүгін көңіл — күйлерің қалай?
— Жақсы болса, бәріміз қосылып
«Ертегілер әлемі» әнін айта жүріп ортаға билейік.
Балалар мен сіздерге бірнеше сұрақтар қояйын:
— Балалар, ертегілер әлемін қандай деп ойлайсыңдар?
— Ертегілер елінде кімдер тұрады?
— Қандай жағымды жағымсыз кейіпкерлерді білесіңдер?
— Ертегілер бізді неге үйретеді?
Сергіту сәті:
Қуыршақ театрынан «Бауырсақ» ертегісін тамашалайық.
— Ертегі сендерге ұнады ма?
— Біз тамашалаған ертегі қалай аталады?
— Ертегідегі қай кейіпкер ұнады?
Түлкі, қоян, аю? Бұлар қандай?
Қасқыр қандай кейіпкер? Ол не істеді?
Олай болса келесі ертегімізді тамашалаңыздар. «Қызыл телпек» ертегісі.
Ал бұл ертегідегі кейіпкерлер туралы да айтайық.
— Ертегілер елі сендерге ұнады ма?