Ұстаздар ұлы тұлға

Тақырыбы: «Ұстаздар ұлы тұлға»

 

Мерекелік кештің мақсаты балалардың білім нәрімен сусындатып, бүгінгі өмір талабына сай ұлттық тұлға қалыптастырушы, ата-ананы, үлкенді сыйлай білуге тәрбиелейтін мұғалім еңбегін сыйлап, қадірлей білуге үйрету болды.

 

Құрметті ата-аналар, аяулы ұстаздар!

Бүгін біздің «Ұстаздар ұлы тұлға!» атты мерекелік шарамызға қош келдіңіздер.

Армысыздар ардақты ұстаздар!

Баршамыздың сауатымызды ашып,

Білім нәрімен сусындатып, өмірге қанат қақтырған ұлағатты

ұстаздар мерекелеріңіз құтты болсын!

Енді құттықтау сөз осы біздің балабақшамыздың әдіскері Гулназ Дикартқызына беріледі.

 

Құтты болсын ұстаздарым мерекең,

Артсын сенің абыройың, берекең.

Осы күні ұлы тойды тойлайық,

Қуанышты ұзақ болсын мерекең!- дей отырып,

Осы бүгінгі ұстаздар күніне «Гүлдер» тобының бүлдіршіндері өз өнерлерін ұсынады.

 

Ән:  «Арйайдай»  орындайтын  саз жетекшісі.

 

Енді бүлдіршіндеріміз тақпақтарын айтады.

 

Ранида: Ән салғызып билетіп,

Ылғи бізбен жүреді.

Тақпақтыда үйретіп,

Ойнатады, күледі.

 

 

Аманай: Қызық-қызық ертектер,

Біздерге оқып береді.

Жылауықта, тентекте.

Сол апайға көнеді.

 

Әсет:   Келген кезде бақшаға,

Думандаттық бәріміз.

Қуанышқа толы ғой,

Біздің сәби шағымыз.

 

 

 

Айбек: Біз бақшаға келеміз,

Біз бақытты баламыз.

Тәрбиеші апайдың,

Айтқан тілін аламыз.

 

 

Жүргізуші: Асыға сәлем жолдап біз,

Бірге өсіп ен жайлаған ұл мен қыз.

Тәтті күй асқақ ән мен әсем биді,

Сіздерге тарту етіп ұсынамыз-дей келе алдарыңызда балабақшамыздың мың бұралған бишілерін ортаға шақырамыз.

Би: «Жылқышы»

 

Жүргізуші: Сыйлар бәрін еліңіз.

Сізге жырда, тілекте,

Шыңға өрлей беріңіз

Білім сеуіп жүрекке

Домбырасын қағып қап

Төгілдірер нелер сөз,

Шабыты асқақ шарықтап

Ортаға шықсын өнерпаз.

Ән: «Бала тілегі» орындайтын Набиолла Жанэль

 

Жүргізуші: Ақыл қосып ойыңа,

Талпындырар асыл шын.

Мұғалімдер тойына,

әннен шашу шашылсын-дей отыра

Ән: «Құтты болсын мерекең» ұстазым туралы ән сіздерге арналады аяулы ұстаздар қабыл алыңыздар.

 

Жүргізуші: Ұстаздар ұлттың тірегі.

Ұстаздар-мектеп жүрегі.

Ұрпаққа жетер ұстазбен.

Халықтың ұлы тілегі-дей келе отырып бүлдіршіндердің тақпақтарын жолдайды.

 

 

 

Жүргізуші: Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,

Көңілді күндер тусын алдан әлі.

Ән-шашу, әсем әуен, түрлі өнер,

Бүгінгі күн сіздерге арналады.

Ал енді осы мереке иелерінің құрметіне өнерлі балалардың өнерін тамашалайық.

Би: «Өзбек»

 

Жүргізуші: Ұқсаттың да сіз бізді балаңызға,

Ұқсатып ек біз сізді анамызға.

Жақын тарттық біртіндеп бауыр бастық,

Жүргеніңді ұнатып арамызда.

Бар баланың сенгені өздеріңіз,

Сол сенімді ақтаумен өрледіңіз.

Құтты болсын ұстаздар мерекеңіз,

Жана берсін жасампаз еңбегіміз.

Жана берсін еңбегің,жана берсін,

Мерейіңе шәкірттер қана берсін.

Айнала балалар мен гүлге толып,

Мейрамыңыз зор бақыт ала келсін

 

Көңілдің ақ тілегін көл етеміз,

Тілектермен нығайсын мерекеңіз.

Баршаңызға жолдаймыз аппақ алғыс,

Осымен аяқталды мерекеміз.

 

Құрметті ата-аналар, аяулы ұстаздар.

«Ұстаздар –ұлы тұлғалар» атты шарамыз аяқталды. Сау болыңыздар.