Анам анам Жан анам

«Анам анам Жан анам»

 

     Жүргізуші: Құрметті ата-аналар сіздерді бүгінгі  8-наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

 

Арнадық біз жырымызды Аналарға,

Аналардан артық бізге адам бар ма?

Түн ұйқысын төрт бөлген бөбегі үшін,

Бұл белгілі әр балаға сана барда.

 

Ән: «Әке Ана»

Орындайтын: Қанатқызы  Інжу Тастыбай Әлижан

 

Жүргізуші: Енді  балалардың аналарға деген ыстық лебіздерін тыңдаңыздар.

 

Көктем, көктем, көктемде           Әлижан

Құстар келіп жеткенде,

Қуанып бір қаламыз,

Әнмен қарсы аламыз.

 

Ананың біз гүліміз,            Қайсар

Ана біздің күніміз.

Ұландарды қуантып,

Аман есен жүріңіз.

 

Құлпырған гүлдей,           Ибадулла

Көктемгі күндей.

Жылылық маған,

Төгесін үзбей.

Рахмет саған Анашым!

 

Жыршы құстар көп келді,      Ақжан

Гүлдер жапты бөктерді.

Кел, балалар әнменен,

Қарсы алайық көктемді.

 

Для тебя сегодня мама,             Давид

Мы танцуем и поем.

И сердечно поздравляем,

С женским днем,

Весенним днем.

 

Құшағына кіргенде,            Берік

Жылынамын бір демде.

Не жетеді көзіңе,

Мейірімді күнненде.

 

Ән:  «Көктем»

 

Тіл қатасын бал тілмен,              Марғұлан

Шаттанамын әр күн мен.

Құттықтаймын анашым,

Сегізінші наурызбен.

 

Бүгін наурыздың сегізі,            Мардан

Сұлулықтың негізі.

Әдемі сөз адамның,

Анаға айтар лебізі.

 

Ана өмір шырағы,                     Ерасыл

Ана өмір бұлағы.

Бесігінде жыр әні,

Жүрегімде тұрады.

 

Менің әжем, бұл әжем               Ғазали

Айтқан сөзі дәл әжем.

Аманболса көреді,

Қызығымды әлі әжем.

 

 

Ән:  «Естен кетпей қойдыбір қыз»

Орындайтын: Жанайдар Марғұлан

 

 

Би: «Қыздар мен жігіттер» биі

 

Ән: «Ана»

 

Қойылым: «Үш ана»

 

Менің әжем, бұл әжем,

Айтқан сөзі дәл әжем.

Аманболса көреді,

Қызығымды әлі әжем.

 

Құртпен майын жинаған,

Балаларға сыйлаған.

Бұл әжемнің өмірі,

Таусылмайтын жыр маған.

 

В день весенний солнечный,

Маму поздравляем.

В жизне  долгой радостной,

От души желаем.

 

 

Ән: «Менің әжем»

 

Би: «Түрік биі»

 

Ойын: «Анама гүл»

 

Жүргізуші:

Сүйкімді ғой балалар
Өнерлі ғой баршасы
Міне, осындай қойылым
Көрсетті «Тараз» бақшасы.
Құрметті аналар мен әжелер! Сіздерді «Айгөлек » тобының бүлдіршіндері атынан шын жүректен құттықтаймыз. Аяулы аналарымыз, ардақты әжелеріміз, сүйкімді балаларымыз әрқашан аман болсын!