Наурыз сценарий

Тәрбиеші: Армысыздар ата-аналар, ұстаздар, қонақтар! Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын!
Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата-бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойы мерекесі құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты болсын, тілектеріңіз қабыл болсын!

Олай болса, балалар  амандасып  алайык

 

-Армысыздар!

Ұлыс оң  болсың!

Ақ мол болсын!

Қайда  барсаң  жол  болсын!

 

« Күн  мен  түн » Көрінісі

Күн: Серікбаева Көркем, Түн: Құдайберген  Бекарыс

 

Күн: Сәулесі  мол  күнмін.

Түн: жұлдызы  көп  түнмін

Бірге: бірдей  болып  біздер,

Теңелеміз  бүгін.

Түн: ал ертең күн  ұзақ.

Күн: түн  қысқарар  бірақ.

Бірге: ұйқы  қанбай  қалып,

Жүрмендер  тек  шырақ. (Екеуі  құшақтасып көріседі).

 

Тәрбиеші: Күн мен  Түн  теңелді,

Жер  шуаққа  кеңелді.

Қуанышт  ел  енді.

Наурыз  келді  салтымыз,

«Көгерсін» деп  халқымыз,

Көшеге  тал  егеміз

 

Балалар, біз  бүгін  Наурыз атаның  ауылына  қонаққа  барамыз, Наурыз  атаға  жаттаған  тақпақтарымызды  айтып  береміз. Ал олай болса   бәріміз менің  артымнан еріндер.

 

 

Бірінші  аялдама: «Ұлттық  ойындар»  ауылы

Балалр сендер  ұлттық  ойындарды  білесіңдерме? Олай болса  ауылдың  тұрғындарынан  сұрап  блейік. ауылдың  тұрғындары  ұлттық  ойындар  жөніңде  толық  мағлұмат  беріп (слайд) балаларға  «Арқан тартыс» ойының  ойнатады.

Ал балалар ойын  ойнап  бір  сергіп  қалдық. Арықарай  Наурыз  атаның ауылына барайық.

Ауылдың  тұрғындары: Бекбергенқызы  Айша мен Құдайберген Бекарыстың ата-анасы

 

Екінші  аялдама: Салт-дәстүр ауылы.

Тәрбиеші: Балалар қарандаршы  Салт-дәстүр ауылына  келіп  қалппыз. Саламатсыздар ма ауыл  тұрғындары біз  Наурыз  атаның  ауылына  бара  жатыр едік  бізге  жол  көрсетесіздер ме?

Ауыл тұрғындары: саламатпыз. Салт-дәстүр  ауылы балалар сендер Қазатын  салт-дәстүрлерін  білесіндер ме? (слайд) Халықтың  салттары  көп. Балалар  шыр  етіп  дүниеге  келген  күннен еңкейіп  қарт  болған шағына  дейін  тойлар  тойланып, салттар  сақталады. Ол  салттарға  бала  дүниеге  келгенде азан  шақырып ат  ояды, бесік  тойын  жасайды,  тұсау  кессер, сүндет  той т.б көптеген салттар  жатады.  (ауыл  тұрғындары: Болат Айкоркем мен Нағашыбай Інкәрдің  ата-анасы) балаларға «Тұсау кесу» дәстүрін көрсетеді.

Жақсы  балалар біздер  халқымызыдң  салт- дәстүрімен танысты.

 

Үшінші  аялдама: Ұлттық  киімдер  ауылы.

Тәрбиеші: Ой  балалар  қарандаршы  біз халқымызыдң  ұлттық  киімдер  ауылына да  келіп  қалыппыз қане  балалар  ауылдың  тұрғындарынан ұлттық  киімдер  жөңінде де  біліп  алайықшы. Саламатсыз ба?  Сіздер  Наурыз  атаны көрмедіңіздер ме?

балалар Наурыз  ата  жана ғана  біздің  ауылдан   келесі ауылға  жүріп  кетті. Балалр  біз  сендерді  халқымызыдң  Ұлттық  киім кешектер мен  әшекейлерді таныстырайық. (слайд) балаларға  ою өрнектен  жасалған  алқа  сыйлайды.

Ауыл  тұрғындары: Түлкібай Айару мен Салижан Абдулахтын  ата-анасы.

Қара  жорға  биі: топ  болып

 

Төртінші аялдама: Ұлттық  тағамдар  ауылының

Тәрбиеші: Ой балалар  Наурыз  ата қай  ауылда  жүр  екен? Кеттік  арықарай. Саламатсыздар ма? Біз  наурыз  атаны  іздеп  жүр  едік сіздер  көрмедіңіздер ме?

Балалар  керемет  иіс  мұрынды  жарып  барады, бұл  не  болды  екен?

Ұлттық  тағамдар  ауылының  тұрғындары: Қарақтарым, бұл – ұлыстың  ұлы  күнінде пісірілетін Наурыз  көженің  иісі  ғой. Наурыз  көже  жеті  түрлі  тағамнаң жасалады. Оның  мәні  жаңа жылға  тойымдылық, молшылық, мәні де , дәмі де  татымды өмір  болсын  деген  ырымды білдіреді. Наурыз  көже  піскең  соң бәріңізде ауыз  тиесіздер. Жалғыз  ұлттық  тағамымыз  Наурыз  көже  емес  мысалы: құрт,бауырсақ, казы-қарта  т.б

Ұлттық  тағамдар  ауылының тұрғындары :Сағынай  Айзере мен Серікбаева Көркемнің

 

Тәрбиеші:  балалар  қарандаршы  Наурыз  атада  осы  ауылда  екен  саламатысз ба  Наурыз  ата,  біз  сізге  Наурыз  тойына жаттаған  тақпақтарымызды  айтып  берейкші  деп  манадан  бері  іздеп  жүрміз. Ал  балалар  Наурыз  атаға  тақпақтарымызды  айтып  берейік.

(балалар  тақпақтарын  айтып  береді).

Наурыз  ата амансыңдар балаларым! Наурыз  мерекесі  құтты  болсың! Қане  қолдарыңды  жайындар  Ұлыстың  ұлы  күні  мен  сендерге  батамды  берейін.

 

Бата

Ниеттерін  ақ  болсын

Наурыздың  аппақ  қарындай.

Бастарына  бақ  қонсын

Шаштарынның санындай.

Ұлыс оң  болсы,

Ақ  мол  болсын,

Қайда барсаң  жол  болсың!

Ұлыс  бақты  болсың,

Төрт  түлік  ақты  болсың,

Ұлыс  береке  берсің,

Бәле-жала  жерге  еңсін.

Әумин!